Жігіт сұлтанының 7 белгісі

Жігіт сұлтанының 7 белгісі

Әрбір қыз баласының арманы – өз қиялындағы ақ боз атты ханзадасын кездестіру. Ал сол ханзадаларымыздың бойында қандай қасиеттер болуы керек? Бұл сұрақ ықылым замандардан бері қойылып келе жатыр. Және оған берілер жауаптар да әр алуан. "Заманына қарай – адамы" демекші, жігіт сұлтандарына қойылар талаптар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Ондай қасиеттер туралы біз сіздерге бұрын да айтып өткенбіз. Бүгін бірге отырып психологиялық тұрғыда дені сау жігіттің қасиеттерін сараптаймыз.

1. Қалжың айта алу қабілеті болсын. Әрине, бұл дегенің біреудің сүрінгенін немесе көйлегінің түрілгенін келеке ету емес. Орнымен айтылған әзіл адамға жағымды әсер етіп қана қоймай, миды тынықтырып, жағымсыз ойлардан арылтады.

2. Әмбепбап болса ешкім "қой" демейді. Жігіт кем дегенде 2 тағамды сүйіп жасай алуы керек. Бұл – оның жауапкершілігі мен есейгендігінің белгісі. 

3. Оның міндетті түрде жанын салып айналысатын қызықты хоббиі болсын. Құмар және компьютер ойындары, фанатизмнің бұл тізімде болмағаны абзал.

4. Ол қиын-қыстау сәттерде кінәліні іздемейді. Ол уақытында сараптай біліп, шешім қабылдайды.

5. Ол әдеби тілді жақсы меңгерген. Былапыт сөздерден өзін тыюға тырысады.

6. Ол тәттілерден бас тартпайды. Бұл дегенің оның жүйке жүйесі қажетті тағамдарды сіңіріп жатыр деген сөз. Ол мәселені айқай-шусыз, қол жұмсаусыз сабырмен шешеді.

7. Олар қыпша белді қыздарды таңдамайды. Сымбатқа мән беріп, сол бойынша таңдау жасайтындардың жауапкершілігі аз келеді.

Күдікті әдеттер:

1. Көз тігуді көтере алмай, дереу көзін тайдырады. Бұл – басқыншылықтың белгісі.

2. Мейрамханада қайтарылған ақшаны тиынына дейін есептеп, сіздің қаншалықты жегеніңізді бетіңізге басады. Бұл – сараңдық пен қызғаншақтықтың белгісі. Бәрі де ми жұмысының бұзылуынан және әлеуеттілігінен болуы мүмкін.

3. Күлгенде басты лақтырып, ауызды кең ашып: "Ха-ха-ха!" деп күлетін жігіттер тым қызғаншақ келеді.

4. Құмар ойындарға кіріп кету – ол бәрін қалайды, көпті және бәрін бірден, оның басқаларға түкіргені бар, сіздің пікіріңізге құлақ аспайды, оған бәрі қарыздар дегенді көрсетеді. Бұл парасаттылықтың және деспотизмнің төмендігінен болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com