Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қазақстан әйелдерінің көбі өткен жазға риза емес

Қазақстан әйелдерінің көбі өткен жазға риза емес

Қазақстан әйелдерінің көбі өткен жазға риза емес

Қазақстандық әйелдердің жартысына жуығы өткен жазға көңілдері толмағанын білдіреді. Себебі – көп.

26 пайыз қазақстандық әйелдер қауымы кеше ғана кеткен жазда атап айтарлық ештеңе де болмағанын айтады. Өйткені өздері бүкіл жазды жұмыспен өткізген. Жазда демалыс алып, демалысқа шықпағандықтан бұл жаздың олар үшін түк те сүйкімі болмаған көрінеді.

Сауалнамаға қатысқандардың 19 пайызы үшін жаз мезгілі күрделі бас қатыратын мәселелер мен түңілетін оқиғаларға толы болған. Әйткенмен олардың біразының бағына жазда жантайып демалу бақыты бұйырған. Бірақ түрлі қиындықтар мен уайымдар ешқандай да демалыстың сәтті өтуіне жол бермейді. Демек олар демалыстың болмағандығына емес, шешімі табылмайтын мәселелердің шиеленісіп кеткендігіне қапалы. Мұндай кезде теңіз жағасындағы демалыс та, қымбат қонақ үйдегі тынығу да жаныңа ем болуы неғайбыл.

Ал кейбірі іш пысқаннан жазды жақсы өткізе алмаған көрінеді. Олар сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 12 пайызын құрап отыр. Олар өздерін жалғыз сезінгеннен немесе бір жаққа баруға идея болмағандықтан жапа шеккен секілді.

Бірақ мұндай «қызықсыз» жазда жолы болғандар да баршылық. Олар сауалнамаға қатысушы топтың 12 пайызын құрайды. Бұл пайыздың басын құрап отырған ханымдар өткен жазды нағыз демалыстың қайнар көзіне балайды. Олар кеткен жаздың өте көп қызықты естеліктерге бай күндері жайлы әңгімені қуана айтады.

Ал сауалнамаға қатысқан қазақстандық әйелдер қауымының 5 пайызы осы жазда жұбайлы болып үлгеріпті. Биылғы жаз мезгілі біреуді екеу етті. Өмірлік жарын тапқан арулар осы жаздың өткен жаздардан тым ерекше өткендігін және үнемі есте қаларлығын жасырмады.

Сонымен қатар, тағы 5 пайызы жаз мезгіліне толықтай көңілдерінің тоқтығын, өткен күнге өкпесінің жоқтығын білдірді. Олар үшін бұл жаз көпке дейін естен шықпайтындай болып өткен. Әйткенмен бақытты арулар жаз мезгіліне не үшін көңілдерінің толғандығы жайындағы тақырыпқа тереңірек енуді қалаған жоқ. Әрине, әркімнің өз қызығы өзінде!..

Ал сауалнамаға қатысушылардың ішінде өткен жазға қанағат еткендердің саны 21 пайызды құрайды. «Өткен жазға қанағаттанасыз ба?» деген сауланамаға көбі толық тоқталмай-ақ «Ия, әбден көңілім толады» деп қысқа ғана қайырды.

Мүмкін сіздердің де өміріңізге бұл жаз ешқандай да өзгеріс енгізбеген шығар?.. Бәлкім сіздер де жаз бойы демалыс дегенді ұмытып, жұмыстан бас алмай бір тынбаған шығарсыз?.. Әйткенмен біліңіз, мәселе – жазда емес. Бақыт мен сәттілік мезгіл таңдамайды. Ал егер жазға сенсеңіз, келер жылдың да жазы барын естеріңізге салып өткіміз келеді.

Ал басқаңыз алтын күзден бақыт күтіңіз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vk.com

1439 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2013, 15:37
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2013, 16:18

мен сияқтылар көп екен ғойй)))

+0
03 қыркүйек 2013, 16:35

Аумин!)

+0
03 қыркүйек 2013, 16:48

менде жазда демалысқа шықпадым, дегенмен көптен көрмеген достарыммен кездестім, көрмеген жерлерімде болдым, қысқасы осы жазға көңілім толды...

+0
03 қыркүйек 2013, 20:28

:?: :?:

+0
04 қыркүйек 2013, 01:24

менинде конилим толган жок :)

+0
04 қыркүйек 2013, 08:32

алтын күзден бақыт күтемін!)) жаздағы ата-анамның жанында болған демалыс күндеріне ризамын!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...