«Ажырасу» айласы...

«Ажырасу» айласы...

Мумбай қаласында тұратын қария Нью-Йорктағы ұлына телефон шалып: «Балам, сенің тұрмысыңды бұзғым келмейді, алайда, бір істі саған, сөз жоқ, айтуым керек. Мен шешеңмен ажыраспақшымын, біздің бас құрағанымызға тұп-тура 35 жыл болды, мұндай тұрмыстан әбден мезі болдым!» деді.

Мұны естіген ұлы: «Әке, не айтып тұрсыз?» деді таңдана.

«Біздің көңіліміз әбден суып кетті, - деді қария, - айта берсең оның бет-жүзін де көргім келмейді. Сондықтан, сен Гонконгтағы әпкеңе телефон соғып, бұл жәйды айта сал» деді де тұтқаны қойды.

Ұлы бұл жағдайды дереу әпкесіне жеткізді. Әпкесі істің мән-жайын ұққан соң: «Олар тәп-тәуір еді ғой, қалайша ажыраспақшы? – деді ашу шақырып, - біз оларды ажырастырып қойып қарап отыра алмаймыз!»

Қыздары Мумбайдағы ата-анасына ажыраспай тұра-тұрыңыздар, ең болмаса біз үйге барған соң ақылдасайық, інім екеуміз ертең үйге ұшамыз, біз барудан бұрын бұл іске шешім шығаруларыңызға әсте болмайды деді хабарласып.

Қария телефонды қойып жатып, кемпіріне жымия қарады: «Жарайды, мәселе шешілді, ол екеуі біздің күміс неке тойымызға қатысатын болды!» деді қуанышпен.

Шынымен де, қазір адамдар өте қарбалас. Десе де, шын ниет болса, қашан да ата-ананың қасында болатын уақыт табуға болады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan