Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өміріңіздің сапасын арттыратын 10 қағида

Өміріңіздің сапасын арттыратын 10 қағида

Өміріңіздің сапасын арттыратын 10 қағида

Өміріңізді жақсартқыңыз келе ме? Ендеше, алға! Мына 10 қағиданы ұстанған адам нағыз бақытты адам болары сөзсіз...

1. Бағалау. Өзіңіз тап болған қиындықты дұрыс бағалай біліңіз. Көбінесе біз жүрекке жақын қабылдайтын қиын сәттер сырт көзге түкке тұрғысыз, мардымсыз болып көрінеді. Болған жағдайға басқа қырынан қарап көріңіз, қайта бағалау қиындықты шешер кілт болу мүмкін.

2. Дем алу жаттығулары. Дем алу жаттығулары бірден денеңізді босаңсытып, миды оттегімен қанықтырады. Күніңіздің 15 минутын тек дұрыс дем алуға бөлсеңіз, күні бойы сергек болып жүруіңіз таңғаларлық емес. 

3. Шығындарыңызды реттеңіз. Жұмыс істеп шаршадыңыз ба? Шығындарыңызды қысқартсаңыз, осыншама көп жұмыс істеу де керек емес болар еді. 

4. Жаттығулар. Күнделікті істелінетін жаттығуларды жасау қаншалықты қиын болса да, ерінбеңіз. Алайда шымыр болу үшін күнімен тренажердің үстінде жаттығудың қажеті шамалы. Аптасына бір рет велосипед айдап, не су бассейніне шомылып қайтсаңыз болады. Физикалық жаттығулар ауыртпалық әкеліп, өзіңізге қиын болған жағдайда, еш пайда әкелмейтінін ескеріңіз.

5. Қарыздар. Мойыныңызда төленбеген қарыз болса, уайым-қайғыға салынып, соны төлеп құтылмағанша ұйқыңыз да тыныш бола алмайды емес пе? Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы - мүлдем қарызға не несиеге ақша алмау. Ақшаңыз жоқ па? Үнемдеп үйреніңіз, ойланып құртыңыз. Өз деңгейіңізге сәйкес өмір сүріңіз.

6. Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтануды еш елемейтіндердің уайымға көбірек салынатыны баяғыда дәлелденген. Тамақтануыңызды жоспарлаңыз, рационыңызға пайдалы тағам түрлерін, көкөністер, жаңғақтар мен жемістерді кіргізіңіз. Өзіңіз қажет ететін мөлшерден көп тамақтанбаңыз. Пайдалы тағамдар сізге күш беріп, асқорыту жүйесін реттейді. 

7. Қарым-қатынас. Басқалармен ортақ тіл табу - үлкен өнер. Ал бұған бірден-бір көмек - өзіңізбен, өзгелермен ұялмай, ашық, еш қорықпай тілдесе білу.

8. Қызғушылықтар. Таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін істейтін жұмысыңыз өзіңізге ұнаса да, бұл қызығушылық емес, жұмыс. Өзіңізге расында не ұнайтынын тауып,  сол іске күнделікті уақыт бөліп тұрыңыздар. 

9. Махаббат. Махаббатсыз дүние бос... Біреудің бойында ыстық сезімді оятып, өзінің де сол сезімге берілуі - Жер бетіндегі әр адамның арманы. Бұл әр уақыт адамға күш пен жігер бере алады.

10. Рухани тыныштық. Өз денеңізді ғана күтіп қоймай, рухани дүниеңізді де реттеңіз. Сеніміңізді арттырып, рухани өміріңізді байыта түсіңіз. Басқаларға үлгі болып, жақсылыққа баулыңыз.


Сурет vkontakte.ru 

3011 3
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 18:00
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 22:27

Өте қызық кеңестер, күн сайын көз алдымда, ой елегімнен өтіп жатыр, яғни орындап көрдім

+0
13 сәуір 2012, 15:34

8 және 9 пункттер қатты ұнайды. Осыны міндетті түрде істеймін :ugeek:

+0
13 сәуір 2012, 15:47

Маған дем алу жаттығулары керек)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...