Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Виртуалды достарыңызды қаншалықты танисыз?

Виртуалды достарыңызды қаншалықты танисыз?

Виртуалды достарыңызды қаншалықты танисыз?

Кезекті материалымызды виртуалды өмірдің құпияларына арнаймыз. Жасы да, кәрісі де алмасатын электронды хаттарды ХХІ ғасырдың жетістігі деп айтсақ болады. Сол хаттарды жіберетін адамдарды жақсы танысақ, кейде мүлдем білмей жатамыз. Экранның ар жағында отырған бейтаныс адамның мінезін анықтау қиынға соғады. Оны анықтау үшін виртуалды қарым-қатынастың жетістіктері мен кемшіліктерін бірге талдайық.

Әлеуметтік желілердегі, танысу сайттарындағы, форумдар мен чаттардағы виртуалды достықты құптайтын адамдар көп кездеседі. Алайда оны даттаушылар да жоқ емес. Аталған екі жақтың да сенуге тұрарлық дәлелдері бар.

Экранның ар жағындағы адамды көзбен көріп білмесек те, оны келбеті мен мінезін ойша құрастыра бастаймыз. Ұшқыр қиялдың арқасында мінсіз адам жасап, бетпе-бет кездескенде қателескенімізді түсінетін сәттер болады. Алайда, виртуалды өмірдің артықшылықтары да жоқ емес. Бейтаныс адаммен жүргізіп отырған вербалды қарым-қатынаста кейбір адамдар қысылып, қымтырылмайды. Өзін барынша еркін ұстайды. Таныс адамдар жақсы білетін кемшіліктерді жасырудың да қажеті жоқ. Екіншіден, электронды хат жазысу арқылы ешкімге айтпаған сырларды еркін айтуға болады.

Интернет қолданушылары бейтаныс достарымен кездесіп, аз уақыт өткен соң бауыр басып кеткендерін айтады. Артынша бауырмалдық махаббатқа ұласып, үйленгендер де болған. Бауыр басу құбылысы электронды хат алмасу барысында басталады.

Виртуалды досыңыздың шынайы келбетін анықтаңыз!

Жазу техникасы мен ойының салмақтылығына қарап виртуалды досыңыздың шынайы болмысын тануға болады.


Мінезін анықтауға көмектесетін басты қағидаттар:

- смайлдардың жоқтығы – виртуалы досыңыздың тым байсалдылығын білдіреді.

- хаттың тұтастай кіші әріппен жазылуы – кемшіліктерінің көптігі, шамадан тыс жасқаншақтық, аздаған көреалмаушылық қасиетінің бар екенін танытады.

- тұтастай үлкен әріптермен жазылған хаттар – өзіне деген сенімді, кейде көрініс табатын дөрекі мінезін немесе шамадан тыс ұялшақтығын көрсетеді. 

- сөйлемнің басын кіші әріппен бастауы – белгілі бір жұмыспен айналысып отырғандығын немесе жалқаулығын, сізбен хат алмасуға бей-жай қарайтындығын айқындайды.

- тыныс белгілерінің болмауы – алдыңғы қағидатпен ұқсас немесе сауатының төмендігінен болуы мүмкін.

- тыныс белгілерін өте көп пайдалану – виртуалды досыңыз тым эмоцианалды.

- сөз арасында ашық жердің жоқтығы – бұлай жазатын досыңыз барынша салмақты, алайда өзі ғана түсінетін әлемде өмір сүретін жан болуы мүмкін.

Енді ойының салмақтылығына тоқталайық. Досыңыз қысқа да нұсқа жауап қайтарып, дәл солай сұрақ қойып жатса, таң қалмаңыз. Ол - заманның талабына сай уақыт үнемдегені. Ал егер ұнатқан адамыңыз «иә», «жоқ», «білмеймін» деген секілді жауаптар қайтарса, оның сізді ұнатпайтындығы. Сіздің жағдайыңызды бұрынғыдай сұрамайтын болса, сіз оны қызықтырмайсыз. Яғни, бұл адам жақын арада өміріңізден жоғалып кетуі мүмкін.


Қауіпті жағдайлар

Әлеуметтік желілерде жақсы қасиеті мол адамдардың отыратынына қарамастан, арасында алаяқтар да бар. Кімге жолығатындығы әркімнің ниетіне байланысты болса керек. Қоғамға қауіп төндіретін адамдар жұлдыздар мен атақты адамдардың атынан парақшалар ашып алуы мүмкін. Бұндайда сақ болыңыз!

Виртуалды досыңыздың кенеттен ұзақ хаттар жазып, өлең шығарып, гүлдер жібергеніне алданып қалмаңыз. Анықтау үшін виртуалды досыңыздың фотосын Гуглға салып, веб ресурстардан мекенжайын анықтаңыз. Анықталған мекенжайды анкетасында жазылғанымен салыстырып көріңіз.

Өзгелердің суретімен ойнап жүрген кім?

Олар әдетте жас жеткіншектер, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер немесе жұмыссыз жатқан бос адамдар болуы мүмкін.

Ал сіз виртуалды достарыңызды қанша пайыз танимын деп ойлайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: akak.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 22 қараша 2013, 18:56
Пікірлер
+0
22 қараша 2013, 18:40

Экранның ар жағында адам басқа болады, ол рас!

+0
22 қараша 2013, 18:45

Әрине танимын, өйткені барлығы дерлік достарым мен туыстарым ғой! : ) ☺ :D

+0
22 қараша 2013, 19:16

суретке сене бермейм, бірулер суретте әдеміііі болат өмірде басқа, кейде керісінше :roll:

+0
22 қараша 2013, 19:27

мен достарымның көбін танимын

+0
22 қараша 2013, 20:06

Массагет арқылы қаншама жақсы вируалды достар таптым. Бірақ, олардың бәріне сене берудің қажеті жоқтығын, кейбіреулерінің екіжүзді болатынын да білдім :?

+0
22 қараша 2013, 20:38

виртуалды әлемде танысқан достарыммен қазір реалда да доспыз.Әсіресе Массагеттіктермен :) :)

+0
22 қараша 2013, 21:31

көбін өмірде танимын, араласамын, сөйлесемін

+0
22 қараша 2013, 21:41

көбін танимын, мүлде танымайтын адамдарды қоспаймын) тыныс белгілер мен смайлдарды көп қолданамын, эмоционалды екем...

+0
23 қараша 2013, 01:50

Массагетімдегі өзім ерекше жақсы көретін адамдарым шын өмірде басқаша болуы мүмкін дегенге қимаймын. Бәрі күшті сияқты :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.