Қыздармен телефон арқылы сөйлесудің сырлары

Қыздармен телефон арқылы сөйлесудің сырлары

Заманауи ғашықтар техника мен технология қызығын көріп, телефон арқылы сөйлесіп, SMS хабарламалар жазудан шаршаған емес. Соңғы кезде телефон екі жасты байланыстыра алатын маңызды құралға айналды. Бірақ техникалық ақаулар, хабарламалар жазғанда түсініспеушілік және кейбір мәдениет нормаларын білмегендіктен пайда болатын телефон ұрыстары, SMS арқылы қарым-қатысты анықтау жиілейді. Мобильді байланыс этикетінің кейбір ерекшеліктерін білетін болсаңыз, келесіде мұндай жағдайға түспейтін боласыз.

Қателіктер:

"Мен жауап бермейтін кездері қайта-қайта қоңырау шала бермеші!"

Әрине қолың бос емес кезде қоңыраулар мен хабарламалар мазаны алады. Бірақ сүйіктіңізге ызаланып, дәл осылай жауап берсеңіз, ол күдіктеніп, арты ұрысқа айналуы мүмкін. "Жұмыстамын, қазір сөйлесе алмаймын" немесе "Өзім кейін хабарласамын" деп сұлуыңызды тыныштандыра аласыз. Артынан міндетті түрде хабарласыңыз.

"Телефонымды ақтарма, SMS-терді оқыма!"

Сүйген жаныңызға осылай айту арқылы оны өкпелетіп ала аласыз. Бұндай сөздерден сүйіктіңіз сіздің басқа да қыздармен араласып жүргеніңізді түсінеді. Ал оған сенімсіздікпен қарағаныңыз жағдайды ушықтырып жібереді. Осы тақырыпта ұрсысқан ғашықтар қаншама?! Ғашығыңыз тым қызғаншақ болса, күнделікті хабарламаларыңызды тексеріп, күдік туғызатын SMS-терді өшіріп жүріңіз.

SMS ұрыстары

SMS-хабарламаларында түсініспеушіліктер көп болады, солардың арқасында көңіл-күйі жоқ адаммен ұрсысып қалу қиын емес. Бірақ қыздар "Мен бұл мәселені SMS арқылы талқыламаймын" деген сөзді соғыстың басы деп түсінеді. Сондықтан сүйіктіңізге алдын ала SMS арқылы қарым-қатынас анықтамаймыз деп келісіңіз, өзіңіз де SMS жазуда белсенділік танытпаңыз, одан да қоңырау шалып адаммен сөйлескен, ал ең дұрысы бетпе-бет әңгімелесу керек.

Дұрыс:

"Маған таңмен/түнде қоңырау шалмашы"

Кездесіп жүрген қызыңызға осындай талап қоюдың еш ұяты жоқ. Әркімнің жеке өмірі, отбасы, ұйқы режимі бар. Ұйықтайтын кезіңізді белгілеп, жаныңыздың сол уақытта хабарласпауын сұраңыз. Бұл кезде сізге демалыс қажет екенін айтып, үйдегі ата-ананың ұрсуы мүмкін деп қорқытып қойыңыз. Тәжірибе түнгі ашық әңгімелер күні бойы ұйқының келуінен артық ештеңе бермейтіндігін көрсетеді.

"Телефоныңды шұқылай бермеші"

Бұл қарапайым этикет нормасы. Кездесіп, бірге уақыт өткізейін деген екі жастың телефондарына үңіліп отырғаны дұрыс емес болар. Сондықтан өз телефоныңызды қалтаға салып, сүйіктіңізге де соны айтыңыз. Кездесуді телефонсыз өткізуге дағдыланыңыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: collegegloss.com

С. А