Ойландырған оқиғалар

Ойландырған оқиғалар
Фото: pixabay.com

Назарларыңызға мәнді де мағыналы өмір оқиғаларын ұсынамыз:

* * *

Бүгін әкем үйге бір шоқ гүлмен келді. Қолында анама арнап бір құшақ гүлі. "Ненің құрметіне?" деп сұрап едім, ол бүгін жұмысында бір топ әріптесінің үйлеріндегі бала-шағаларына, әйелдеріне кінә артқанын, ал өзінің оларға қосылмай, осында келіп тұрғанын айтты. 

* * *

Бүгін атамнан кеңес сұрай барған едім, қыз-келіншек турасында маған былай деді: "Шынын айтсам, сенің әжеңмен танысар шақта өзіме лайықты жар іздеп, өзім көп күмәнге беріліп, көңіл қалып жүрген кез еді. Күндердің бір күні жай ғана қажетті жан болуға тырыстым, сонда барып сенің әжең бір күні жаныма келді: "Сәлем".

* * *

Бірнеше жыл бұрын сауда дүкенінің есігін егде тартқан бір әйел кісіге ұстап тұрдым. Сонда ол маған алғысын айтып жатып, маған бұйырған қыздың жолы болатынын айтқан болатын. Бүгін күндіз келіншегіммен сауда дүкеніне барғанда сол кісіні жолықтырдым. Бізге есік ұстап тұрды: "Не деп айтып едім". 

* * *

Бүгін анам екеуміз бір уақытта бірдей фильмді көруге отырдық. Арамызды мыңдаған шақырым бөліп жатты. Оны қатты сағыныппын, сол сәтте екеуміз бір диванда, бір-бірімізге бас сүйеп, жылынып отырғандай күй кештік.  

* * *

Қызымның жасы 28-де болатын... Сол күні оны өрт сөндірушісі отқа оранған ғимараттан алып шықты. Нәтижесінде тізесі жараланып, дәрігерлер оны ешқашан дұрыс жүре алмайды деді. Бүгін ол таянышын тастап, қызым екеуі сыртқа шығып кетті. Қызыма сол сәтте одан артық күйеуді тілемедім. 

* * *

Бүгін мен бір жарым жылда бірінші рет ең жақсы досыма қоңырау шалдым. Қиын сәтте қолдай алмағаным үшін, тағысын тағы себептерге кешірім сұрадым. Оның маған айтқаны: "Сенің хабарласатыныңды білгенмін... Үйге кел..."

* * *

Мен бүгінде үнемі қалтасында ақша болмайтын, сонысы үшін өзін бейшара сезінетін бақытсыз студентпін. Бірақ, әкемнен хат келген күні, онда мені қалай қатты жақсы көретіндігі, сағынатындығы туралы жазғанда, сол сәтте өзімді Жер бетіндегі ең бай адам сезінемін...

* * *

Ата-анам бұл соған дейін есірткі тасымалымен айналысып келген. Өздері де сол қатарда болыпты. Бірақ, осыдан 17 жыл бұрын, анам мені көтеріп жүргенін білгенде, барлығы қатты өзгеріп сала беріпті...

* * *

Бүгін апам жан тапсырды. Отбасымызды біріктіріп тұрған күш сол болатын. Қазасына көп кісі жиналды. Көпшілігі оны қатты жақсы көріпті, соңғы деміне дейін қасында болған біздерге рақмет айтып жатты...

* * *

Екі жыл бұрын шешемізге белгісіз сотқарлар шабуыл жасап, бетіне тыртық қалдырып кетіп еді. Сол күннен бастап інім екеуміз қай жерде болмасын оған телефон шалып, оның әлемдегі ең сұлу жан екенін айтып тұрамыз.

* * *

Бүгін үйсіз-күйсіздерге арнап ас даярлап, бірқатарын көшеде таратып бердік. Бір бейтаныс мен ұсынған бутербродтан бас тартты (ол соңғысы болатын), оны қатты толғандырғаны, әлгі бутербродтты артында тұрған бір кісіге беруімді сұрады: "Оның туған күні. Оған жасай алған бар сыйлығым осы болды" - дейді. Әлгі бейтаныстың қуаныштан көз жасын көрсеңіз?!  Ұсақ-түйекті бағалай алмайтын жандар да бар ғой арамызда...

* * *

Бүгін қолына екі ит жетектеген, екі иті де ақсап бара жатқан әйелді көрдім. Біреуінің аяғы жоқ, ал екіншісінің сап-сау бола тұра неге бұлай ақсап бара жатқанын түсінбедім. Сосын барып сұрап едім, ол маған қарап тұрды да, бірінің екіншісін қорғаймын деп аяқтан айырылғанын, ал екіншісінің оған алғыс ретінде ақсап жүргенін айтты...

* * * 

Бүгін бес айлық қызыммен ойнап жатып, өтірік ұйықтап жатқан сыңай таныттым. Аяғыма көрпе жауып, арқамнан қағып, бетімнен жай деммен сүйіп жатыр. Күнде оны жатқызарда осылай жасаушы едім.

* * *

Бүгін сіз... Ертең не істемекшісіз?..

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Л. Лига