Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сұлулық - әйелдің бақыты

Сұлулық - әйелдің бақыты

Сұлулық - әйелдің бақыты

Қазақстандық бойжеткендердің жартысынан көп пайызы өз бойынан кемшіліктер табады екен. Ал сол кемшіліктерді жоюға қаншама мүмкіндіктер бар екендігін ескере бермейді.

Бұрынғыдай түрлі журналдарды ақтарып, маскалардың құрамын дәптерге жазып алудың да қажеті жоқ. Бар болғаны қажетті материалдарды интернет желісінен оқып, компьютеріңе сақтап қойсаң болғаны. Олардың арасынан киім түстерін үйлестіріп кию, сымбатыңызға қарай киім таңдау, дене пішініңіздің кемшіліктерін жасыру секілді кеңестердің түр-түрі жазылған.

Сайтта отырып «қыз балалар мен әйел адамдарға арналған сайттар» деп жазсаңыз, 4 миллионға жуық нәтиже шығады. Және оларды тек оқып қана қоймай, кеңестерді өмірде жүзеге асыра білу қажет. (Орташа есеппен әйел адам ғұмырының 17 жылын емделуге арнайды екен).

Қажетті кеңестердің қол жетімділігіне қарамастан, өзін күте білетін, талғаммен киінетін бойжеткендер мен әйел адамдардың саны аз. Арнайы зерттеу нәтижесі бойынша, өзін күтпейтін әйелдер саны экономикасы төмен мемлекеттерде көп кездеседі. Алайда әдемі болып көріну үшін міндетті түрде табыстың ¾ бөлігін косметикаға жұмсаудың қажеті жоқ. Арзан киімдермен де әдемі көрінуге болады.

Елімізге келген Фаст-фудтардың арқасында салмақты адамдардың саны күрт өсуде.

Мінсіз келбетке қол жеткізу үшін біреулер артық салмақтан арылуға тиіс болса, енді біреулер терісін әрлеуі керек. Ал кейбіреулері талғаммен киінуді армандайды.

Табиғи сұлулықты пайдалана білмеудің бұдан өзге бірнеше себебі бар, олар:

1) Жалқаулық пен жігерсіздік;

2) Шаршаңқылық;

3) Күйзеліс;

Осыларға қарсы тұра білсе, бұл әлемде барлығы да сұлу болар еді. Естеріңізде болсын: «Өмірде ажарсыз әйел болмайды, тек өзін күте білмейтіндері ғана бар».

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: basik.ru

3650 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2013, 13:01
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2013, 15:06

кедей елдерде сүйкімсіздердің саны артуы - косметикаға аұша жетпегендіктен емес, тұрмыстың ауыртпалығын ойлап, күйзелгеннен дер едім. өйткені жан-дүниедегі құбылыс, өзгерістердің барлығы әйел затының келбетінен бірден көрініс табады. Сондықтан сұлу болу үшін ішкі дүниені сұлуландырып, жан мен тән арасындағы үйлесімділікке қол жеткізу керек алдымен.

+0
24 қыркүйек 2013, 15:54

Анандай көп косметикаң болса жындығоо!

+0
24 қыркүйек 2013, 22:11

Сұлу болу үшін сүйікті адамың болып жатса болғаны деп ойлаймын

+0
25 қыркүйек 2013, 00:42

маган бетиме шыккан безеулерди сыкканнан кейинги тесиктерди битеу арман болдау :(

+0
25 қыркүйек 2013, 10:27

Байқағаным безеу тұқым қуалайтын сияқты. :lol: Ал сұлулық әйлдің бағы да соры да :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев