Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Бақытты өмір сүрем десеңіз...

Бақытты өмір сүрем десеңіз...

Бақытты өмір сүрем десеңіз...

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ". Пенде болған соң, кейбір қадамдарымызды шалыс басып жатамыз. Достарымыздың бетін енді көрмейтіндей, оларға қатты-қатты сөздер айтып, ата-анамыздың қадірін кейін біліп, қолымызды мезгілінен кеш сермейміз. Өмір қағидалардан құралады. Ал қағидаларды жасайтын өзіміз екені рас. Мына қарапайым кеңестер шын мәнінде, өмірдің алтын кеңестері. Сондықтан, осы кеңестерді ойға түйсеңіз, бақыт бақшасына бір қадам жақындайтыныңыз сөзсіз... 

  • Біреуге қайта қоңырау шаламын деп уәде бердіңіз бе? Ендеше соны ұмытпаңыз! 
  • Кешігіп барасыз ба? Сізді күтіп отырған адамдарға бұл жайлы ескертудің жолын қалай да табыңыз! 
  • Біреудің арманына күлмеңіз. Сіздің арманыңызға күлгенді қалар ма едіңіз?
  • Сізді сатып, опасыздық істеген адамға қайта сенбеңіз. Ол әлбетте өзгермейді. 
  • Ата-анаңызға уақытты көбірек бөліңіз. Олардың бақилық болуы бір-ақ сәт. 
  • Сыпайылық жүректерді жаулайды. Әдепті болуға тырысыңыз.
  • Теледидар қарамаңыз. Ешқашан. 
  • Қателігіңізді мойындай біліңіз. Бұл - үлкен ерлік.
  • Біреуге шағымданып, өміріңіздің қиындықтарын айтып зарлай бергенді қойыңыз. Ешкімді де біреудің қиындықтары қызықтырмайды. 
  • Өсек айтқанды доғарыңыз. Бұл әдепсіздіктің белгісі.
  • Қиын, түсініксіз жайтқа тап болдыңыз ба? Қиындықты шешемін деп жүгірмей, одан да... ұйықтап алыңыз. 
  • Өмірдің бағыты жоғары болуы тиіс екенін ұмытпаңыз. Өзіңізді дамытып, әрі қарай жылжисыз ба, не бір орында бірнеше жылдап тұрып қала бересіз бе? Ойланыңыз. 
  • Біреумен қатты ұрсысып жатсаңыз да, адамды осал тұсынан ұстап қалудан аулақ болыңыз. Жақында онымен достасып кете аласыз, алайда жүрекке тиген сөздер оңайлықпен жуыла қоймас.
  • Шыншыл болыңыз. Сонда айтылған өтірікті есте сақтау керек болмайды. 
  • Басыңызға жаңа ой келді ме? Жазып алыңыз! Жарты күннен кейін бұл ойды ұмытып қалуыңыз әбден мүмкін. 
  • Ең қиын, істегіңіз келмеген жұмыс пен істеріңізді таңмен істеп тастағаныңыз жөн. Ол істі тыңдырғаннан кейін қалған күніңізді өзіңізге арнап, жаман ойлардан арыласыз.
  • Ешкім ешкімге де, ештеңе қарыз емес. "Сен осыны істеуге тиіссің" деген сөздерді ұмытыңыз. 

 

Сурет: ladysweet.ru.

5551 31
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 05 сәуір 2012, 16:20
Пікірлер
+0
05 сәуір 2012, 16:33

Браво! әсіресе біріншісі (жалпы барлығы) керемет! Рақмет!

+0
05 сәуір 2012, 16:40

Жүрекке тиген сөздердің ұмытылуы расында қиын, өте қиын! :(

+0
05 сәуір 2012, 17:03

Керемет кеңестер. Осының орысшасын оқыведім бір жерден.

+0
05 сәуір 2012, 17:03

Керемет жазылған!!Не деген сөздер

+0
05 сәуір 2012, 17:04

+5, отыр мадес :D

+0
05 сәуір 2012, 17:09

(Теледидар қарамаңыз. Ешқашан.)
түсінбедім бұл сөзді..... :?

+0
05 сәуір 2012, 17:53

күдіктенген түрің әдемі екен :P

+0
11 сәуір 2012, 00:39

Мен де :roll:

+0
05 сәуір 2012, 18:27

Күшті айтылған кеңестер.

+0
05 сәуір 2012, 18:53

бақытты болғысы келетіндер үшін алғашқы қадам - осы кеңестерді жаттап алу :geek:

+0
05 сәуір 2012, 21:57

Сізді сатып, опасыздық істеген адамға қайта сенбеңіз. Ол әлбетте өзгермейді. ойландырады екен :?

+0
12 сәуір 2012, 01:07

мен таңдаған ққрбыларым ((((((((((((((((((((((((( :(

+0
05 сәуір 2012, 23:14

Ен болмаса футбол коруге болмайма сурандаршы автордан ;)

+0
06 сәуір 2012, 16:12

Көре беріңіз)))

+0
06 сәуір 2012, 18:11

біздерге набарот кору керек :D

+0
06 сәуір 2012, 22:52

Біздің бақытымыз футболда десеңізші)

+0
11 маусым 2012, 03:36

соны айтам

+0
05 сәуір 2012, 23:39

:) :) :)

+0
06 сәуір 2012, 00:52

Мені бағалайтын жақсы бір адамды ренжітіп қойдым(( Жалпы, соңғы кезде адамдарды көп ренжітіп жүрмін... Кешіріңдерші мен :(

+0
06 сәуір 2012, 16:13

Қойыңыз ондайды.)

+0
06 сәуір 2012, 21:26

қойдым :)

+0
06 сәуір 2012, 03:42

Кеш жарық! Иә кейбір кеңестер түсініксіздеу! Мысалы: Теледидар туралы...

+0
06 сәуір 2012, 03:43

Кеш жарық деп қоясың?! :D Сағат таңғы төрт иә! :)

+0
06 сәуір 2012, 10:51

теледидарда да журналистиканың даңғыл жолы жатыр, қалай қарамаймыз.............?

+0
06 сәуір 2012, 16:15

Бақытты болу үшін ұйықтамау керек дегенді естіген бар ма? Соны ұмытып кеткен жоқ па?

+0
08 сәуір 2012, 16:37

жаман емес бастамас!!!

+0
09 сәуір 2012, 10:17

теледидарсыз калай омір сурем :?: :?: :?:

+0
11 сәуір 2012, 00:55

теледидарда да керекті нәрселер бар ғой

+0
12 сәуір 2012, 01:10

иииииииииииииииия керекті нарселер жоқ емес!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...