Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қатарластардың арасында қалай жұлдыз болуға болады?

Қатарластардың арасында қалай жұлдыз болуға болады?

Қатарластардың арасында қалай жұлдыз болуға болады?

Елімізде психология саласы соңғы 10 жылдың ішінде дамып келеді. Ал басқа мемлекеттерде, әсіресе, Батыс елдерінде психолог маманға қаралу қалыпты жағдай. Олардың арнайы отбасылық психологтары болады. Тән емес, жан ауруынан кімдердің қалай емделетініне қарамастан, аурудың себебі жер бетіндегі адамдарға ортақ. Жасы үлкен кісілер жұмыстан шаршағандықтарына, өмірден шынайы ләззат ала алмайтындықтарына шағымданса, жастарда «Өзім жүрген ортамда неге танымал емеспін?» деген үлкен мәселе бар. Олардың бір тобы достарының айтарлықтай жақсы еместіктерін айтса, екіншілері өздерінің ұялшақтық қасиеттерін айтып ақталады. Оны сырт көз болып талқылағанымыз жөн болар.


Өміріне көңілі толмай жыламсырап, келекетіп, жаман энергия бөліп шығару көпшіліктің қолынан келетін іс. Егер өміріңіз ойдағыдай болмай жатса, барлығына өзіңіз ғана айыптысыз. Ақылды адам өмірін жағымды жаңалықтармен толтыру үшін, ең алдымен Маслоу пирамидасындағы тамақ, үй, қорғаныс, психологиялық жайлылық секілді қуанышты көңіл-күйді қамтамасыз ететін дүниелерге қол жеткізеді. Бірінші кезекте «өзге адамдар жайында жағымсыз пікірлер айту, өмірге ренішпен қарау» секілділерден аулақ болғаныңыз жөн. Екіншіден, Абай атамыз айтқандай «Адамдардың барлығын сүй бауырым деп» сүюіңіз керек. Қорықпаңыз, мизантроп болудың да қажеті жоқ. Мизантроп дегеніміз қоршаған ортаңызға кәрі әжей немесе ақымақ жас болып көрінгеніңізге қарамастан, өзіңізді қалыпты әрі сұлу адамдардың қатарына қосу. Кәрі әжейлер жастық шағы босқа өтіп кеткендіктен, сәнге құмар қыздарды жек көреді, ал ақымақ жастың ақылы толыспағандығы бірден байқалады.


Осы күнге дейін достықтың сапасы ұзақтығымен өлшенеді дейді, алайда оның санының да маңызы бар. Араласатын достарыңыз көп болған сайын, жаңа дүниелерді танып-білуге деген құмарлығыңыз арта түседі. Өзіңізге ұнамайтын адамдармен де дос болудың қажеті жоқ. Өзіңізді қоршаған достарыңыздың қылықтары жағымсыз болып көрінсе, оларды жаңа адамдармен алмастырудан қорықпаңыз. Және жәй ғана жаныңыз ашығандықтан дос болудың қажеті жоқ. Кейбір адамдар ұсқынсыздардың жанында әдемі болып көрінгенді ұнатады. Бастысы мұндай қателіктерді сіз жасамаңыз. Өз қатарластарыңызбен дұрыс қарым-қатынаста болмасаңыз да, әрдайым теңізбен жүруге тырысыңыз. Қатарластарыңызға бірден ілесе алмасаңыз да, уақыт өте келе үйренесіз.


Білімді адамдар қоршаған ортасындағылар бос сөйлейтін болғандықтан, араласуды жөн көрмейтіндіктерін айтады. Атақты Шерлок Холмс ақылды бола тұра адамдардың барлығының тілін таба білгендігін есіңізге түсіріңізші. Адамдармен қарым-қатынасқа түсе білуді сүйікті спортпен айналысу деп біліңіз. Осы қасиеттің арқасында үлкен жетістіктерге жетуге болады. Арнайы ЖОО-да алған білімі болмаса да, адамдар жақсы жұмыстарға тұрып, көп мөлшерде жалақы алады. Бұл тек таныстың арқасында емес, жоғарыдағы қасиетті мықты меңгергендігінен болуы мүмкін.


Бір актер ең жаман деген актерден көп нәрсені үйренуге болатындығын айтыпты. Сол секілді мінсіз деген адамдардан мін табылып, кемшілігі жетіп артылады деген адамдардың бойынан да жақсы қасиеттер табуға болады. Айналадағылардан кемшіліктерді іздегенше, олардың таңғалуға тұрарлық жақсы қасиеттерін таба білген жөн. (Бұл барлығына бірдей жақсы қарап, жаман қылықтарға да таңғалу керек деген сөз емес). Бар болғаны алдыңыздағы индивидтің бойындағы ешкімге ұқсамайтын қасиетті анықтаңыз. Мысалы, сенімді жүрісі, ерекше әшекейлері, сөз сөйлеу мәнері т.б. қасиеттері болуы мүмкін.  Бұндай ерекшеліктерін қошемет көрсету барысында да пайдалануға болады. Бастысы қошемет шындыққа жанасқан жағдайда,  шын жүректен айта біліңіз.


Қарым-қатынаста екінші жіберетін қателігіміз – ақымақтармен салғыласу. Бұл хоббиіңізге айналып бара жатқанын байқасаңыз, оны тоқтатуға әрекет жасаңыз. Олармен сөз таластырып, ақырында өз ойыңызды жеткізе алмай уақытыңызды босқа құртқаннан сізге қандай пайда түседі? Оның орнына сізді тыңдай білетін, өзін тыңдатып, ақпарат алмаса білетін жандармен араласыңыз.  


Интеллектуалдар қарым-қатынаста сырт келбеттің маңызы жоқ деп ойлайды. Егер сіз қыз баласы болсаңыз, бір апта бойы қара киім, екінші апта бойы күлгін түсті киім киіп көшеге қыдырыңыз. Сізге айналадағылардың қаншалықты көз салып, көше сұрап, ілтипат білдіргендерін санаңыз. Артынша таңғалып, шешім қабылдайсыз. Алайда күлгін немесе қара түсті киімдерді күнделікті тұрмыста көптеп киюдің қажеті жоқ. Атақты брендтердің киімі болмаса да, көркіңізді ашатындай киімдер болсын. Ер адамдар қыздарды толықтығы үшін айыптай қоймас, табиғи сұлулығын айқындай алмайтын қыздарға көңілі толмайтындары рас.  


Көңіл-күйіңіз болмағанда достарыңызға шағымданбағаныңыз жөн.


Жаңа ортаға келгенде адамдармен тіл табысып кетуіңіз қиын болса, олардан да мықтырақ болуға тырысыңыз. Киіміңізді қай жерден сатып алғаныңызды білгілері келетіндей киініңіз. Әлемде болмаса да, еліңізде болып жатқан соңғы ақпараттардан хабардар болыңыз, сән әлеміне қатысы бар журналдар оқыңыз. Жалықтыратын жұмыстардан бас тартып, жаңа мүмкіндіктер ашатын жұмыстарға орналасыңыз. Қажет болса, Нобель сыйлығын алуға ұмтылыңыз. Әрдайым жүрген тобыңыздың алды болуға ұмтылыңыз, сол кезде достар өздігінен тартылады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: www.zastavki.com

19531 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 05 қараша 2013, 11:53
Пікірлер
+0
05 қараша 2013, 12:45

Өте орынды кеңестер, жастарға пайдалы болады

+0
06 қараша 2013, 04:48

:) керек кенестер екен :(

+0
06 қараша 2013, 09:52

Бастысы көп, ашық көңілмен аралассаң бәрі саған тартылады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...