Әркім өз өмірінің қожайыны

Әркім өз өмірінің қожайыны

Жаз айларындағы қапырық күндердің бірінде әке мен бала және есек – үшеуі шаң басқан көшелердің бойымен жүріп келеді. Әкесі есектің үстінде, ал баланың қолында – жүген.

Кенет алдарынан шыққан бір жолаушы:

– Бейшара, бала! Кіп-кішкентай аяқтары есекпен бірге әзер дегенде ілесіп келеді. Бауыр еті баласының аяқтары қалтырап, қалжырап келе жатқанда міз бақпастан есек үстінде отырған әкеге не айтасың?, – депті.

Әке бұл сөздерді жүрегіне жақын алады. Бұрылысқа келгенде есектен түсіп, баласын отырғызады.

Аз уақыт өтпей жатып:

– Ұят-ай! Шынашақтай бала сұлтан секілді есекке отырып алыпты, ал байқұс әкені соңынан ілестіріп қойыпты. Заманның азғаны осы ма? – деген дауыс естіледі.

Бала ұяттан кірерге тесік таппай, әкесінен артына мінгесуін өтінеді.

Сонда өтіп бара жатқан бір әйел:

– О, мейірімді адамдар! Мынадайды көрген көздер бар ма? Жануарды осынша қинауға бола ма екен? Есек қисалаңдап әзер жүріп барады, ал ана екеу мамық орындықта отырғандай жайғасып алыпты. Бақытсыз мақұлық-ай! – деген екен.

Әке мен бала үн қатпастан есектен қарғып түседі де, жетектеп кете барады. Мұны көрген адамдар:

– Есек деген сондай арам болады. Одан келер ешқандай пайда жоқ, тіпті қожайындарын баратын жеріне алып баруға жарамайды. Пайдасыз жануарды асырап жүрген сендерде де ақыл жоқ, – деп келеке ете бастайды.

Әке есектің үстіне бір бума сабанды артады да, баласының иығына қолын қойып:

– Қандай әрекет жасасақ та, біздерді сынайтын, бізбен келіспейтін біреу табылады. Қалай өмір сүру керектігін өзіміздің шешкеніміз дұрыс болады, – деген екен.

Ал сіз не дейсіз?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза күні болып жарияланды
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Пневмонияның белгілері мен түрлері
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Шаян уынан дайындалған қатерлі ісік емі
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Киберспорт Олимпиада ойындары құрамына кіре ме?
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен
Алматыда көлікпен саяхаттауға болатын 7 мекен