Лифтегі этикет

Лифтегі этикет

Соңғы рет лифтке кірген кезіңіз есіңізде шығар. Ішіне келіп кіріп, ішінде тұрған бірнеше адамнан өзіңізді біртүрлі жайсыз сезініп, тезірек шығып кеттіңіз делік. Ендеше, жеделсатыға арналған этикет нормаларымен таныса отырыңыз.

Жеделсаты шақыру

Лифтің алдына келгенде қасыңызда ешкім болмаса, шақыру батырмасын басып, күтіңіз. Егер лифт алдына бір немесе бірнеше кісі тұрғанын көрсеңіз, шақыру батырмасын басу қажет емес (тұрған адамдар лифті шақырып қойған болар). Заманауи лифтердің батырмасынан жоғары, не төмен бағытталғаны көрініп тұрады. Егер лифт сізге қарсы бағытталса, оның қайта келуін күтіңіз.

Лифтке есікке жақын тұрған адам бірінші кіреді. Әрине, этикет бойынша жігіттер қыздарды алдыға өткізіп, екінші кіргені дұрыс. Қасыңызда балалар болса, оларды да лифтке бірінші кіргізіңіз.

Жеделсатыға кіргеннен кейін қажет қабаттың батырмасын баспай тұрып, қасыңыздағы кісілерден оларға қандай қабатқа бара жатқанын сұраңыз. Батырманы алғаш кірген немесе батырмаларға ең жақын тұрған кісі басқаны дұрыс. Әйтсе де бұл тұста да жігіттер өздерін жақсы жағынан көрсетіп, (нәзік жандыларға көмектесіп) батырманы өздері басуы қажет. 

Егер сіз кірген ғимаратта жеделсатының заманауи түрі орнатылса, заманауи жеделсатының  батырмасы барлық қабаттарды қабаттарды аралап шығады. Бұл жағдайда әркім өзіне қажет батырманы басқаны дұрыс. 

Жеделсатының ішіне кіріп-шыққан елдің барлығымен амандасу керек емес. Этикет бойынша тек таныс адамдармен амандасу жеткілікті. Әрине, танымайтын, бірақ күнделікті көрісетін адамдар үйде де, кеңседе де көп болады. Егер олармен амандасып жүрсеңіз, әдетіңіз бойынша қал сұрасыңыз. Тым ұяламын дейтіндері бастарын изесе жеткілікті.

Заманауи үлкен жеделсатыларда адамдар бір-бірінің артына тұра алады, алайда ескі жеделсатылардың көлемі кіші болғандықтан, онда бір-біріне қарап тұрғаны дұрыс. Жеделсатыдан (ең артында тұрып қалып) шығай алмай қалсаңыз, алдағы адамдардан өтуіңізді сұраңыз. Өзіңіз біреуге шығуға бөгет болсаңыз, әрі жылжып, не басқа қабатқа уақытша шығуыңызға болады. Өзімен бірге жануарлары бар кісілер сүйіктілерін қолға алғаны, не байлауда ұстауы қажет. Ал егер келген жеделсатыда адам көп болса, келесісін күте тұрыңыз.

Жеделсатыда неліктен өзімізді ыңғайсыз сезінеміз?

Әр адамның өзінің 1-1,5 метр жеке кеңістігі болады. Жеке кеңістікке бөтен адамның кіргені кісі баласына психологиялық ыңғайсыздық сезіндіреді. Сол себепті барлық этикет нормаларын ұстанып, барынша ұстамды болыңыз. Лифтте қасыңызда тұрған адамның үстіне, киіміне, затына, сөмкесіне, қолындағы құжатына, шаш сәніне қараған дұрыс емес. Өзіңізді де айнадан (лифттердің көбісі айналы болып жасалынады) қарап, шашыңызды түзеп, не суретке түсірген басқаларға жағымсыз көрінеді.

Ал сіз лифтте өзіңізді ыңғайсыз сезінбейсіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lift-press.ru 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"