Иттердің көңіл-күйін анықтау

Иттердің көңіл-күйін анықтау

Осыған дейін Италиядағы Тренто университетінің докторы Джорджио Валлортигара (Giorgio Vallortigara) иттердің құйрығын қай жаққа қарай бұлғаңдататынына қарап көңіл-күйлерін анықтауға болатындығын дәлеледеген. Мамандар жоғарыдағы дәлелдерге толығымен көз жеткізу үшін тәжірибе жүргізді. 

Тәжірибеге барлығы 2 топқа бөлінген 43 ит қатысты. Бірінші топ қозғалыссыз тұрған иттердің сұлбаларынан құралған бекнебаян көрсе, екінші топ қарапайым суретті көрген. Тәжірибе барысында осыған дейін жануарлар медициналық тексеруден өткен кезде анықталған жүрек соғысымен қазіргі көрсеткіштері салыстырылған.

Олар құйрығын оң жаққа қарай бұлғаңдатса, көңіл-күйлерінің жақсы болғандығы, керсінше сол жаққа қарай бұлғаңдатса жағымсыз эмоцияны сезінгендігі. Ғалымдар бұл құбылысты мидың эмоциялық асимметриясымен байланыстырады. Адамдар миының сол жақ бөлігі дененің қарама-қарсы бөлігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жағымды эмоцияларға жауап беретін болса, оң жағы керсінше қорқыныш, үрей секілді эмоцияларға жауап қайтарады.  Мұнымен қатар Валлотигара мен әріптестері бейнелерді көру барысындағы иттердің эмоциясын камераға түсіріп, болып жатқан тәжірибеден бейхабар мамандарға көрсеткен. Анықтауларынша иттер қобалжып, бір нәрсені уайымдаған кезде жүректері жылдам соғып, құйрықтарын сол жаққа қарай бұлғаңдатқан. Ал суреттердегі қозғалыссыз тұрған иттерді көргенде күйзеліп қоя берген, олардың да құйрықтарын оң жаққа қаратып бұлғаңдатқандарын көргенде тынышталған. Бұдан шығатын қорытынды иттер бір-бірінің көңіл-күйлерін дененің сырт қимылдарына қарап анықтайды.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

 



Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
Эверест биіктігін кім және қалай өлшейді?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
I-BALAQAI: Көру қабілетін ұзақ уақытқа қалай сақтауға болады?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?
Ұшақта Wi-Fi қалай жұмыс істейді?