Саудаңыз жүрсін десеңіз...

Саудаңыз жүрсін десеңіз...

Өнімнің құрамын емес, қажеттілігін арттырыңыз. «Адамдар бір затты ұнатқандықтан емес, заттардың пайдасы бар болғандықтан сатып алады» дейді Дэн Кеннеди. Сауда-саттықта жұмыс жасап жүрген адамдар Котлердің "Дрель мен керегедегі тесік" атты мысалын жақсы білетін шығар. Дрельді сатып алып тұрған тұтынушы үшін дрель емес, дрельден кейін қалатын тесіктер маңызды. Яғни құралдың өзі емес, нәтижесі керек.

Бір кездері дүкендерде тұратын есепшоттар есіңізде ме? Калькулятор пайда болғалы олар саудадан алынып тасталды. Адамдарға бар болғаны құралдың жылдам есептейтін тиімді түрі қажет.

Virgin Airlines компаниясы авиарейстерді емес, керісінше А-Б пунктіне өтуге арналған қолайлы ұшақтарды жарнамалады. Сол секілді табысты заңгерлер сағаттап берілетін консультацияларының орнына өмірге тыныштық орната білетіндіктерін жарнамалайды. Ал күзету жабдықтарын сататын адамдар құралдарынан бұрын, адам өмірін қауіпсіз жағдайда сақтай білетіндіктерін алға тартады. Ал сіз ше?


Бақытты тұтынушыларыңыздың пікірлерін пайдаланыңыз. Ел өзіңізге қарағанда, сіз жайында өзгенің айтып бергеніне қаттырақ сенеді. «Табыстың кілті – өзгелердің сіз жайында үнемі жақсы сөздер айтып жүргенімен тікелей байланысты»,- дейді Дисней.

Сіз жайында айтылған өзге біреудің сөзі көпшілікті 1000 есе артық сендіреді. Сол себепті үнемі қоғамның ортасында жақсы пікірге ие болуға тырысу керек.

Өзге біреудің пікірін пайдаланарда міндетті түрде жанына суретін, телефонын немесе email-ін жазып қойыңыз. Мұнымен қатар пікірдің авторымен алдын ала келісіп алғаныңыз да жөн.


Өз өнімдеріңізге кепілдік беріңіз. Егер тауарыңызға 100% кепілдік бере алмасаңыз, өз тауарыңыздың сапасына өзіңіз сенбегендігіңіз. Ұзақ мерзімге берілетін кепілдік тауардың өтімділігін арттырады. Әрине, ең жақсы кепілдік – ақшаны толықтай қайтарып беру. Кейбір компаниялар тауардың бағасынан да көп ақша қайтарып береді. Сіздің өнімдеріңізді сатып алған соң, қулық жасап, тауарды қайтаратын тұтынушылар да болады. Бірақ көп жағдайда керісінше болатындықтан, мұндай кемшіліктерді сол ақшалармен толтырып алсаңыз болады. Қалай да мүмкіндік тауып, жеңілдік жасауға тырысыңыз. Мысалы, тегін қызмет көрсету, 3 жылға дейін толықтай кепілдік. Осы секілді жеңілдіктерді ойластырып, оларды көпшілікке ұсына біліңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Қ. Бүйенбай