Бізді тәрбиелеуді қойыңдар!

Бізді тәрбиелеуді қойыңдар!

Қыздар... Пысық екендерің кешегі кезектен тыс жазылған мақалаларыңнан көрініп-ақ тұр. Бізге неге сондай қыңыр һәм қисық едіңдер деп өкпелеріңді жеткізіпсіңдер. Бұған біз сол қыңырлығымызға салып, "Қойшы, а..." деп жауап бермекпіз.

Өз кезегімізде біздің де көкейімізді тескен сауалдарымыз бар. Неліктен бізді сынап-мінеп, "Неге андайсың? Неге мындайсың?" деп қазбалай бересіңдер? Жаратылысымыз сондай, қыңырмыз, дөрекіміз, сезімтал емеспіз... Қыздар, мына кеңестерге көз жүгіртіп, оларға құлақ түруге тырысыңдаршы...

Жігітті өз болмысында, кемшілігімен қоса қабылдап, оны тәрбиелегенді қой! Оған көне алмайсың ба? Ендеше, өзіңді де, өзгені де қинамай, табаныңды жалтырат! 
Екеуің жүре бастады деген сөз ол саған қуыршақ болды деген сөз емес. 5 минут сайын қоңырау шалып, қайда және кіммен жүргенін сұрама, оның достары , аға-бауырлары бар, солармен қыдырады, футбол ойнайды дегендей... Сенің ондай қызуғышылығың мен достарыңның жоқтығы үшін жігітің кінәлі ме?
Ол туралы құр қиялға берілмей, (ақ боз ат мінген ханзадам, болашақ жарым...) өмірге тура қара.
Екеуіңнің тілдесулерің кешегі жазылған тақырыптардан аулақ болсын. "Сен мені сүймейсің, мені ешкім де түсінбейді" деген сөздерге бізде бір-ақ реакция - сіздерден алысырақ қашуға деген құлшыныс.  
Оған немен айналысып, немен айналыспау керек екенін көзіне шұқып үйретпе!
Оның саған ұнаудағы қадамын байқап, бағалай біл! Біле білсең, гүл сыйламайтын жігіттер де болады. 
Жігіттер жұптағы басты адам екенін ұмытпа! Оған мойынсұн, оны тыңда, кеңестеріне құлақ түріп, оның қабылдаған шешімдеріне бас шұлғы келіс. 
Не қалап тұрғаныңды сөзбен жеткізші! Біз телепат емеспіз ғой! Қыдырғың келе ме? "Жүр, қыдырайық" де, көңіл-хошың жоқ па, оны да айт! 
Шыншыл бол, адал бол. Сенімімізге кір, ақылды бол, әдемі бол, инабатты бол, тыңдай біл, айта біл, ести біл, түсіне біл, көне біл. "Орайы келсе, орақ ор" демекші, керек кезде орнымен айтыса біл, өз ойыңды дәлелдей біл. Жігітіне сай нағыз ару бол!!!

Қыздар, ұрсысқанды қояйықшы, а) А, жоқ, былай: "Болды, жетер!!!"

С. А