Ең сараң адамдар - миллионерлер

Ең сараң адамдар - миллионерлер

«Кедей бай болсам, бай Құдай болсам дейді». Тапқан ақшаларынан биік үй құрауға болса да, нақ осы шіріген байлар әлемдегі ең сараң адамдар болып есептеледі екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, бұл дәлелденген нәрсе...

Генриетта Хоуленд Грин – америкалық қаржыгер. Өз артынан 100 млн. доллар қалдырған ол күллі өмірін Чикагоның бүкіл пәтеріне иелік етіп тұрса да, арзан пәтердің бірінде өткізген. Бір күні оның баласы аяғын сындырып алады. Үш күн бойы тегін аурухана іздеп жүргенде, ұлының аяғы асқынып кетіп, оны тізеден кесіп тастауға мәжбүр болады.

Осыдан 30 жыл бұрын әлемнің ең бай адамы ретінде танылған мұнай патшасы Джон Пол Гетти үнемдеуден алдына жан салмаған. Вилласына қонақтардың сөйлескендеріне ақша төлемеу үшін таксофон орнатып қойған. 1973 жылы немересі Джонды ұрлап кеткенде, миллиардер 17 млн. төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Джонның бір құлағын кесіп хат салып жібергенде ғана Гетти сұралған ақшаның 2,7 млн-ын ғана төлеген.

Скандинавиялық Ханс Раусинг шіріген бай бола тұра, ұзақ уақыт ескі маркалы автокөлікте жүрген. 8 млрд. доллардың иесі өзінің Morris Minor-ын ресейлік «Ниваға» ауыстырып мінген екен. Айтпақшы, Раусингтің сараңдығы дүкендерде саудагерлермен ұзақ уақыт саудаласатынымен де әйгілі.

28 млрд. доллар иеленген швед байы Ингвар Кампрад ылғи автобуспен жүреді екен. Қарамағындағы қызметкерлерге қағаз үнемдеу мақсатында парақтың екі бетін де пайдалануды тапсырыпты. Демалысын үш жұлдызды қонақ үйлерде өткізетін ол арзан мейрамханалардан тамақтанады екен.

Ал эстрада ханшайымы Мадонна тиын санап, қызметкерлерінің әр қадамын аңдып отырады екен. Телефонмен сөйлескендері үшін жалақыларынан ұстап қалатын көрінеді.

Сараңдықтары бағы ма, соры ма? Оларды бай қылған да осы сараңдық шығар? Сіз не дейсіз?

Сурет: otkrovenie.net

М. Оңғарова