Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ұмыт болған әдептер

Ұмыт болған әдептер

Ұмыт болған әдептер

Қарбаласқа толы күн кейде бізді сыпайылық пен әдептіліктен жұрдай етіп жатады. "Уақытымыздың жоғы" да, "көңіл-күйіміздің төмендігі" де, "денсаулығымыздың болмай тұрғандығы" да түсінікті жәйт. Әйткенмен кез келген жағдайда әдеп пен сыпайылықты ұмытпау керек. Өйткені адам әдебімен сүйкімді. Адамдар өзінің жасаған ісі арқылы өзгенің есінде қалады. Біреуді айтқанда бізге оның ең алдымен қылығының елестейтіндігі осыған айнытпас дәлел бола алады. Сіз мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да, әлемнің әдеп заңында тұрақталып қалған талай әдептер бар. Әдепті болу арқылы адам өзін-өзі тәрбиелейді. 

Бұрындары әдеп өмірдің "желіміндей" болған еді. Бұл адамдардың бір-бірімен сыпайы қарым-қатынас жасап, артық қылыққа жол бермеуге итермелейтін. Өкінішке орай, бүгіндері әдептің арбасы кейінге қарай шегіне бастады. Ендеше қазір сіз бен біз бола отырып ұмыт болған көне әдептерді еске түсіріп көрейікші.

Бірінші ереже. Күйеу жігіттің киімі

Әлемдік әдеп бойынша, егер үйлену той кешкі сағат 6-дан кейін басталатын болса, күйеу жігіт смокинг кимеуі керек. Мұндай уақытта оған классикалық қарапайым костюм киюіне тура келеді. 

Екінші ереже. Есік ашу. 

Әлемдік әдеп бойынша, есік ашу қашанда ерлердің жұмысы болған. Ерлер әйел адаммен келе жатса ішке кіру үшін немесе сыртқа шығу үшін әйелдің алдынан есік ашып әдептілік көрсетуі керек. Ол әйелдің таныс не бейтаныс болуы мүмкін. Сонда да! Мұндайда әйелді тану міндетті емес. Әйел адамның алдынан есігі ашулы тұруы керек. Бүгіндері бұл әдептің көзі жойылып барады. Қазіргі таңда төмен етектілерге емес, қалталылар мен зиялыларға есік ашулы тұратын болды. 

Үшінші ереже. Алғыс хат.

Әлемдік әдеп бойынша, бұрындары өзіне сыйлық келген адам сыйлықты жіберушіге сол уақытта-ақ алғысын білдіріп хат жазып жіберетін. Ал бүгіндері мұндай жағдайды байқап жүрген қайсыңыз барсыз? Мүмкін бұл әдеп SMS хаттар мен әлеуметтік желілер арқылы жіберілетін хабарламаларға ауысып кетті ме екен?..

Төртінші ереже. Сыйлықты ескерту.

Әлемдік әдеп бойынша, тойға немесе туған күнге шақыру қағазына сыйлық жөнінде ескерту жасау асқан қателік. Тіпті шақыру қағазына "Маған ешқандай сыйлықтың керегі жоқ" деп жазудың өзі де қате.

Бесінші ереже. Маңызды уақытта қонақтарды тастап кету. 

Әлемдік әдеп бойынша, сізді қатты керек етіп тұрған және сіз үшін жиналған қонақтарды тастап кету үлкен әдепсіздік. Бұрындары үй иесінің құрметті қонақтарға толы өз үйінен кетіп қалуы зор мәдениетсіздік саналатын. Бүгіндері мұндайға ренжи қоятындардың саны аз. 

Алтынша ереже. Кездесуге уақытылы келу.

Бұрындары кездесуге кешігіп келген адамды "сыйламайды" дегенге жатқызушы еді. Ал бүгіндері кездесуге кешігіп келген адамның бітпейтін сылтауларын естіп алып, оларды кешіргендей бола саламыз. Бірақ кешігіп келген адамды ар алдында жазалауды қойғанбыз.

Жетінші ереже. Үйдің барлық мүшесімен бірге дастарханға жайғасу.

Отбасының үлкені мен кішісі қатар жиналғанда ғана ас басына отыру керек. Ал бүгіндері бұл әдептің қаншалықты сақталып жүргендігі өздеріңізге аян. 

Сегізінші ереже. Әйелдерден қарыз сұрамау.

Бұрындары ерлер қандай жағдай болса да, әйел адамдардан қарызға ақша сұрамауға тырысқан. Мұны өздеріне ар санаған олар қарызға сұрағанның өзінде ақшаны тез арада қайтаруға асыққан. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: liveinternet.ru

1243 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 21 қыркүйек 2013, 15:01
Пікірлер
+0
22 қыркүйек 2013, 00:52

Жiгiттердiң қыздардан қарызға ақша сұрағаны ұят шынымен!

+0
14 мамыр 2014, 00:30

Жақсы қарым-қатынастағы адамы болса, адам ретінде қарызға ақша сұрауға болады ғой мұқтаждық болып тұрғасын. Мұқтаж адам ғана қарызға ақша сұрайды.

+0
22 қыркүйек 2013, 10:47

Күйеу жігіттің киімі деген жерде европалық үрдіс шығар, Қазақта жоқ дәстүр. Жалып тойымызда тек свадьбаға ғана қатты көңіл бөлеміз. Свадьба европалық үрдіспен әлемге тарады. Ал менің 1 досым керісінше свадьбаға емес Бет ашар тойына қатты көңіл болып Бет ашар тойын керемет өткізді.

+0
22 қыркүйек 2013, 11:28

тамаққа ақша сұрайт бір-бірінен масқара :twisted:

+0
22 қыркүйек 2013, 17:46

Кездесуге уақытылы келу :x просто тырысу керек қой

+0
17 қазан 2013, 00:46

Маған ешқандай сыйлықтың қажеті жоқ деген,сыйлықты қажет етіп тұрған адамның сөзі ғой ;)

+0
13 мамыр 2014, 21:40

шынында да,,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев