Қыс мезгілін не үшін жақсы көреміз?

Қыс мезгілін не үшін жақсы көреміз?

Қыс мезгілін көпшілік жақсы көреді. Балалар қардан аққала жасаса, үлкендер табиғаттың таңғажайып көрінісін тамашалайды. Жануарлар ұйқыға кетіп, Жер-Ана ақ көрпесін жамылады. Бұл мезгілді шокалад қосылған ыстық шәй ішіп, өзгеше өткізуге болады. Ал екінші топтағы сәнқой адамдар оны ұната бермейді. Бұл логикалық тұрғыдан әбден дұрыс. Адамдардың бетін үсік шалып, қалың киімдер киіп жүруге мәжбүрлейді. Бүгін қыс мезгілін осындай қолайсыздықтарына қарамастан, жақсы көріп кетуге көмектесетін 10 себепті ұсынамыз:

1. Біріншіден, алдымызда Тәуелсіздігіміздің жариялануы, Жаңа жыл секілді мерекелер келе жатыр. Біріншісі бүкіл халқымызға ортақ қуаныш болса, екіншісін жер бетіндегі мемлекеттердің көпшілігі атап өтеді. Сән салондарында, спорт залдарда жарты жылға арналған жеңілдіктер беріледі.

2. Спортты жақсы көрмейсіз бе? Онда Жаңа жыл мерекесіне арнап үйдің ішін безендіріңіз. Осы мереке мен шырша безендіруді жақсы көретін балалардың арқасында үйдің іші таңғажайып ертегіге айналады. Туғандарыңызбен ертегілер әлеміне еніп, алдағы келе жатқан жылды жаңа парақшадан бастаңыз.

3. Шырша безендіруді ұнатпайсыз ба? Есесіне бұл мезгілде угги етіктерін киюіңізге болады. Немесе Хайден Панетьерри секілді уггиді жаз мезгілінде кию үшін бойыңызға күш пен жігер жинаңыз.

4. Угги аяқ киімін ұнатпайсыз ба? Қыстың тағы бір пайдасы аң терісінен тігілген сырт киімдерді киюге мүмкіндік береді. Бұл салтанат пен жарқырап жүруді ұнататын жандар үшін.

5. Жануарларды қорғайтын ұйымның мүшесісіз бе? Олай болса, бұл мезгілді өкшелі аяқ киімдерді киюге мүмкіндік бермейтін тайғанақ мұздары үшін жақсы көріңіз. Бұл күндері аяқтарыңыз аз күн болса да демалады.

6. Қыстың тайғанақ мұзына қарамастан өкшелі аяқ киім кигенді ұнатасыз ба? Онда айналадағылардың еріксіз күлдіретін бас киімдеріне мән беріңіз. Шындығын да, олар бір-бірінен мүлдем өзгеше. Мұнымен қатар, бұл мезгілде шаңғы теуіп, жас балаларды шанамен ойнатуға болады.

9. Шаңғы тебе алмайсыз ба? Бұл жағдайда ақ қағаздан қардың сұлбасын жасап көріңіз. Оны үйдегі бауырларыңызға немесе балаларыңызбен бірге отырып жасау арқылы оларды аз болсын шығармашылыққа бейімдейсіз.

10. Бұл мезгілде 2 ай бойы келесі маусымның киімдерін жеңілдікпен сатып алуға болады. Оларды кию үшін 3 ай күтетініңіз болмаса, өте арзан бағада сатып аласыз.

Ал сіз қыс мезгілін не үшін жақсы көресіз? 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай