Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жан-жақты сауатты болу үшін...

Жан-жақты сауатты болу үшін...

Жан-жақты сауатты болу үшін...

Жан-жақты сауатты және жоғары білімді адамның өзгеден сыйы жоғары екендігін мойындау керек. Егер сіз өз ісіңіздің нағыз маманы болсаңыз, бұл сізге әлі де аздық етеді. Бұл заман адамдардан өз кәсібінің білгірі ғана болуды талап етпейді. Нан тауып, қоғамда қысылмай жүру үшін жан-жақты танымдық білімнің керегі көп. Тек медициналық білімді ғана жатқа білетін, бірақ әлем төртке бөлініп жатса да, хабарсыз жүретін жандардың жанымызда талайы өрбіп жүр. Иә, мүмкін ол сауатты дәрігер шығар. Бірақ «ақ халаттан» басқа да жұмысы жоқ адамды жан-жақты білімді жанмен шатастырмау керек. Кім айтты сізге: «Білім тек кітапта ғана» деп? Олай емес, білімді белгілі бір жерден оқып, түйіп ала салмау керек. Оны іздеу керек. Білімнің мекенжайы – белгісіз, бірақ оның бары – анық. Сондықтан жан-жақты сауатты болуды бірге үйренейік.

Жаңалықтарға құлақ түріп жүруі

Бұл ғасыр сіздің жаңалықтардан уақытылы хабардар болып отыруыңыз үшін барлық жағдайды жасап қойған. Интернет бар, теледидар бар, газет-журналдар және бар. Әлемде және өз елімізде, тіпті өз өңірімізде болып жатқан түрлі жаңалықтардан ешқашан құр қалмауға тырысу керек. Бұл арқылы ел танисың, жер танисың. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан жәйттарға қызығушылық білдірудің пайдасы молырақ. Теледидардан көрсетіліп жатқан бейнежаңалықтар мен интернеттен тез тарап жатқан жаңалықтарға құлақ түріп, назар аударуды әдетке айналдырған дұрыс. Сонымен қатар, газет-журналдар жазып жатқан дүнилерге де көңіл аударыңыз. Олар сізге керек емес дүниені басып шығармайды. Ел ішінде не ғаламшарда орнап жатқан оқиғалар мен түрлі жаңалықтардан хабардар болып отыру арқылы сауат ашуға болады. Көп ішінде отырғанда, өзіңіз естіген соңғы жаңалықтардан әңгіме бастап, қызу талқыға салуға да болады. Жаңалықтардан тыс қалып жүрген адам қоғамдық ортада кейде өз орнын таппай, «ойсырап» жататыны шындық.

Саясаттан хабардар болып отыруы 


Әр елдің жоғары билік органдары сол елдің азаматтары үшін жұмыс атқарып жатыр. Заң шықса да, заң жаңарса да, министрліктер бірігіп, ажыраса да, бәрі де халықтың қамын күйттеудің мақсатында жүріп жатқан іс. Сондықтан сізді жоғарыдан басқарып отырған саясат алаңында не болып жатқандығынан хабардар болып отыру керек. Биліктегі ауыс-түйістерді құр жібермей, қай министрлікте кімнің отырғандығын және оның не жасап жатқандығын біліп отыру керек. Саясаттағы әрбір жасалып жатқан қадам бізбен де тығыз байланысты. Сондықтан еліміз қандай беделді ұйымдардың мүшесі екендігін және қай елдермен тығыз байланысты екендігін біліп жүргеннен зиян жоқ. Саясаттан тек қана кір іздей берудің қажеті шамалы. Саясатқа салмақты санамен араласу керектігін де айтқымыз келеді.

Заң білуі 

Еліміздің Ата Заңынан хабардар болудың пайдасы мол. Сіз осы арқылы кез келген жерде өз құқығыңыздың пайдасына қарай әрекет жасайтын боласыз. Ненің бұрыс, ненің дұрыс екендігін біліп заңға қайшы келмейтін істердің басын бастауға әдеттенесіз. Әр шаңырақта Конституцияның тұрғаны және оның әке-шешесі тарапынан бала-шағалар оқып, түсінуінің маңызы зор. Заң білген адам еш жерден ұтылмайды. Қоғамдағы көптеген азаматтар заңды және өз құқығын дұрыс білмегендіктен, көп жерден жеңіліс тауып жатады. Заң көзі нашар көретін адамның  көзәйнегіндей. Заңды білген адам ешкімге де өз нанын жегізбейді. Заң жолымен жүрген адамның ісі ақ болатыны да содан.

Тегін білуі 


Қазақ болғасын, кез келген жерде бірінші тегіміз сұралады. Жеті атасын білмегенді жетесіз санайтын қазақ руынан басқа дәнеңені білмейтін адамды сауаттыға жатқызбайды. Кез келген азамат өзінің шыққан тегін, ата-бабасын және олардың жасаған ерліктері мен жақсы істерін біліп жүргені дұрыс. Бұл мақтанып, «Менің атам үлкен батыр болған» деу үшін емес, жөн сұрасқанда, ауызға құм құйып алмау үшін керек. Тегін білмейтін ұрпақтың енді біраз заман өткен соң өз ұрпақтарына айтар әңгімесі мен ақылы таусылады. Өзінің қайдан шыққандығын және ата-бабасының қай рудың тумасы болғандығын білмеген азамат баласына тегі туралы қандай мәлімет бермек?

Кітап оқуы 


Кітап дегенге, тек көркем шығармаларды оқу керек екен деп түсіну қате пікір. Түрлі жанрдағы шығармалар мен әртүрлі бағыттағы туындыларды назардан тыс қалдырмау керек. Кез келген шаңырақта кітап толы сөре болғаны жөн. Кітапты көріп өскен бала оның ішінде ненің барына қызығады. Бұл қызығушылық сауаттылыққа жол ашады.

Адамдармен араласуы 

Мейлі, ол адам сізше жаман не жақсы болса да, сіз онымен қатынасыңызды үзуге асықпаңыз. Бастысы – жаманнан жиренуді және жақсыдан үйренуді тиімді пайдалансаңыз болғаны. Нашар адамдарды өзіңізді жақсартып, өзіңізді адам ету жолында "пайдаланыңыз". Біреуді өзіңізге үлгі етуден бұрын, өзіңіз өзгеге қалай үлгілі болуды ойлаңыз. Қоғамммен тығыз байланысып, араласқан сайын біз біраз нәрселерден хабардар бола аламыз. Қоғаммен қатынасқа түсу арқылы сабырлы болуды, кешірімшіл болуды және адал болуды үйренеміз. Адамның адам болуы жолында қоғамның рөлі басымырақ. 

Тарихты білуі 


Өзінің өткен тарихынан мақұрым адам болашаққа текке аяқ басып келе жатқандығын білуге міндетті. Біздің артымызда жаңғырып жатқан талай тарих бары рас. Бұл күн көктен түсе салған жоқ. "Бүгінге" жету үшін заман талай "кешені" артқа тастап, талай уақытпен қоштасты. Әр сағатта және әр минутта тұнып тұрған тарихтың бары шындық. Өткен тарихтан хабары бар адамның кез келген ортада сыйы көрініп тұрады. Тарихты тану – өзіңді тану. Тарихыңызды білмесеңіз, өзіңізді-өзіңіз әлі таппай жүрген екенсіз.

Мәдениетті болуы 


Бұл заман – мәдениеттілікті қатаң талап ететін заман. Кез келген ортаның мәдениетін сақтайтын және өз бойындағы әдептілік пен мәдениетті "ұялтпайтын" адам сауаттыға саналмай, қайтсін? Сіздің әр жасаған әрекетіңіз бен аузыңыздан шыққан әр сөзіңіз сіздің қаншалықты мәдениетті екендігіңізден хабар беріп тұратындығын ұмытпаңыз. Мәдениетті үйрену де өзінше бір мектеп. Адам болғасын, мәдениеттіліктің адамның бойында болуы керек-ақ дүние.

Автор: Ақерке Әбілхан

Сурет: yk-news.kz, frognews.bg, proza.ru, masterfile.com  

16562 8
Рейтинг: +8

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2013, 18:26
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2013, 18:44

Иә, білім қоры осындай нәрселерден құралады.

+0
19 қыркүйек 2013, 19:23

Өте керемет мақала! Адамның танымы осылай кеңейеді.

+0
19 қыркүйек 2013, 22:40

Барлық нәрсеге мән бере қарай керек

+0
20 қыркүйек 2013, 00:02

өте тамаша! Білім сандық толы қазына болса, сұрақ соның кілті дейді. Аллахта тал бесіктен жер бесікке шейін білім ізде деген,білім-біл,інім!!!

+0
20 қыркүйек 2013, 01:16

«Білімнің мекенжайы – белгісіз, бірақ оның бары – анық.»

+0
20 қыркүйек 2013, 14:57

Рахмет, Ақерке! Бұдан да пайдалы кеңем алдым...

+0
20 қыркүйек 2013, 15:02

Рахмет, Ақерке! Бұдан да пайдалы кеңес алдым...

+0
20 қыркүйек 2013, 19:11

рахмет! шынындада пайдалы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...