Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Әлеуметтік желідегі өтірік сөздер

Әлеуметтік желідегі өтірік сөздер

Әлеуметтік желідегі өтірік сөздер

Әлеуметтік желілер – тілдесудің ең қолайлы, ыңғайлы әрі кеңінен таралған түрлерінің бірі, көбіне алыстағы туған-туысымен сөйлесудің жалғыз мүмкіндігі, өз ойын білдіру құралы немесе бизнесін жетілдіру жолы. Алайда анықталғандай, әлеуметтік медиа бұдан бөлек түрлі өтіріктерді айтуға да өте жақсы мүмкіндік береді екен. Назарларыңызға интернетте тілдесудегі кеңінен таралған өтірік түрлерін ұсынамыз.

Көбі менен былай деп ... сұрап жатады

Көптеген адам өзінің тауарын немесе қызметін ұсынарда осыны айтып жатады. Олар нарықта жаппай сұранысқа ие сияқты болып көріну үшін тікелей жарнамадан аулақ жүреді. Сонымен қатар ешкімге қызық болмауы мүмкін қандай да бір оқиға немесе құбылыс айналасында жасанды шу тудыру керек болған кезде «бәрі .... дейді» деген секілді тіркестерді қолданып жатады.

Қалай болғанда да, мұндай тіркесті қолдану көбісі ойлайтындай тиімді емес: егер адамға бұл мәселе шынымен де қызықты болса, ол блогтағы мақаланы соңына дейін оқып шығарды, бірақ оқырманға материал ұнамаса, ешқандай айла-тәсілмен оны аталған блогта ұстап қалу мүмкін емес.

Отбасылық жағдайы немесе жеке өмірі: бәрі қиын 

Әдетте бұлай жағдай аса қиын болмаған кезде жазылады: жұптың бірі екіншісін жақсы көреді, бірақ бірінші жауап қатпайды.

Таланттар тізімі 

Интернет-қолданушылардың көбі (мысал ретінде) биден бірнеше сабақ алса, әлеуметтік желілерде енді өздерінің биші екенін жаза бастайды, ал блогта бірнеше мақала жарияласа, өздерін жазушы көре бастайды.

Егер әлеуметтік желілердегі парақшаларға сенер болсақ, адамдардың көбі дарынды суретші, музыкант немесе актерлердің арасында екенін білмейді – қолданушылардың көбісі өздерін дәл осылай санайды, алайда шын мәнісінде аталғандардың барлығы кей уақытта айналысып тұратын жай ғана хобби болып шығады. Әрине, шығармашылықпен немесе бос уақытта қызықты нәрсемен айналысудың еш жамандығы жоқ, бірақ дей тұрғанмен, шамалы адал болған абзал.

Мен мұнда күні бойы (тәулік бойы) отырмаймын

Әлеуметтік желілер – өзін-өзі жарнамалау мен тілдесудің тиімді құралы, бірақ оған тым көп уақыт жұмсау айрықша тоқырауға және жабырқаңқы жағдайға әкелуі әбден мүмкін. Бұл жайлы соңғы уақытта психологтар тым көп айтып жүр емес пе?!

Ересек адамдардың көбі мұны түсінгендіктен, әлеуметтік желілерде тілдесу кезінде «мен онлайнда сирек отырамын» деп бос уақытының едәуір бөлігі интернетте өтпейтіндігі жайлы әсер қалдырмас үшін айтып жатады.

Бұдан кейін бұл сайтқа кірмеймін

Интернеттің негізгі кемшілігі мен басты құндылығы – ол жерде адамдардың отыратындығы, ал адамдар әрдайым өзін-өзі ұстай білетін, адекватты бола бермейді. Әлеуметтік желіде қандайда бір шиеленіс, түсінбеушілік немесе «троллингтан» кейін қолданушылар «енді бұл жерде отырмаймын» деп айтуға бейім келеді.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, бәрі қайтып оралады – себебі заманауи адамға өз өмірін «лайксыз», «постсыз» және «ретуитсіз» елестету өте қиын, дегенмен де әлеуметтік желілер оның орнына беретін басқа зат бар – адаммен тілдесу. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rus.ruvr.ru

3995 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2013, 15:23
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2013, 16:07

Монитордың арғы бетінде болғасын өтірік айтуға ұялмайтын жағдай болатын шығар? :?

+0
25 қыркүйек 2013, 16:28

Бізде басқалай өтіріктер көп сияқты, мысалы саясат,отанға деген сезім, адамгершілік ...

+0
25 қыркүйек 2013, 16:32

Маскаларын шешіпсін ғой)

+0
25 қыркүйек 2013, 16:37

8-)

+0
25 қыркүйек 2013, 20:34

Бұдан кейін бұл сайтқа кірмеймін деп алып қайта кiретiндерге күлкiiiм келедi. Өз-өздерiн алдап :lol:

+0
25 қыркүйек 2013, 22:13

Шынымды айтсам осы Массагетте көп нәрселерге сенбеймін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев