Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мысығыңыздың мінезін 6 тәсіл арқылы анықтаңыз

Мысығыңыздың мінезін 6 тәсіл арқылы анықтаңыз

Мысығыңыздың мінезін 6 тәсіл арқылы анықтаңыз

Бір мысықтар кішкене қыбырдың даусын естіп, төсектің астына сүңгісе, екінші біреулері бейтаныс адамдарды жатырқамай жағалайды. Кейбіреулері аяққа оралып жол бермей қойса, екіншілері тырнап әлек болады. Осы секілді мысықтарыңыздың мінезін анықтауға көмектесетін 6 тәсілді жариялаймыз.

Өзіне-өзі қожайын

Жануар мен адамның қарым-қатынасында жануарлар маңызды рөл атқарады. Олар адамдардың үйлеріне өздігінен келетін жануарлардың бірі. Үй мысықтары осыдан 10-20 мың жыл бұрын Таяу Шығыс пен Африканы мекендеген Felis silvestris lybica атты тұқымдастарынан таралған.

Осы күндері ауыл тұрғындары төрт түлік малды үй жануарлары етіп бақса, қалалықтар үйінде мысық ұстауды сәнге айналдырған.

Алғашқы кезең


Жабайы мысықтар мен үй мысықтарының немесе әртүрлі жерлерде тамақтанатын мысықтардың ағзасында генетикалық өзгешеліктері жоқ. Үйлерге өздігінен келетін мысықтардың жасы 6 айдан кем емес. Олар осы уақыт ішінде қоршаған ортасына үйреніп, азық табудың жолдарын іздей бастайды. Енді біреулері даланы еркін кезіп жүргенді жақсы көрсе, екіншілері керісінше адамдардың қамқорлығында болуды таңдайды.

Мысықтарға адамдардың ортасында бірге тұру үшін көп тәжірибе керек. 1980 жылы Темпель университетінің мамандары тәжірибе жүргізді. Ол тәжірибеде жаңа туылған мысықтарды 3-7 апта аралығында оларды еркелете білетін адамдар тәрбиелеген. Ал егер алғашқы 7 аптада мысықтар адамдарды көрмей, білмей жетілсе, қорқақ болып өседі екен.

Әкесінің балалары


1995 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, әке мысықтар балаларының қоршаған ортаға тез бейімделгенін қалайтындығы анықталған. Мұнымен қатар, аз қозғалатын және балаларымен жылы қарым-қатынаста болғанды жақсы көретін екі түрлі мысықты зерттеген.

Өзге зерттеулер достық қарым-қатынасты жақсы көретін мысықтардың балаларын тәрбиелеуде әке мысықтардың ерекше үлесін көрсеткен. Жаңа туылған мысыққа өзінің осы қасиетін генетикалық жолмен беретіні немесе имитацияның көмегімен жолдайтындығы әлі де белгісіз. Шындығында адамдарға деген қарым-қатынастың қыр-сырын аналарына қарап та үйрене алады.

Тұлғаны тәрбиелеу


Перғауын мысықтары адамдарды жатырқаса, сиам мысықтарының мінезі иттерге ұқсайды, ал мейн-кундер адамдармен достық қарым-қатынаста болғанды жақсы көрсе де, олардың тізесінде отырғанды ұнатпайды. Мұның барлығы зерттеу нәтижелерінің орташа көрсеткіштері.

Кембридж университеті мамандарының «Біз және үй жауарлары» тақырыбында жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, сиам мысығын тәрбиелеушілер олардың нәзік, жан-жағын білуге ұмтылатын, адамдар болсын, мысықтар болсын, көпшіліктің ортасында жүргенді ұнататын мінездері бар екендігін айтқан. Ал Перғауын мысықтары бұлардан асып түсер нәзіктігіне қарамастан, тағамды талдап жейді екен. Мұнымен қатар, тазалық мәселесі өзге мысықтарға қарағанда нашар екендігі айтылған.  

Достық қарым-қатынасты ұстанатын мысықтар


Ұсқынсыз келетін сфинкс мысықтары өзгелеріне қарағанда ерке болып жетіледі. Адамдардың назарын физиологиялық жылылықтың жетіспеушілігінен талап етуі мүмкін дейді ғалымдар. Өкінішке орай, бұл мысықтар достық сезімін аса жоғары бағаламайды.

Мысық ананың жылы алақанында тәрбиеленген мысықтар тағдырдың тәлкегіне түсіп, көшеде біраз соққы алған мысықтарға қарағанда тез бейімделеді.

Түраралық махаббат


Мысықтар да жалғыз өскен балалар секілді эгоист келеді. Бір үйде екі немесе одан көп мысықтың өмір сүруіне көп уақыт бойы үйрене алмай жүреді. Тіпті, күйзеліске түсуі де мүмкін. Ал егер қатарластарымен туыла салып бірге өскен болса, керісінше дос болып кетеді.

Егер мысықтарыңыз бір-бірімен дос болсын десеңіз, оларды 3-7 апта аралығында бірге өсіру керек. Ал басқа жағдайда олар бір-бірімен қастасуы мүмкін. Сол себепті бірнеше мысықтарды қатар ұстағанда мұқият болыңыздар.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kartkent.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 11 қараша 2013, 09:38
Пікірлер
+0
11 қараша 2013, 12:15

Осы жан-жануарлар да адамдар сияқты өмір сүреді ме екен деп ойлай бастасам, оларды өлтіріп, етін, жүнін пайдаланамыз деген ойлардан қорқып қаламын. :?

+0
11 қараша 2013, 12:38

Аякка оратылгадары унайды :)

+0
11 қараша 2013, 13:05

үйде түріктің ангор мысығы бар. Жек көрем өзін. Жолдасымның көңіліне бола ұстаймын. Өйткені жүні ешкінікіндей, кілем де үстел де киімде де жүреді жабысып :evil: :evil:

+0
11 қараша 2013, 22:08

мысықты мүлдем ұнатпаймын, тіпті қорқам содан))

+0
13 қараша 2013, 20:39

жақсыыыы көөрреемм, :)

+0
21 қараша 2013, 14:20

Менің мысығым нағыз тентек болса керек. Басында тырнай беретін, тырнағын алып тастағаннан кейін тістейтін болды. Түк түсінер емеспіз. Тастайн десек обалсынамыз. Үйреніп те кеттік, кейде тіпті сүйкімді, енді дәрі беріп жатырмыз, зоологтардан сұрасақ мінезі сондай дәрі берсеніз қояды дегені бар ед. Оны көре жатармыз. :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.