Ақшаңызды жоғалтып алсаңыз...

Ақшаңызды жоғалтып алсаңыз...

Күнделікті күйбең тірлікте ақша жоғалтып, әбігерге түсіп жататын сәттер кез келген адамның басынан өтіп жататыны шындық. Әсіресе осы  бір көк қағаз алдыңғы  орынға шыққан мына аждаһадай зұлым заманда ақшасы жоғалаған жандар әлемде  бәрін ұмытып, ақыр заман келгендей  шыр-пыр болып, өз-өзіне келе алмай жатады. Өйткені ақша - бір адамдардың өмірлік мақсаты. Мұндайда ең алдымен ақша - өмірлік мақсат емес, жай ғана ойлағаныңа жетуің үшін қажетті қор екенін түсініп алу қажет.                                        

Ақша кез келген жерде, кез келген уақытта жоғалады, мұны сақтандырып қойған ешкім жоқ. Ақша жоғалтқан адам туралы  «ұқыпсыз», «есалаң» деген пікірде болудың да қажеті жоқ, өйткені оны ең жинақы, салмақты, ұқыпты, сақ жүретіндер де жоғалтып алады. Көп жағдайда мұның себептері: ұрылардың тонап кетуі (автобуста, көшеде, жиындарда, қонақта және т.б), ұмытшақтық немесе қызбалықпен қымбат зат алып қою. Дегенмен бәрінің нәтижесі бір - сіз көк тиынсыз қалдыңыз...

Сонымен, ақшаңыз жоғалып қалса:

  • Біріншіден, күйіп-пісудің қажеті жоқ: мұндай кезде есеңгіреу ақша жоғалғаннан да ауыр жағдайға алып келуі мүмкін. Сабыр сақтаңыз, бұған дейін ақшаны қалай тапсаңыз, осы жолы да оның жолын табасыз. Бастысы басыңыздың амандығы емес пе?
  • Екіншіден, психолог мамандар дәл осы жағдайда онға дейін санап (жаныңыздың тынышталуына көмектесетін көрінеді), болған жәйтті ой елегінен бір өткізіп алуға кеңес береді. Кез келген тіпті бір қарағанда амалы жоқ болып көрінетін жағдайдан да жол тауып шығуға болады.
  • Үшіншіден, қанша қайғырсаңыз да, ештеңені өзгерте алмайсыз, өткенді қайтара алмайсыз, ең дұрысы артқа бұрылмастан болашаққа жылжу.

Дәл осындай жағымсыз жәйттің келесіде орын алмауы өзіңіздің құзырыңызда екенін ұмытпаңыз... 

Сурет:blogs.mail.ru.