Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Бір-бірімізге не үшін қарыздармыз?

Бір-бірімізге не үшін қарыздармыз?

Бір-бірімізге не үшін қарыздармыз?

Жігіттер мен қыздар арасындағы байланыс, махаббат, бәсекелестік пен достық әр уақытта болған. Әрине қыз бен жігіт десе, бірден махаббат, қарым-қатынас жайлы ойланамыз. Арамыздағы байланыс, ортақ нәрселер мен айырмашылықтар бізді бір-бірімізге өте қажетті жандарға айналдырды. Бізде бар айырмашылықтар көптеген жақсы істердің бастамасы болды. Біз бір-бірімізге немен қарыздармыз?

Тарихта әу баста ер кісілер үшін жасалып, бірақ уақыт талабымен қыздардың қолданысына берілген заттар, және керісінше, нәзік жандыларға арналып, артынан ерлердің пайдасына жараған заттар көп-ақ. Қазірде күнделікті өмірде қолданатын заттарды бірнеше ғасыр бұрын басқаша пайдаланғанын біліп жүріп, сол үшін бір-бірімізге алғыс айтайық.

Қыздар жігіттерге не үшін қарыздар?

Жасанды шаш, өкше мен жабысқақ шалбар XVII-XVIII ғасырларда Людовик XIV патшаға байланысты танымалдыққа ие болған. Бойы қысқа, шашы сирек патша кемшіліктерін осылайша жасырып, биік өкшелі аяқ киім мен жасанды шашты сәнге кіргізді. Патшаның 5000 жұмысшысы түрлі жағдайларға киілетін жасанды шаштарды жасап отырған. Кейінірек аң терісінен тігілетін аяққа тырысып тұратын шалбарлар пайда болды. Бұндай шалбар сулап киіліп, кепкенде аяққа тырысып, жабысып қалатын. Айта кетсек, сол кездегі жігіттердің барлығы осы шалбарды ыңғайсыздығы үшін жек көретін. Шалбар, пиджак және қысқа шаш сәнін сән әлеміндегі тарихи тұлға Коко Шанель түрлі кезеңдегі жігіттер гардеробынан алған. Пиджак, жейде, галстук пен шалбар оған дейін тек жігітке тән заттар болатын. Ал қысқа шаш тіпті трендке кездейсоқ айнала кетіпті. Коко Шанель асығыс жиналғанда, шашын плойкаға күйдіріп алып, шашын қысқартып қиып тастапты. Өзгерістерден қорықпайтын арудың шаш сәнін көрген сәнқой қыздар бұл трендті жалғастырып әкеткен екен.

"Шпилька" өкшесін Сальваторе Феррагамо, жасанды кірпіктерді Макс Фактор ойлап тапқан.

Жігіттер қыздарға не үшін қарыздар?

Арулар ойлап тапқан пайдалы заттарды атап өтейік. Бәсті есептейтін тотализаторды Англия ханшайымы Анна, жердегі темір жолдарын Мэри Уолтон, алғашқы бағдарламалау тілін Грейс Мюррей Хоппер, белгі беретін зымырандарды Марта Костон, мобильді телефон технологиясын Хейди Ламарр ойлап тапқан. 

Журналдар басында тек қыздарға арналып шығарылған. Алғаш қыздарға арналған журнал 1672 жылы басылымнан шықты. Артынан жігіттер де өзін күту шаралары, әлемдегі жаңалықтар мен денсаулыққа байланысты түрлі деректерді білгісі келетіні байқалып, сұраныс пайда болды. Алғаш жігіттерге арналған басылым XX ғасырдың басында шықты. Esquire журналы, артынан Mercure galant қазіргі Mens Health сияқты журналдардың бастамасы болды. Жігіттерге арналған журналдарда сымбат пен өзін күту, денсаулыққа байланысты тақырыптарға қоса, саяси, қоғамдық мәселелер жазыла бастады.

Сериалдар дәстүр бойынша тек нәзік жандыларға тән құмарлық деп ойлайсыз ба? Әу баста үйде отыратын әйелдерге бағытталып түсірілген сериалдардың қазірде 1/3 бөлігі жігіттер аудиториясына арналады екен. Интернеттің дамуы сериалдарға жаңа дем беріп, олардың саны көбейе түсті. Қазірде шытырман оқиғалы, атыс-шабыстарға толы немесе интеллектуалды, ақылды кейіпкері бар сериалдар жетерлік. Жігіттер сүйіп қарайтын жанр – тарихи сериалдарда тақ үшін күрес, билік жүргізу сынды жігіттерге жақын тақырыптар көтеріледі.

Сән, киім, күтім ұғымдары әу баста тек қыздарға тән болған. Қазірде жігіттер сұлулық салондарына барып, маникюр мен педикюрдан бастап, бет тартатын дауаларға дейін жасатады. Кремдер, лосьондар, жуынатын гельдердің де жігіттерге арналған топтамалары пайда болды. Әсіресе, жұлдыз жігіттер сұлулығын сақтау үшін пышақ астына жатып, пластикалық хирургия көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ жасы үлкен ерлер арасында бастағы шаштың трансплантация дауасы кең таралған. 

Сән әлеміне қатысты дизайнер, модельер сынды қыздарға тән жұмысты қазірде көбінесе жіттер атқаруда. Атақты жоғары сән үйлерінің дизайнерлерінің көбі – жігіттер. Жігіттердің соңғы "ұрлықтарының" арасында қысқы угги етіктері де бар.

Қазірде жұптар бір-бірінің заттарын қолданып, оларды ортақ пайдаланудан еш жасқанбайды. Мысалға көп жұптардың айтуынша, олар бір-бірінің ұстараларын, қырынуға арналған гель, көбіктерін, фен, шұлық пен кейбір киім түрлерін "қарызға алып" қолданады екен. 

Түрлі болсақ та, жігіттер мен қыздар қауымы бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Сол себепті бір-бірімізден кейбір заттарды қолданысқа ала тұрғанның не айыбы бар? Ал сіз жігітіңіз не қызыңыздың қандай затын қолданасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com, bibliotekar.ru, artofmanliness.com, starexpert.ru

3211 6
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 қазан 2013, 15:35
Пікірлер
+0
07 қазан 2013, 15:41

Аяғымдағы биік өкшеге қарап отырып, Сальваторе Феррагамоға мың алғыс айтып отырмын ) Ал шалбар үшін Людовик XIV патшаға рақмет! )) Жалпы сырт көзге байқалады ғой бәрі. Біз бір-бірімізге керекпіз. Сондықтан, ер адамның әйелдің әдемілігі үшін бас қатыруы заңды да :roll:

+0
07 қазан 2013, 16:06

Біздің ұлдардың киімін кигеніміз оларға қалай әсер етеді екен? Көйлек киген немесе биік өкше киген ер азаматтарымыз бізге қалай көрінсе, солай ма?)))

+0
07 қазан 2013, 16:37

Тамаша деректер екен! Рахмет!

+0
07 қазан 2013, 16:50

Ең бастысы жігіттер өр мінезін, қыздарымыз нәзіктігін жолғалтпаса екен.

+0
07 қазан 2013, 18:36

юбканы еркектер киген баяғыда , әсіресе жауынгерлер ;)

+0
07 қазан 2013, 21:58

каблукты дұрыс тартып алған сияқтымыз ше :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев