Қызбен танысудың 6 түрі

Қызбен танысудың 6 түрі

Қызбен танысуда көп жігіт қиындыққа ұшырап жатады. Ұнатқан қызына қолын ұсынуға қауқарының жетпеуінде не сыр жатыр? Бұл әлде ғашықтықтың ғаламат бір тылсым күші ме? Кездейсоқ таныстықты қыз-жігіттердің көбі арман етеді.  Жастық көңіл әрқашан да ерекше ұсыныстар мен қызықты оқиғаларға құмар. Ендеше қызбен танысудың ерекше 6 түрін ұсынамыз:

1. Ерекше танысу. Өмірін құтқару

Шамасы, кез келген жігіт қызға ұнау үшін оны қандай да бір қиын жағдайдан құтқарып қалсам деп армандаған шығар. Себебі, бұндай жағдайдан соң қыздар өз “қаһарманына” ерекше көзқараспен қарары анық. Әрине қызды құр босқа қауіпке итермелеу дұрыс емес. Сізге бұндай “сыйдың’ кездесе бермесі белгілі. Ал егер бұндай жағдай орын алса батырлығыңызды көрсетіп қамқор бола қалмаңыз. Керісінше шынайылық пен аздаған бірбеткей басбұзарлығыңызды көрсетіп қойыңыз. Қыздарға өзіне көңіл бөлмей, тәкаппарланған жігіттер ұнайды. Таныса сала қыздың ыңғайына жығылып, жарамсақтана көрмеңіз. Жігіттерге ғана тән сүйкімді сырбаздық танытсаңыз жетіп жатыр.

2. Ерекше танысу. Коктейльді кешке шақыру

Танымал клубтардың біріне екі билет сатып алыңыз. Алып барар қыз жоқ деп қапаланбаңыз. Көшеге шығыңыз да көзіңізге ыстық көрінген бір қызға ұсыныс жасаңыз. Қыздар әдетте тосын ұсынысты жақсы көреді. Сіздің шынайы ықыласыңызды түсінсе міндетті түрде бас тартпайды. Кеште түрлі тақырыпта ой бөлісіп, жақынырақ сөйлесуге тырысыңыз. Мүмкін әңгімеңіз жараса қалса, нөмірін алып қаларсыз.

3. Ерекше танысу. Шынайы сыйлық

Егер сіз бір қызды қатты ұнатып, танысудың ретін таба алмай жүрсеңіз былай жасаңыз: Алдымен құрбысымен жиі қыдыратын жерін анықтап алыңыз. Мысалы, құрбысы екеуі саябаққа жиі келеді делік. Әдемі бір шар мен маркер сатып алыңыз. Қыз отырған орындыққа қарсы отырыңыз да көңілін аудара шарды үрлеп алыңыз. Шарға көңіліңіздегі жылы сөздерді жазып қойыңыз. Сіздің іс-әрекетіңіз ғашығыңызды қызықтыра түсері анық. Сосын жақынырақ барыңыз да сыйлығыңызды ұсыныңыз. Сіздің таныстығыңыздың сәтті аяқталары сөзсіз.

4. Ерекше танысу. Суретші – нағыз талант

Егер сіз суретті жақсы салатын болсаңыз, қыздармен танысу қиынға соқпайды. Мейлі, қоғамдық орындардың бірінде болсын, көшеде болсын, оған жақынырақ баруға мүмкіндік іздеңіз. Мысалы, үйіне қайтар автобусына бірге мініп, жақынырақ отырыңыз. Қолыңызға қағаз, қарандашыңызды алыңыз да, көзінше сурет салыңыз. Жұмысыңыз біткесін: “Бұл сурет сізге арналады” деп табыс етіңіз. Артынша есімін сұрап жазып берсеңіз де болады. Бұл – жақындауға бастар алғашқы қадам ғана. Әрі қарайғысы өз қолыңызда. Айтпақшы, салған суретіңізде астарлы ой, терең мағына жатсын. Көңіл түкпіріндегі жан сырыңызды көшіріп беруден де тартынбаңыз.

5. Ерекше танысу. Кім шыдамды?

Бұл жағдай оқу орындарында орын алса тиімді болады. Сабақ кезінде ұнатқан қызыңызға қарсы отыруға тырысыңыз. Көз алмастан қарап отырудан да жасқанбаңыз. Ол да сізге 99% немесе 9% дәл сіз секілді көз қадауға тиіс. Алғашқыда таңданыс пен тәкаппарсынған көзқарас уақыт өте жылы көзқарасқа айнала бастайды. Визуальды шайқастың нәтижесінде қыздың жанарында күлкі нұры ойнап, жеңілісінен хабар береді. Дәл сол сәтті пайдаланып қалмасаңыз, өзіңізден көріңіз.

6. Ерекше танысу. Автобус ішінде

Автобуста әдемі қыздармен жиі кездесіп қалып жатасыз. Танысқыңыз келгенімен, батылыңыз бармайды. Енді не істейсіз? Айласын тапқанға амал көп. Мысалы, автобусқа ай десе аузы, күн десе көзі бар әдемі қыз кіріп келді делік. Бұл кезде аузыңызды ашып, тұрып қалуға болмайды. Дереу орныңыздан тұрыңыз да, орын беріңіз. Ол алғашында “Отыра беріңіз, әуре болмаңыз” деп сызыла қалуы мүмкін. Сол кезде: “Бұл орынды сіз үшін сақтап отырған едім. Иесі келді. Мархаббат! ” деп жұмсақ жымисаңыз, жеткілікті. Әрі қарай жол ұзақ. Ең бастысы араларыңыздағы қамал құлатылды. Еркін сөйлесе беріңіз.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mirfactov.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті