Facebook қолданушыларының үштен бірі өз "достарын" жек көреді

Facebook қолданушыларының үштен бірі өз "достарын" жек көреді

Facebook қолданушыларының үштен бірі өз "достарын" жек көреді екен. Мұндай шешімге Voucher Codes Pro сайтының мамандары келіп отыр.

Жақында болған зерттеулер Facebook қолданушыларының үштен бір бөлігі өздерінің виртуалды "достарын" жек көре тұрып, оларды достар қатарынан өшіруге қорқатындығын көрсетті. Социолог ғалымдар адамдар әлеуметтік желілерде кіммен және қандай себептермен "дос" болатындығын зерттеді.

Voucher Codes Pro сайтының зерттеушілері Facebook әлеуметтік желісінің тұрақты әрі белсенді 2500 қолданушысы арасында сауалнама жүргізіп, олардың 34 пайызы өздерінің виртуалды "достарын" шын өмірде танымай, сыртынан оларды жек көретіндігін анықтады. Респонденттердің 26 пайызы достарының көбісін "достығынан" өшіргісі келетіндігін, алайда бұл қадамға ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін бармайтындығын көрсетті. Ал оларды неліктен достар қатарына қосатындығына адамдардың 47 пайызы олардың көбісі алыс туыстар, 36 пайызы олар жұмыстағы әріптестер мен оқу орнында бір топта оқығандар екендігін айтқан. 

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбісін сол достарының Facebook-тағы белсенділігі мен қайта-қайта жаңаратын жаңалықтар тізбегі ашуландырады екен.

Сұралғандардың 10 пайызы ғана өздерінің виртуалды достар тізімі көңілдерінен шығатындығын көрсетті. Олардың айтуынша, виртуалды достарын өмірде кездестірген жағдайда олармен құштарлықпен әңгімелеседі екен.

Facebook-та орта есеппен бір кісінің 287 досы болады.

Ал сіздің Facebook-та қанша досыңыз бар? Олардың бәрін шын өмірде танисыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: lifehacker.ru

С. А