Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз!

Мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз!

1. Жер бетін басып жүрген адам әлі де талай істер жасап үлгереді

Денсаулығыңыз бен басыңызда еркіндігіңізді пайдаланып, табысты нәтижелерге жетпейінше еңбектене біліңіз.

2. Шындыққа тура қараңыз

Кез келген нәрсені бірден меңгеріп кету өте қиын. Мінсіз орындау үшін уақыт қажет. Және осы уақыт ішінде бір емес бірнеше қателіктер жібересіз. Сол қателіктерді әрдайым түзетіп отырудың нәтижесінде ғана қалаған мақсатыңызға жетесіз.

3. Сіз мықтысыз

Сіз өзіңіз ойлағаннан да әлдеқайда мықтысыз. Және жолыңызда кездескен майда кедергілер сізді тоқтата алмайды. Бұл үшін 10, 100, тіпті, 1000 сәтсіздіктердің өзі жеткіліксіз.


4. Өзіңізді көрсете біліңіз

Өзгелер секілді атақты болғым келмейді деп өзіңіздің жеңілгендігіңізді мойындайсыз. Бойыңыздағы сан алуан қасиеттерді өзіңізге де, өзгеге де көрсете біліңіз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға түбінде жетеріңіз анық.

5. Бұны бұрын-соңды біреу жасап көрді ме?

Бұны өзге біреу жасай алған болса, сіздің де қолыңыздан келеді. Тіпті, оған жеткен бір ғана адам болса да. Бұл орынды себептердің бірі.

6. Армандарыңызға сеніңіз

Өзіңізді жарты жолда қалдырып кетуден сақтаныңыз. Өмірде «Сен айға ұмтыласың, қол жетпес дүниені аңсайсың» деп айтушылар көп болады. Өзгелердің жетегінде кетіп, армандарыңыздан бас тартуға жол бермеңіз.


7. Отбасыңыз бен достарыңыз

Өзіңізге жаныңызға жақын адамдардың көмектесуіне рұқсат беріңіз. Мақсатқа жету жолында көп уақыт жұмсасаңыз да, тырысып көріңіз.

8. Сізбен салыстырғанда жаман жағдайда жүрген адамдар бар

Дәл қазір сізбен салыстырғанда жаман жағдайда жүрген адамдар өте көп. 5 километр жүгіруден бас тартқыңыз келе ме? Күніне 5 километр емес, 5 метрді аттап баса алмайтын адамдар туралы ойлаңыз. Сіздің қолыңызда мүмкіндік зор.  

9. Әлемді жақсартыңыз

Өзіңізге ғана тиесілі жетістікке жету арқылы өмірді, сол өмірдегі қатыгез адамдарды өзгерте аласыз.


10. Сіз бақытты болуға лайықсыз

Өзіңізге «қарсы сөз» айтқызбаңыз. Сіз бақытты болуға, табысты болуға лайықсыз. Осы бағыттан тайсалмаңыз.

11. Өзгелерге шабыт сыйлаңыз

Өмірге деген құлшынысыңыз арқылы өзгелерге шабыт сыйлаңыз. Сізге қарап қаншама адамның бой түзейтінін білесіз бе? Олар сізді сыйлап, ізіңізді басып келе жатқан бауырларыңыз болуы мүмкін.

12. Сіз мақсатыңызға жетуге аз қалдыңыз

Жеңілдім деп қолыңызды сермеген сәтте, мақсатыңызға жетуге аз қалғандығыңызды, алдыңызда алапат өзгерістердің күтіп тұрғанын біліңіз. Кез келген уақытта табысқа бір қадам болсын жақын тұрғандай сезіне біліңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: osp.ru

Қ. Бүйенбай