Жалқау жұмысшының жыры

Жалқау жұмысшының жыры

Жұмысын дұрыс атқармайтын қызметкерлерді мына белгілері арқылы тануға болады...

- Осыған дейінгі жұмысымда бастық пен ұжым өте нашар болатын. Шындығында менен өзгесі дұрыс жұмыс жасамайтын.

- Мен кешігу дегеннің не екенін білмеймін. Кейде болмашы кездесулерге ғана 30 минут кешігемін.  

- Менің жан-жақты тәжірибем бар: барлығын жасай білемін десем де болады. Сауда-саттық, маркетинг, кеңес беру секілді жұмыстарды мектепті аяқтай салысымен меңгеріп қойғанмын.

- Мен жеке тұлғамын, маған ешкімнің де ақыл-кеңесі қажет емес.

- Ақылы көркіне сай бастығым болғанын қалаймын.

- Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жұмыстан екі сағатқа ерте қайтамын. Өйткені тігін тігу қосымша курстарына қатысып жүрмін.

- Менің үстімнен әйел бастықтың қарағанын қаламаймын. Оның менен қандай артықшылығы бар?

- Мені ұрлықшы деп атаудың қажеті жоқ. Мен жәй ғана жұмысқа қажет болмаған заттарды үйіме апарудамын.

- Жұмыстың аяқталуына бір сағат қалған кезде ешкім де маған қосымша жұмыс тапсыра алмайды. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: life.ru

Қ. Бүйенбай