Сөзден іске көшер кез келді!

Сөзден іске көшер кез келді!

Еріншектік пе, не болашақтан қорыққанымыз ба, кейде өмірімізді күрт өзгертетін қадамдар жасаудан қорқамыз. Арман, мақсаттарды ойлап айтуды қойып, іске көшейік!

Міне қызық, бірақ сіз армандаған істердің көбісі бір не бірнеше күннің шаруасы екен. Шет тілін үйрену, жаңа жобаны бастау, өз ісіңді ашу арманыңыз қандай болса да, оны қолға алу үшін бірнеше қадам ғана жасау керек.

Қазірден бастаңыз

Қойған мақсатыңызға дәл осы сәттен бастап ұмтылыңыз. Ойлаңызшы, егер арманыңызға бүгіннен бастап қадам бассаңыз, бір аптадан кейін-ақ өзіңізге баға беріп, алғашқы жетістіктеріңізді айта аласыз. Ал істі қайта ертеңге қалдырсаңыз, ол күннің таңы туары да екіталай болады.

Ызаланыңыз

Ашу-ыза мықты энергетикалық импульс беріп, кейде мейірімнен де пайдалы да бола алады. Бар жігеріңізді жинап, "Осы істі қазірге дейін неге бітіре алмадым?!" деп өзіңізге ызаланып, іске кірісіңіз. Бұл ыза сізге жұмыстың ең қиын бөлігін – оны бастауды өткеруге көмектеседі.

Ойланбаңыз

Әрине бір жұмысқа кіріспес бұрын біз ол жайлы барынша көп ақпарат жинап, дайындалып, білімімізді толықтырамыз. Алайда шаруаңыз дәл осы қадамда "қатып қала" алады. Батыл шешімдер қабылдап, тәуекелге барудан қорықсаңыз, бұл іске сол бойы кіріспей қалуыңыз мүмкін.

Өз күшіне сеніңіз!

"Бұл менің қолымнан келмейді", "Істей алмаймын" деген сөздерді ұмытыңыз. "Көз – қорқақ, қол – батыр" демекші, жұмыстың қалай жасалатындығын, сұрақтарға жауаптарды істеу барысында шеше аласыз.

Ештенені де күтпеңіз

Армандарыңызды іске асыру үшін ерекше белгі, жақсы сәт, өмірдегі өзгерісті күтпеңіз. Ал онсыз бастай алмайтындар сол сәт дәл қазір, осы сөздерді оқу кезінен бастау алды деп сенсін. 

Ендеше ісіңізге сәттілік, бойыңызға ашу-ыза, жігерлік тілейміз!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: revdafond.ru

С. А