Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мәңгілік жастық шақтың сыры

Мәңгілік жастық шақтың сыры

Мәңгілік жастық шақтың сыры

Мәңгілік жастық шақты барлығымыз да қалаймыз. Алайда ақ шаш, әжім, тері түсінің бұзылуына тап болу - уақыт еншісіндегі дүние. Олардан қашып құтылу мүмкін болмаса да, кеш түсуіне өз әсерімізді тигізе аламыз. Қалайша? 

1. Күйзеліс

Күйзеліске тап болған әйелдің жылдам қартаятындығын ғалымдар анықтаған. Барлық аурудың себебі жүйке жүйесінің бұзылуынан пайда болатындығы құпия емес. Ағзамыздағы хромасомалардың теломер атты қалпақшалары бар. Олардың көлемі ұзарған сайын адам жасара түседі. Уақыт өте келе жылдамдығы артып, оның үстіне күйзеліс қосылып, қартаюды жылдамдатады. Осының нақтылығын анықтау үшін ғалымдар оптимистер мен күйзеліске тап болған адамдарды қатар зерттеген. Нәтижесінде пессимистердің теломер қалпақшаларының ұзындығы қысқа болатындығы анықталған.

Кеңес:

Үнділердің «Үш ақымақ» ("Три идиота") фильміндегідей әрдайым барлығын жақсылыққа бағыттай білген дұрыс. Құшағыңызға қуанышты толтырып, бақыттың айдынына сапар шексеңіз, әжімге қарсы майлардың керегі де болмайды. «Сабыр түбі – сары алтын» ұстанымын жүзеге асыруға қиналсаңыз, су сылдырап аққан тірі жан жоқ жерге барып ойыңызды жинақтаңыз. Арнайы жүйкені тыныштандыратын шөптен жасалған шәй ішіңіз.

Тағдырдың тәлкегіне тап болсаңыз да, антидепрессанттарды қабылдауға асықпаңыз. Бұлшық еттеріңізді босатып, бетіңіздің терісін өзгертеді.

2. Ажырасу

Келесі кезекте егіз адамдарға зерттеу жүргізілген. Бір мезгілде туылған егіздердің сүйіктілерімен ажырасқандары әлдеқайда кәрі көрінген.

Кеңес:

Әрине, отбасылық өмірде барынша жылы сезімдерді сақтап қалуға тырысу керек. Ал ажырасудан басқа амалыңыз болмаса, күйзелістен аулақ болуға тырсыңыз.

3. Артық салмақ

Артық салмақ денсаулыққа зиян болса, екіншіден, адамның келбетін бұзады. Әсіресе бел айналасындағы артық майларға сақ болған жөн. Осы жердегі майлар холестериннің мөлшерін көтеріп, тамырлардың жұмысын нашарлатады. Беліңіздің өлшемі 80 сантиметрден асып кетсе, оны азайтуға барыңызды салыңыз. Бұл да қартаюдың тағы бір себебі.

Кеңес:

Диетолог маманнан кеңес алып, спортпен айналысыңыз. Дұрыс тамақтану арқылы да жасаруға болады.

4. Ультракүлгін сәулелер

Clinique компаниясының қатардағы қызметкері Дэвид Орентрек қартаюдың 90%-ы күннің әсерінен болатындығын айтқан. Күн эластозы – күн астында көп тұрғаннын пайда болатын терінің болбырлығы. Бұл, әсіресе, фермерлерде, теңізшілерде және күнге қыздырынғанды жақсы көретін сәнқой қыздарда кездеседі. Сол себепті күн астында жүргенде, соляриге барарда жақсылап ойланыңыз.

Кеңес

Күннен қорғайтын майларды жиірек қолданыңыз. Мұны тек жаз мезгілінде емес, өзге де уақыттарда қолдануыңызға болады.

5. Өмірден түңілу

Психологиялық факторлерге төтеп беруге қарағанда физиологиялық әсерлерге қарсы тұру қиын. Сол факторлардың әсерінен миымызға кері әсері бар бағдарлама орнатылады. Өміріңіздің еш мәні қалмағандығы жайында жиі ойлайтын болсаңыз, миыңыз ағзаңызға түрлі сигналдар таратады. Осыған сәйкес ағзаңыз мезгілінен ерте қартаюға бір табан жақындай түседі.

Кеңес:

Өз-өзіңізді бағалай біліңіз. Өміріңізде қолайсыз кезең болып жатса, психологиялық тренингтерге барып мотивацияңызды көтеріңіз. Өміріңіз «Жұмыс-үй-жұмыс» бағытында жүріп жатса, жағдайды жылдам өзгертуге кірісіңіз.

6. Еркін радикалдар

Адамдар ағзасының қартаюын зерттейтін профессор Кристоф Бамберг ағзамызды оттекті қорек ететін моторға теңейді. Жасушаларымызда қажетсіз қалдықтар сақталып тұрады. Олар көліктің түтін шығарғышына ұқсас. Бұлар жасушалардың қызметін нашарлататын молекулалар. Олар ультракүлгін сәулелердің, шылым шегудің, күйзелістің әсерінен пайда болып отырады және қартаюға әсерін тигізеді.

Кеңес:

Көкөністер мен жемістерді көбірек жеп, көк шәй ішіңіз.

7. Майда-шүйделер

Маңызды емес десек те, өмірімізде белгілі бір рөл атқаратын майда заттар бар. Қарапайым жастығымыз бен көрпемізді мысалға алайық. Дұрыс таңдалмаған жастық қан айналымын бұзып, терінің түсін сұр етіп көрсетеді. Үйіміз бен кеңседегі жылу мен салқындатқаштар теріні құрғатып, әжімнің түсуін жылдамдатады. Сол себепті міндетті түрде 1-2 литр су ішуді ұмытпаңыз. Мұнымен қатар, ым-ишираларыңызды бақылаңыз. Олар да әжімнің түсуіне әсерін тигізеді.

 

Массагет ұсынған кеңестерді орындап, жасара түсіңіз. Дұрысы өз жасыңыздан да жас көрініңіз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 қараша 2013, 10:57
Пікірлер
+0
12 қараша 2013, 11:38

Мәңгі бала болғым келіп еді...

+0
12 қараша 2013, 12:31

ерте қартайғанға не жетсін... :)

+0
12 қараша 2013, 15:04

Теріге күн мен желдің кері әсері мол.

+0
12 қараша 2013, 15:53

есте ұстау керекпін ))

+0
12 қараша 2013, 18:56

жазып қою керек екен :idea:

+0
19 қараша 2013, 19:22

мммм жаксы кенестер

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.