Бітім және мінез

Бітім және мінез
  • Маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрышталып келген адамның есте сақтау қабілеті жақсы болады, бірақ мінезі құбылмалы келеді.
  • Ат жақты адам ел серкесі болуға лайық келеді.
  • Томпақ бет кісі қалжыңбас, ақжарқын келеді.
  • Кең маңдайлы адам ақылды, тар маңдайлы адам пысық келеді.
  • Қасы жіңішке адам кірпияз келеді.
  • Қасы түзу адам тіл алғыш, елгезек келеді.
  • Көзі дөңгелек адам ел сөзіне тез сенеді.
  • Көзі қиықша адам зерек әрі ішінен қулық ойлағыш келеді.
  • Қысық көз адам саяқ, кісі киік секілді болады.
  • Қошқар мұрын қызба, ұрыншақ, қызу қанды адамға бітеді.
  • Пұшық мұрын өмірде көп нәрсе талап ете бермейтін жандардың белгісі.
  • Қусырылған мұрын ашуы тез, ызақор адамға бітеді.
  • Жалпақ мұрын қамсыз, уайымсыз, сөзінде тұрақ жоқ жандарға бітеді.
  • Жайын ауыз ақкөңіл, елден өзгеше көрінуді қалайтын адамға бітеді.
  • Шүршік ауыз сараң, өзімшіл адамға бітеді.
  • Иегі ұзын адам қырсыққа көп ұшырайды, қысқа иек адам ұшқалақ келеді.
  • Дөңгелек жүзді адам айналасына жайдары, турашыл, еңбекқор келеді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 163.com

M. Auelkhan