Құрбыңыздың адал екеніне сенімдісіз бе?

Құрбыңыздың адал екеніне сенімдісіз бе?

Жаныңызды жардай түсінетін құрбыны табу қиынның қиыны. Қайғы мен қуанышта бірге жүріп, басыңызға қиын іс түскенде қаша жөнелмейтін құрбыға ие болу – нағыз бақыт. Алайда адал досқа лайық бола білген де жөн. Кейде құрбыңыздың адалдығына тәнті болып, артынша өзіңізді алдап кеткендігін біліп жатасыз. Көпшілік ата-ана нағыз құрбың жастығың ғана деп үйретеді. Бұл сөздің де орны бар. Өсе келе құрбыны таңдай білгеніңіз де дұрыс. Оларды төмендегі үш жағдайда тексеріп көріңіз:

1. Қуаныш арқылы тексеру

Қайғыны бөліскенге қарағанда, қуанышқа ортақтасу қиын іс. Бір сәтке ойланыңызшы құрбыңыздың қиын сәттерде ғана жаныңыздан табыла бергендігі күдікті емес пе? Мүмкін ол сіздің кемшіліктеріңізден сабақ алғанды жөн көретін шығар. Кейде құрбыларыңызбен жақсы жаңалықтармен бөліскіңіз келмейтіндей кездер болады. Мұндайда ішкі түйсігіңізден ақыл сұраңыз. Достық деген – қолдау көрсете білу. Сізге үнемі қолдау көрсетіп, жадырата түсудің орнына жаны аши беретін болса, сіздің сәтсіздіктеріңізден рахат алғандығы.

2. Жігіттіңіздің көмегімен тексеру


Қыз баласы ер адамдардың ортасында өзгеріп сала береді. Сіздің ашықауыздығыңыздың арқасында жігітіңізге ненің ұнап, ұнамайтындығын білетін құрбыңыз оған көз салуы мүмкін. Әрі өзіне қаратып алуы да ғажап емес. Ал нағыз құрбы мұндай әрекеттер жасамауы тиіс. Сол себепті жігіттер қауымының ортасында тұрғанда құрбыңызды мұқият бақылап көріңіз.

3. Сырт көрінісіңізбен тексеру

Әдетте құрбылардың біріншісі әдемі әрі сол әдемілігін барынша пайдалана білетін болып келсе, екіншісі қарапайым, сырт келбетіне мән бере бермейтін болып келеді. Сіздің киімге қатысты талғамыңыздың жоқ екендігін пайдаланып, жаныңызда сұлу болып көріну үшін пайдаланатындығын байқап қалсаңыз, ондай құрбыдан бірден бас тартыңыз. Оған бұл әрекетінің өзіңізге ұнамайтындығын ашық түрде айтып, өзгеру үшін барыңызды салыңыз. Мұндайдан сабақ алыңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: on.kz

Қ. Бүйенбай