Өміріңізді өзгертетін 17 әдіс

Өміріңізді өзгертетін 17 әдіс

Бүгін Дэвид Кэннон ұсынған өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге 100% кепілдік беретін кеңестерді ұсынамыз. Дэвидтің айтуынша, бұл кеңестерімізді тек оқып қоймай, оны осы сәттен бастап жүзеге асырсаңыз, 5 жылдан кейін ең бақытты, денсаулығы мықты, бойында рухани азығы мол жігерлі адам болып шығасыз. Оларды іске асыру оңай әрі көп ақшаны талап етпейтіндіктен, орындап көруге болады.

1. Әр таңды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, ояна салысымен 5 минут бойы күліңіз.


Күлкі адамның бойына энергия беріп, көңіл-күйді еріксіз көтереді. Ал көтеріңкі көңіл-күй денсаулықтың мықты болуына кепілдік береді. Комедиялық фильмдерді қарап жазылмайтын аурулардан сауығып кеткен адамдарды естіген боларсыздар...

2. Әр күн сайын жаңа идеяларды қағаз бетіне түсіріп отырыңыз.


Әрдайым ізденіс үстінде болыңыз, күндердің күнінде қалайша алтынға тап болғаныңызды байқамай қаласыз. Бастысы сол алтынды тапқан кезде бірден әрекет жасауға кіріскендігіңіз.

3. Бір апта ішінде бір  жаңа кітап оқып отырыңыз.


Гуманитарлық салада қызмет жасап жүрген адамдар үшін болмаса, өзгелері үшін қиын екені белгілі. Бұл қиын тапсырманы орындау үшін көбірек оқып жаттыққаныңыз дұрыс.

4. Мидың жұмысын жақсартатын ойындар ойнаңыз.


Сөзжұмбақ шешіп, шахмат, дойбы секілді ойындар ойнаңыз. Ойнап отыратын серіктеріңіз болмаса, ұялы телефондарыңызға осы секілді ойындарды жүктеп алсаңыз болады.

5. Күнделік жазыңыз.


Өткен күндеріңізді жазып отырып, бұрын-соңды көзге ілмеген дүниелерді байқайсыз. Осылайша естеліктерді жаңғыртып, дұрыс әрі қате әрекеттеріңізді саралап отырасыз.

6. Достарыңызды таңдауда мұқият болыңыз.


Досыңыздың кім екенін айтсаңыз, мен сіздің кім екендігіңізді айтамын немесе адамды досына қарап таны. Адам баласы күнделікті араласатын 5 адамның жиынтық мінезінен тұрады. Өміріңізді жақсы арнаға бұрып, үлкен жетістіктерге жеткіңіз келсе, қоршаған ортаңызға көз салыңыз. Шабыт сыйлап, үлкен мақсаттарға жетелеудің орнына төменге тартып, уақытты шығындайтын адамдардан аулақ болыңыз.

7. Көркем фильмдерге қарағанда, деректі фильмдерді көбірек қараңыздар.


Уақытымызды қаншама қажетсіз дүниелерге шығындаймыз? Ал деректі фильмдер қоржынымызға білім қосып, ой-өрісімізді кеңейтеді.

8. Тісті мәсуекпен тазалағаннан, жіппен тазалағанның маңызы зор.


Бұл - теңеу. Әрбір істің басын шалғанша, оны қолға алып нәтижесі шығатындай орындаңыз.
9. Шет тілдерін меңгеріңіз.


Бүгінгі таңда шет тілдерін меңгеру тек білімділігіміздің ғана көрсеткіші емес, мидың танымдық қасиетін арттырудың жолдары. Бұл - өмірлік қажеттілік. 
10. Салауатты өмір салтын қалыптастырыңыз.


Махаббат пен мансапқа қалай көңіл бөлсеңіз, денсаулығыңызды да дәл солай қадірлеңіз. Денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп, зиянды әдеттерден арылыңыз.

11. Қорқыныш дегенді ұмытыңыз, бұл – әлсіздердің сүйікті ісі.


Әрине, үрей мен қорқыныш әр адамның бойында бар. Алайда, оның себебі әркімде түрліше болып көрініс табады. Әлсіздер одан арылу үшін ішімдік ішіп өмірден түңіліп жатса, ақылды адамдар қорқыныштың себебін анықтап, оны шешудің жолдарын іздейді.

12. Ақша жинаңыз.


Бір айлық табысыңыздың 10%-ын банкке салып сақтаңыз. Бес жылдан соң қаншалықты ақшаны үнемдегеніңізді көресіз.

13. Өзіңізді демалдырып отырыңыз.


Жоқ дегенде аптаның бір күнінде жұмыс, сабақ, теледидар, компьютер дегендерді ұмытып, миыңызды тынықтырыңыз. Жәй ғана демалыңыз. Бірінші кезекте техникадан.

14. Өзіңізге хат жазыңыз.

 

Өзіңізге 5 жылдан кейін ашып оқитындай етіп хат жазыңыз. Осы хатыңызға сұрақ қоюды да ұмытпаңыз.

15. Махаббат- құдіретті сезім.


Ғашық болыңыз! Сезімнің шырмауына түсіңіз! Бойыңызды билеген бұл сезім шаттық сыйлап, армандарыңызға еріксіз жетелейді. «Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз бекер айтпаған. 
16. Айналаңызда болып жатқан өмір құбылыстарын зерттеңіз.


Әр күн сайын жаңа жерлерге баруға дағдыланыңыз. Ол сауда орталығы, көрші аудандағы балалар ойнайтын жер болуы мүмкін.

17. Үнсіздік алтынмен бірдей.


Бір минут үнсіз отырып көріңізші. Осы сәтте ең бірінші нені ойладыңыз? Қандай эмоция көрініс тапты? Бір минут үнсіздіктен соң, барлығын қағаз бетіне түсіріңіз. Бұл өзіңізді бір кісідей түсінуге көмектеседі. 

Жоғарыдағы әдістерді ерінбей орындап отырсаңыз, 5 жылдан кейін үлкен табысқа жетіп, рухани мол азық жинайсыз.

 
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: open.az, fototeiegraf.ru, xyz.kz, kerekinfo.kz, vk желісі

Қ. Бүйенбай