Жұмыстан дұрыс демалыңыз

Жұмыстан дұрыс демалыңыз

Кеңсе – әрқайсымыздың аптасына 5 күн, күнделікті 9 сағаттық мекенімізге айналған орнымыз. Қандай қызықты жұмыс болса да, демалыс әркімге де қажет. Күнделікті істерден, қоңыраулар мен қағаздардан қалай демалу керектігі қасыңызда отыратын әріптестер санына тікелей байланысты екен.

Ұжымыңыздың мүшелер саны жұмыстың нәтижелілігіне, жайлылыққа, сонымен қатар жұмыстан қалай дем алу керектігіне әсер етеді екен. 

1,2,3 адам

Ұжымыңызда бірнеше қызметкер ғана болса, сізге жұмыстағы адамдармен қарым-қатынас жеткіліксіз бола алады. Бұл қажеттілікті жұмыстағы әріптестеріңізбен көбірек әңгімелесіп, олармен жақсылап танысып және жұмыстан тыс кезінде қанағаттандыруға болады. Жұмыстан кейін сізге адам көп отырыстарға бару қажет. Түрлі презентациялар, семинарлар мен сабақтар, курстарға қатысқан дұрыс.

7 адам

7 адам – орта есеппен қарапайым отбасы құрамы. Сіздің әріптестеріңіздің саны осындай шамада болса, нағыз бақытты қызметкерсіз. Бұндай ұжымда адамдардың көптігінен шаршамайсыз, қарым-қатынаста да қажеттілігіңіз толықтай қанағаттанады. Біреумен болмаса, басқасымен достасып кетуіңіз де мүмкін. Сізге демалу үшін 2-3 дос жеткілікті. Кішігірім туыстық кездесулер, достармен түскі асқа бару сіз үшін пайдалы болар еді.

15 және одан көп

Сіздің кеңсеңіз араның ұясына ұқсай ма? Жұмыстағы әріптестеріңіздің көптігі соншалықты, олардың аттарын нақты білмейсіз бе? Бастапқыда кейбіреулерге адамның көптігі ұнаса, басқалар бұндай жұмысын жақтырмай отырады. Алайда уақыт өткеннен кейін үйреніп кетіп, сіз ұжымды, адамдар тобын тұтас бір нәрседей қабылдай бастайсыз. Сізге жақсы демалыс басқалардан артығырақ керек. Әрине сізге кейде жалғыз қалып демалу қажет. Бірақ қоршаған ортаны бірден өзгертіп, үйде жалғыз қалып не көшелерді жалғыз кезіп жүрмеңіз. Өзіңізге ұнайтын бір қызығушылық тауып, оған күніне бір сағаттай уақыт бөліңіз. Бұл кезде телефонды өшіріп тастап, оңаша қалған дұрыс.

Ал сіздің ұжымыңызда қанша адам жұмыс істейді? Және сіз жұмысыңыздан қалай демаласыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: daisyswan.com 

С. А