Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жігіттердің құпиясын бірге ашайық!

Жігіттердің құпиясын бірге ашайық!

Жігіттердің құпиясын бірге ашайық!

Ер жігіттерді жастайынан батыл болуға тәрбиелейміз. Бұл ерте замандардан жерінің шетін жау найзасына бастырмай, қыздарын күң қылмай, өз елінде гүл қылғандарымен байланысты болса керек. Осы күндері дәл осындай батыр жігіттеріміз жетерлік десек те арасында әлсіздері кездеседі. Ер адамдардың жүйкесіне күнделікті күйбең тіршілік пен майда кедергілер әсерін тигізбей қоймайды. Міне, осындай сәттерде олар да көзіне жас алады...

Жастың тарихы мен пайдасы

Оны анықтау үшін біраз артқа шегінейік. Ертеректе ер адамдардың жылауы қазіргідей таңданатын құбылыс болып есептелмеген. Бабаларымыздың айтуынша, хандар мен батырлардың қажет болғанда көздеріне жас алуы әлсіздігін емес, рухының мықтылығын, махаббатты жан жүрегімен сезіне білетіндігін көрсетеді екен. Бұдан өзге ер адамның көзінен аққан тұзды су жүректерінде мейірімділіктің бар екендігін дәлелдеп, өздеріне жоғары баға беретіндігін танытады екен. Көз жастарына қажет болғанда ерік бере білмейтін адамдар бұл қылығым үшін қыздар мазақ қылып күледі деп жасқанады.

Антика дәуіріндегі Ежелгі Грецияны еске алыңыздаршы. Ең мықты деген, ең әлсіз деген спарталарды (жауынгер балалар) таудан жерге лақтырған. Мұндағы басты мақсат болашақта төзімді, соғыс өнерін мықты меңгерген жауынгер алу болып есептелінеді. Алайда бұл жерде ер азаматтардың көзіне жас алуы әлсіздік деп есептелмей, қалыпты жағдай деп қарастырылады.

«Жігіттер жыламайды, тек мұңаяды» деген философиялық тұжырым жаңа заманның жемісі. Қазіргі заманда қандай қиындық болмасын ер азамат көпшіліктің алдында көз жасын көрсетпейді деген пікір қалыптасқан.

Дәрігерлер мен ғалымдар адам көз жасы өмірді ұзартатындығын бір ауыздан айтуда. Бар мәселе көзімізден ағатын тұзды судың арқасында ішімізге толған кек пен мұңның сыртқа шығатындығында. Адамның көз жасы күйзеліске төтеп беретіндігі де анықталған. Бұл ағзаның сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануы.

Яғни қиын сәттерде ұстамдылық танытатын адамдарға қарағанда, қажет болғанда жылай білетін адамдардың жүйкесі мықты келеді. Сол себепті әйелдер қауымының өмір сүру ұзақтығы ер адамдарға қарағанда жоғары. Ми қан айналысының бұзылуы мен инфарктке шалдығуы осыған байланысты.

Әрине жастың кері әсерлері де жоқ емес. Көзімізге жас алған сайын оның шатырша қабығы бұзылып, кей жағдайда көру сезімінен айырылып қалуымыз мүмкін. Сол себепті жыламайтын жігіттердің де денсаулығы нашар емес.


Олар не себепті жылайды?

Батыл да батыр жігіттерімізді жылататын бірнеше себептер ғана бар.

1. Жақын адамдарынан айырылғанда. Яғни сүйіктілері, туған-туысқандары, өмірлік ұстаздары қайтыс болғанда. Бұл жағдайда жылау кімге болса да орынды болып көрінеді. Алайда ер азаматтар қыздар секілді эмоцияларын көпшілікке жарияламай, адам аз жерде көрсетуді жөн көреді. Жоғарыда айтқанымыздай жылау арқылы олар күйзелістен арыла алады.

2. Тұрмыстағы шарасыздыққа әкеліп тірейтін жағдайлар. Бұл заманда мұндай жағдай аз кездеседі деп айту қиын. Жұмыссыздық, отбасыны бағу, дамылсыз өскен бағалар, аз жалақы тағы да басқалары ер адамның жүйкесіне әсер етеді. Мұндайды темірден жаратылған жігіттер де көтере алмасы анық. Кейбір батыр деп жүрген жігіттеріміз әйтеуір бір күні морт сынып, тағдырдың тәлкегіне түседі. Сол мезетте жас балаға айналып, қамқор болар ананың жылы алақанын іздейді.


3. Көңілшектіктен. Кішкене қызының өз қолымен жасаған сыйлығы әкесінің көңілін босатып жібереді. Мұнымен қатар, бұзақылардың балаларға жасаған жауыз әрекеттері, драмалық фильмдер, жануарларды қинау секілді дүниелер де олардың көңілін босата алады.

4. Жеңіліс. Жеңіліс ойында ғана емес, өмірде де бар. Әрдайым алда жүріп, мықты болуға ұмтылу – табиғаттың заңы. Ал олар көптен құрған жоспарларының күлі көкке ұшса, міндетті түрде жылайды.

Жігіттер де біз секілді физиологиялық әсерлердің себебінен, бақыттан, пиязды турағаннан жылайды. Алайда олар жылап алуды әдетке айландырса, бұған бей-жай қарамаған жөн. Мұндайға тек аналарының балалары, нағыз әлсіз жігіттер жол береді. Осымен жігіттердің не себепті жылайтындығы анықталды!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: diesel.kg

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 11 қараша 2013, 11:01
Пікірлер
+0
11 қараша 2013, 11:27

Жігіттердің жылағанын ұнатпаймын, жігіттер мықты болу керек менің түсінігімде

+0
11 қараша 2013, 11:54

жігіттер құпиясын аша бермейді ғой, менің ұғымымда қазіргі жігіттердің қолынан көп нәрсе келеді. Қыз соңынан жүгірмей, арман соңынан жүгірсе екен...

+0
11 қараша 2013, 12:44

:cry: десен иә

+0
11 қараша 2013, 14:29

мда...

+0
11 қараша 2013, 21:03

"жігіттер жыламайды" дегенге қатып қалғанбыз ғой бәріміз. Ал біздер боларға да, болмасқа да көз-жасымызды дайын етіп тұрамыз. Әсіресе өзім. :cry:

+0
12 қараша 2013, 01:19

менинше жигиттин шерин таркатып жылап алганы дурыс бирак арине копшиликтин ортасында емес озинин жакын адамынын жанындама

+0
13 қараша 2013, 12:05

Көзінен жас шықпаған адамда жүрек жоқ!

+0
13 қараша 2013, 12:59

Жүректе мейірім және сүю болса, міндетті түрде жас шығады. Ал қалғандары жай ғана сынақтан сынып қалу

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.