Мамандардан кеңес: "Өзгеше ойлай біліңіз!"

Мамандардан кеңес: "Өзгеше ойлай біліңіз!"

Мамандар өзгеше ойлауға кеңес береді. Бұл қасиеттің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп,қоршаған ортамен тығыз байланыс орнатуға болады.

1. Өзіңіздің эмоцияңызды басқара біліңіз. Қоршаған ортаны қабылдауымыз миымызда болып жатқан құбылыстармен тікелей байланысты. Миымыз бір сәтте мыңдаған ақпаратты өңдеп жататындықтан, оның әрқайсысын жеке бақылауда ұстай алмаймыз. Қорытындыны ең бірінші болып миымыз шығарып, өзінше баға береді. Сол бағаның арқасында сыртқы ортаға эмоциямен жауап қайтарамыз. Мұндай құнды мәліметті жоғалтпаңыз, себебі осы эмоция арқылы қарым-қатынастың таптырмас қазынасына кенелуіңіз мүмкін.
2. Үйреншікті әдеттерді ойланбастан орындаудан қорықпаңыз. Себебі сіз ол турасында ең алғашында ойлап қойғансыз. «Ұшып бара жатқан ұшақтың жанармайын тексеруге әрекет жасаудың қажеті жоқ». Бір рет жақсылап ұғып алған дүниемізді, келесіде автоматты түрде орындап отыруға болады.

3. Баламалы таңдауды да қарастырып көріңіз. Бұл тәсілді көбіне миды ойландыратын шахмат, шашкі секілді немесе құмар ойындарда пайдаланады. Көпшілік болмаса да, кейбіріміз көрген кәрістердің «Нар тәуекел» телехикаясында көрініс тауып отырады. Осы секілді ойындарда болмаса да, өмірдің бір сәтінде қарсыласыңыз сізді алдап отыр делік. Оны анықтау үшін ол мені алдап отырған жоқ деген баламалы таңдау жасау қажет. Сол кезде ми өздігінен бұл таңдауға қарсы әркеттердің қалай жүзеге асатындығын саралап береді. Соның арқасында қарсыластың сізді алдап отырғанына немесе адалдығына көз жеткізуге болады.

4. Әдеттегі таңдауыңызға күмәнмен қараңыз. Ең сүйікті шырыныңыздың жақсы тұстарын анықтап көріңіз. Яғни, ол расымен де сіздің талғамыңызға лайық па? Сол секілді иіс суға, фильмдерге, кітапқа қатысты таңдау әдеттерін саралап көріңіз. Әдетте адамдар өзіне не нәрсе керек екендігін анықтап алмай жатып, таңдаудан қателесіп жатады. Бұл жар таңдауға да байланысты. Яғни құралатын объектінің ішкі құрылымына да мән берген жөн.

5. Душтың астында көбірек тұрыңыз. Ғалымдар шешілмеген мәселенің душқа шомылып жатқанда және ұзақ серуендеп жүрген кезде келетіндігін айтады. Шешімді шығаратын мидың оң жақ бөлігі. Ал оң жақ бөлігі күйзеліс болмаған жағдайда жақсы жұмыс атқарады. 

6. Естеліктеріңізге скептикалық көзқараспен қараңыз. Яғни, күмәнмен. Есте сақтау қабілетіміздің бізді алдайтығын тағы да мамандар дәлелдеп отыр. Жүрекке жылы тиер немесе керісінше жағымсыз естеліктерді ойға алғанда ақпарат өзгеріске ұшырай бастайды. Детальдар мен сипаты өзгереді. Сіз көп ойланған сайын бұл ақпараттар жалған куәгерге айналады. Мысалы, балаңыздың туған күнін өзіңіздің 7 жасыңыздағыдай етіп өткізудің еш мәнісі болмас.
7. Мінсіз келбет пен ерекше ойлау қатар жүреді деген ойдан аулақ болыңыз. Мидың ерік пен шешім қабылдауға жауап беретін бөлігі жылдам тозатындығы анықталған. Ғалымдар тәжірибе жасаған. Бірінші адамға 7 таңбалы санды жаттатып артынша салат пен тортты ұсынған. Ол адам тортты таңдаған. Ал келесі адамға 1 ғана санды жаттауды тапсырған. Ол адам ойланбастан салатты таңдаған. Бұл жерде мәселе салаттың тортқа қарағанда пайдалы екендігін ескермеуінде. Бір уақытта бәріне үлгеру мүмкін еместігін біле жүргеніміз де жөн.
8. Қателермен жұмыс жасаңыз. Бұл – табысты адамдардың әнұраны. Олар жетістікке ұмтылар жолда әрдайым қатемен жұмыс жасап отырады. Оны түзетіп ғана қоймай, екінші рет қайталанбауын қадағалайды. Жақсы жасаған дүниелерін бұдан да жақсы жасай алар едім ғой деп сынап отырады. Аталған құбылыс бақыттың кілті болмаса да, өмірлік мәні бар. Оның жүзеге асуында ми жасушалары қай жерден қателік жібергендерін іздеп толысып отырады.

9. Әр қадамыңызды арманмен басыңыз. Яғни, жүрген сайын, тіршілік еткен сайын армандай біліңіз. Ғалымдар армандардың жаңа идеялардың тууына әсерін тигізіп, шынайы өмірде жүзеге асатындай жағдайлар жасай бастайтындығын анықтаған. Арманшыл жандар көп іс тындырады. 

10. «Ойлау туралы ойлаңыз». Әр істе дұрыс шешім қабылдап отыру үшін интеллектілік пен тәжірибеден де жоғары тұратын қасиет бар. Ол – үздіксіз ойлану. Ми ұстаның шеберханасы секілді. Ішінде түрлі құрал-саймандар бар. Бастысы алдыңызда тұрған мәселені шешу үшін лайық деген құралды таңдай білуіңіз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: unegregiousness.rssing.com. zhasorken.kz

Қ. Бүйенбай