Жігіттер, қыңырлықтарыңды қашан қоясыңдар?

Жігіттер, қыңырлықтарыңды қашан қоясыңдар?

Жігіттерге ешқашан алғаш болып, арыз айтпап едік. Бірақ бүгін бар күшімізді жинап, бекініп отырмыз. Бұның сыры мынада.

Жігіттер "қыздардың ақылы таяз болады" деп, бізді кемсітуге келгенде шебер-ақ. "Сендер ақымақсыңдар, соны да түсінбейсіңдер ме?", - деп ұрысуға келгенде, алдына жан салмайды. Ал өздері бізді түсінуге келгенде, аспаннан жаңа түскен адамға ұқсап, аңтарылып отырады да қалады.

Мәселен, кейде біздер жігіттердің бізге тірек болуын қалап, жылуын сезінгіміз келеді. Сол ниетпен жұмыстағы, сабақтағы проблемаларымызды айту арқылы құшағына басып, жұбатар деп үміт қыламыз. Сезімімізді дәлдеп жеткізу үшін әсірелеп болса да "ешқашан","әрқашан","еш" деген сөздерді қолданып қаламыз. Сондай сәтте біздің "данагөй" жігіттер бізді түсінудің орнына, қыңыр-қисық сөздер айтып, мазамызды қашырады. Қыңыр сөздерінің жүйкемізге тиетіндігі соншалық, содан кейін сендердің ақылдарыңа күмәнмен қарай бастадық.

Бұл туралы сіздердің уәждеріңізді білу үшін арадағы кейбір әңгімелерден үзінді келтіруді жөн көріп отырмыз. Бізді қалай жұбатып жүргендеріңе бір назар салып көріңдерші...

Біз ешқашан қыдырып, серуендемейміз ғой осы 
         Бұл сөзің өтірік, алдыңғы аптада қонаққа барып келдік қой
Маған ешкім көңіл аудармайды 
        Бәрі емес қой енді  
Менің шаршағандығым соншалық, ештеңе істей аламаймын 
        Неменеге өлімсірей қалдың, сенің сонша әлсіз екеніңді білмеп едім
Барлығын ұмытып, бөтен жерге қашып кеткім келеді 
         Жұмысың ұнамаса, шығып кетпейсің бе енді?
Үй күнде шашылып жатады 
        Күнде емес қой!  
Мені ешкім тыңдағысы келмейді 
        Мен тап қазір тыңдап отырмын ғой  
Ештеңе менің ойлағанымдай болып жатқан жоқ 
        Енді, соның бәріне мен кінәлімін бе?  
Сен мені сүймейсің  
        Өтірік айтпашы. Олай болса, сенің қасыңда не істеп отырмын?
Біз әрқашан бір жаққа асығамыз да жүреміз 
        Бұның өтірік! Өткен аптада, қалай демалғанымыз есіңде ме?  
Менің ойымша, біздің өмірімізге көбірек романтика керек 
        Сонда мен саған еш көңіл бөлмей жүрмін бе?

P.S. Жігіттер, неге біз әрқашан сөзге келе береміз?