Күзде оқылатын қанатты сөздер

Күзде оқылатын қанатты сөздер

Күзгі күйзелістің қақпанына түсіп қалған оқырмандарымызға төмендегі қанатты сөздерді оқып, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алуды үйреніңіз демекпіз.

1. Қоқыс тастауды ешқашан ұмытпаңыз... шелектен... бастан... өмірден!

2. Жұмыстарыңыз жаман жүріп жатса – оларға ілеспей-ақ қойыңыз...

3. Өмірдегі ең мықты ұстаз – тәжірибе. Құлатады, шындықты айтады, қымбатқа түседі. Бірақ жеткізіп, өңменінен өткізіп түсіндіреді.

4. Қателігің түзетуге келіп тұрса – сен әлі қателік жасамағансың.

5. Өміріңде кенеттен пайда болып, оны сәнді, мәнді еткендерге және өміріңнен бір сәтте жоғалып, одан да сәнін келтіре түскендерге алғыс айта біл.

6. Сенің жасаған әрекеттеріңді ұнатпайтын бір адам міндетті түрде табылады. Бұл қалыпты жағдай. Мысықтың балалары ғана бәріне бірдей ұнайды.

7. Егер саған біреу дауыс көтерсе, ашуланса, ренжісе – өзіңнің көтеріңкі-көңіл күйіңмен ғана жауап бер. Қысқасы, "таспен атқанды – аспен ат" деген аталы сөзді есіңнен шығарма.

8. Өмір сені құрып үлгергенше, сен өз өміріңді құрып үлгер.

9. Ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ менде бәрі керемет!

10. Өмір супермаркет секілді, қалағаныңның бәрін ал, бірақ кассаның алдыңғы жақта екендігін ұмытпа. Бәрі үшін төлеу керек!

11. Жастықтың мәзірі: әрбір ұсақ-түйек үшін қуанып, әрбір оңбаған үшін жүйкеңізді жұқартпаңыз.

12. Ең керемет күн – бүгін!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com