Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Теледидарға тәуелділіктен арылу жолдары

Теледидарға тәуелділіктен арылу жолдары

Теледидарға тәуелділіктен арылу жолдары

«Сүйіктілерінің теледидардан бас алмауы» - әйелдер қауымы үшін үлкен сын. Әдетте мына бір қызықты бағдарламаны көре салайын деп басталып, артынша теледидарға деген тәуелділікке ұласады. Қызықты бағдарламалар мен телехикаяларды отбасының басқа мүшелері де көргісі келетіндігін ұмытып, олармен санаспайтын болады.

Теледидарға қызығатындықтары соншалық, кей жағдайда жанында отырған сұлу әйелін де елемейді. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Өкінішке орай теледидардың иісі бар әтірлер ойлап табылмағандықтан, оған тәуелді адамдардың назарын басқа арнаға бұру өте қиын.

Теледидарға тәуелділік қалай көрініс табады?


Үйге кіре салып киім ауыстырмай жатып, теледидарды қосу. Артынша жиһазға жайғасып, пультті құшақтап отыру. Үйде жан баласы жоқтай сезімде болып, арналарды қайта-қайта ауыстыра беру. Ондай адамдар «Мен шаршадым, аз уақыт демалып алайыншы» деген сөздерді жиі айтады. Теледидарға деген тәуелділік уақытты ғана өлтіріп коймай, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа зиянын тигізеді. Адамдар бір-біріне қамқор болуы тиіс. Онсыз су ішпеген гүлдей солып қалады.

Теледидарға деген тәуелділік қаншалықты зиян?


- қоршаған ортадағы жаңалықтардан бейхабар қалдырып, өмірге деген қызығушылықты жояды.

- жақын адамдармен қарым-қатынасты бұзады.

- адам барлығын іште сақтауға дағдыланады.

- өмір сүруге деген белсенділікті төмендетеді.

Теледидарға қоса оның алдында отырып тамақ жеу әдеті қосылса, артық салмақ жинап алуы да мүмкін. Түрлі бағдарламалар мен телехикаяларды қарап отырып, қанша тамақ жегенін ұмытып кетеді.

Теледидарға тәуелділік қалай пайда болады?

1. Ол адамдар бала күнінен теледидардың үнемі қосылып тұратындығына дағдыланып кеткен болуы мүмкін. Мұндайда көп жылдар бойы қалыптасып қалған әдеттен арылу қиынға соғады.

2. Өмірден жалығып, күйзеліске тап болған адамдар теледидар қарауға бейім келеді.

3. Соңғы жағдайда адам ешнәрсеге қызықпайтындықтан, бар жұбынышын теледидардан іздейді. Көк жәшіктегі өзге адамдардың өмірін бақылаумен болады.

Мұнымен қалай күресуге болады?


1. Тәуелділік шектен асып кетпеген жағдайда орнын басқа нәрсемен алмастыруға болады. Яғни  қызығушылығын басқа арнаға бұрған жөн. Спортпен айналысу, балық аулау, әуен тыңдау, гитарада ойнау, кешкі романтикалық астарға бару және т.б.

2. Оларға мұның ауру екендігін айқаймен түсіндірудің қажеті жоқ. Оны ең алдымен өздері түсінуі тиіс. Теледидар өшіп тұрған жағдайда, мұндай адамдар мазасызданып, жайсыздықты сезінеді.

3. Мұның ауру екендігін түсінген соң, шешімін бірге ойлап табуға болады.

4. Теледидар қарауға арналған арнайы уақытты белгіліп, ішінен ең таңдаулы деген бағдарламаларды ғана көрген жөн.

5. Теледидарды бірге қарауға келісіңіздер. Бастысы өзіңіз де тәуелді болып қалмаңыз. Оны қажет уақытында өшіру үшін отырғандығыңызды ұмытпаңыз.

6. Кешкі уақытта үйде болмауға тырысыңыздар. Мысалы, таза ауада серуендеп келуге болады.

7. Тәуелді адам теледидардың алдында отырған кезінде ешқандай да мәселесі шешілмейтіндігін түсінгені жөн. Нағыз өмір экранның сыртында болып жатыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fisnyak.ru

3073 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 30 қазан 2013, 18:56
Пікірлер
+0
30 қазан 2013, 18:50

Шынымды айтсам, қазір теледидар көп көретін болып барам. Мәселемнің шешімін содан табатындай сылтау-себептерді өтірік болса да іздейді екем.

+0
30 қазан 2013, 23:01

теледидарды калаганымша коргим келип журм бирак уакыт жок )

+0
31 қазан 2013, 12:07

жексенбі күндері қарамасам уақыт жоқ, тәуелді емеспін!

+0
31 қазан 2013, 14:39

Интернетке тәуелдімін, демалыс күндері де аз қараймын

+0
31 қазан 2013, 14:51

менің бір нағашымның баласы кішкентай кезінен теледидарың алдында өскен. Ата анасы ылғи жұмысқа кетеді, ал баласы (ұл бала) үнемі орысша мультфильмдер көреді, алдыңғы жылы ата анасы қазақ мектебіне берген болатын, өзі құралпы балалармен жөнді сөйлесетін тақырыптары жоқ, қазақша жөнді сөйлей алмайды, робот сияқты, ылғи Никелодеон-дағы мультфильмдер мен кинолар туралы ғана айтады. Орысша мультфильмдердегі сөздерді жаттап алған.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...