Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жігерлікке кедергі 5 қақпан

Жігерлікке кедергі 5 қақпан

Жігерлікке кедергі 5 қақпан

Адам бойында асқан дарындылық болғанымен, жігерсіз уақытты тиімді пайдаланып, діттеген мақсатына жете алуы екіталай. Сондықтан, бүгін, өзін басқара алмайтын адамдарға көмек ретінде өзін-өзі бақылау механизмінің негізгі принциптері жайлы сөз қозғамақпыз.

Алаңғасырлық

Жігерлікті талап ететін шешімдерді автоматты түрде қабылдамаған жөн: Неге десеңіз, адам миы ең оңайын, зеріктірмейтінін таңдауға ұмтылады (яғни дұрыс емесін). Сондықтан, таңдау кезінде барынша жинақталған абзал: адам алаңдаған кезде алдануға өте бейім.

Глюкоза жетіспеушілігі

Оңтүстік Дакота университеті зерттеушілерінің пайымдауынша, адам миы күш үнемдеу мақсатында өзін-өзі бақылау деңгейін әлсіретеді-міс: оның қоры жеткілікті болғанда ол энергия жұмсаса, азайған шақта үнемдеуге тырысатын көрінеді. Аталған теорияның рас-өтірігіне көз жеткізу үшін ғалымдар арнайы тәжірибе өткізуді жөн көрген. Тәжірибе барысында қатысушыларға екі сыйлықтың бірін таңдау ұсынылған. Олар: дәл қазір алуға болатын 120 доллар мен алдағы апта берілетін 450 доллар (бұл жігерлікті тексерудің классикалық әдісі болып саналады).Тәжірибе басталмастан бұрын ғалымдар сынақтан өтушілердің қанындағы қант деңгейін тексеріп алыпты және бірінші кезең аяқталысымен қатысушыларға құрамында қанты бар тәтті немесе диеталық кола ішуді тапсырған. Нәтижесінде «қантпен қуаттанып» алған қатысушылар шыдамдылық танытып, 450 долларды күтуге бел буып жатыпты.

Шамадан тыс күш салу

Жігерлік бір жағынан алып қарағанда бұлшық ет тәрізді: ол да шаршайды және демалыстан соң қайта қалпына келеді. Өздерін түрлі жағдайда бақылауға мәжбүр болған адамдарды бақылай келіп, американдық психолог Рой Баумайстер дәл осындай шешімге келіп тоқтапты. Анықталғандай, жігерлік ресурстары да шектеулі екен және ол барлық іс-әрекетке жетпейді-міс: егер барлық күшті бір саладағы өзін-өзі бақылауға жұмсаса, онда екінші бір жерде әлсіздік көрсетуге тура келеді. Мәселен, темекі шегуден бас тартқан адамдар тәттіге ауысады, ал әрдайым өз эмоциясын тежеп жүретін адамдарға қаржы шығынын бақылау қиынға соғады.

Адал ниет

Баруха колледжінің ғалымдары Макдональдстегі бір түрлі статистикаға назар аударған: мәзірге анағұрлым пайдалы ас қосылғаннан соң, бигмак сатылымы айтарлықтай өскен. Зерттеушілер зерттеу өткізу туралы оймен психологиялық тұрғыда мейрамханалық тапсырыс беру жағдайын келтіріпті. Ақылға қонбайтын статистика мұнда да дәл сондай нәтиже берген – мәзірге салат қосылған мезетте, қатысушылар жиірек гамбургерді таңдай бастаған. Мұның себебі, адам санасы болашақ шешімді өткен шешім деп қабылдауға жақын тұрады.

Кінә сезімі мен қорқыныш

Адамға тынышталуға көмектесемін деп айналадағы адамдар оның кінә сезімін жиі басып қалуға тырысады. Бірақ бұл ең тиімді жол емес. Себебі кінә сезімі стресстің пайда болуына әкеледі, ал жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін ми жағымды эмоция көзін іздей бастайды. Сондықтан өзін кінәлі сезінген адамдар көп ішіп-жеп, сауда жасап, видео ойындар ойнай бастайды. Мұндай реакцияны сонымен қатар қорқыныш та алып келеді. Психологтар азық-түлік дүкендерінде айтырлықтай жағымсыз тәжірибе өткізіпті – олар дүкенге келушілерге өздерінің өлімі жайлы ойлануды сұраған. Нәтижесінде, мұндай сынақтан кейін адамдар стресстен арылу үшін азық-түлікке біршама шығындала бастаған. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

2165 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 09 қыркүйек 2013, 10:20
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...