Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Күзгі депрессияға жол жоқ!

Күзгі депрессияға жол жоқ!

Күзгі депрессияға жол жоқ!

Күз келгелі жұмыс көбейіп, оқу жылы басталады. Жаздың ұзақ, жылы күндерінен кейін жұмыс күндерінің қарқынына қайта оралу қиынға соғып, көңіліңіз түсіп, тіпті депрессияға тап болуыңыз мүмкін. Егер сіз күз басталғалы өзіңізді нашар сезініп, стресс сіз үшін үйреншікті бола бастаса, біздің кеңестерімізбен танысқаныңыз жөн. 

Сонымен, күзгі депрессияға жол бермеймін десеңіз:

Жылауық фильмдер қарамаңыз

Неге екені белгісіз, күз басталып, ауа-райы нашарлай бастағанда, көңіліңіз түсіп тұрса да, оған қоса мұңлы, аянышты кинолар көргіміз келіп тұрады. Бір жылап алып, кейін сергіп кетемін деп қателеспеңіз. Онсыз да жоқ көңілді мүлдем жоғалтып алуыңыз мүмкін. Оданша пайдалы, ақпараты мол, танымдық деректік кинолар көріңіз. Өзіңіз үшін жаңа нәрселерді ашып, біліміңізі толықтырасыз.

Жалғыздықтан сақтаныңыз

Күздің басы сияқты "қауіпті" кезеңде жалғыз қалудан сақтаныңыз. Жұмыстан шыққанда үйге асықпай, жол-жөнекей құрбыңызға соғып шығыңыз, достарыңызбен кафеде отырып демалыңыз, сүйіктіңізбен кинотеатрдағы жаңа фильмді тамашалаңыз. Бірнеше кеш қатарынан өзіңіз жалғыз қалсаңыз, күзгі депрессияға тап болуыңыз әбден мүмкін. Ондай жағдайда психолог мамандар кішкентай бүлдіршіндермен ойнап, әңгімелесуге кеңес береді. Балалардың көңілі, мейірімділігі мен заттарға оңайлықпен қарауы сізге де көмектесе алады. Сондықтан, көп бара алмай жүрген туыстарыңыздың балаларына тәтті сыйлықтар алып барсаңыз, басқаларды да қуантасыз, өзіңіз де сауығып қаласыз.

Қыдырыңыз

Қыдыру деген сөздің астында түнгі клубтар мен кешкі отырыстарды меңзеп тұрған жоқпыз. Күзгі стресстен сауығу үшін халық көп жерде күндіз қыдырған дұрыс. Жалғыз жүруге тырыспаңыз, керісінше серіктес іздеген дұрыс. Мысалға жұмыстағы әріптесіңізбен түскі астан кейін 15 минуттық серуенге шығуға болады. Қаланың асыққан өмірі сізді толғандыратын мәселелерден алыстата алады.

Үйіңізді жинастырыңыз

Үйіңізді жинастырып алыңыз. Тап-таза жиналған үйдегі жайлылық сізге рухани ләззат береді. Депрессия кезінде үйіңіздегі, бөлмеңіздегі артық, қажет емес заттардан арылу да көмектеседі. Сонымен қатар, үйдегі интерьерді біраз жаңартқан да көңіліңізге жайлылық сыйлай алады. Жаңа жарқын түсті жастықтар, түрлі түсті орамалдар көңіліңізді көтерудің себепшісі болсын. 

Спорт

Спорт әрқашан да жаман көңіл күйден құтқара алады. Жалпы спортпен шұғылданатындар стресстерге төзімдірек болатыны дәлелденген. Сіз әлі де спорттан алыс болсаңыз, осы күзде бұл мәселені қолға алыңыз. Спорт залына баруға ерінсеңіз, таңмен жүгіруге, таңертеңгі жаттығуларды жасауға, би сабақтарына қатысуға болады. Осы орайда күзде ең пайдалы бола алатын спорт түрлерінің бірі – жүзу. Суда жүзу денеңізді жаттықтырып, жаман энергетиканы жуып-шаяды, су жүйкеңізді тыныштандырады.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: hobibahcesi.wordpress.com

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2013, 11:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.