Олар неге мықты екен?

Олар неге мықты екен?

1. Олар басқалар күдер үзген жерден мүмкіндіктер іздейді және табады.

2. Олар өзгелер сәтсіздікке душар болған жерден сабақ алады.

3. Олар шешімді ой елегінен өткізіп барып қана қабылдайды.

4. Олар басқалар сәттіліктің тауып келуін күтіп отырғанда, өз сәттіліктеріне қарай жол табады.

5. Олар басқалар сияқты қорқады, бірақ, өздерін қорқынышқа билетпейді.

6. Олар әрқашан жауаптарды тауыса алатын дұрыс сұрақтар қояды.

7. Олар шағым айтпайды, бұл – жай ғана қуатты ысырап ету.

8. Олар ешкімге жала жаппайды. Олар  әрбір әрекеттері үшін жауапкершілікті де, нәтижені де өз мойындарына алады.

9. Олардың бойында таңғажайып дарындар жоқ, алайда, қашанда мақсатқа жетудің жолын табады. Оар өздерінен көп нәрсені талап етеді.

10. Олар ешқашан бос емес әрі пунктуалды келеді. Өзгелер жұмыссыз жүргенде, жұмыс істегенсіп жүргенде, өсек айтып отырғанда – олар жұмыс істеп жатады.

11. Олар өздерінің айналасына тек мықты пікірлестерді жинайды. Мақсатқа жету жолында ұйымшыл топтың атқарар рөлі өте маңызды.

12. Олар өздеріне "неге мен емес?" деген сұрақты жиі қояды. Бұл оларға ағысқа қарсы жүзуге рух береді.

13. Олар өмірлерін қалай көргісі келетіндіктерін, өзіне не керек екендігін жақсы біледі және солай жасайды. 

14. Олар еліктемейді, жаңа жолдар іздейді.

15. Олар кейіге қалдыру дегенді білмейді. Яғни, өмірлерін "бір нәрсені" күтумен өткізбейді.

16. Олар өмір бойы үйренумен болады. Кез келген өмірлік тәжірибе – сабақ.

17. Олар оптимист болып келеді, сондықтан бәрінен де пайданы көреді.

18. Олар қаржылық, эмоциялық, кәсібилік, психологиялық жағынан қашанда тәуекелге барады.

19. Олар қиын мәселеден қашпайды, керісінше бетпе-бет келеді.

20. Олар өздерін басқара алады. Олар басқалар секілді сезімдерді бастан кешіреді, бірақ, эмоцияның құлы емес.

21. Олар қарым-қатынас өнерін меңгерген және дер кезінде қолданады.

22. Оларда белгілі бір өмірлік жоспар бар және сол жоспарға сәйкес әрекет етеді. Олардың өмірі – шашыраңқы жаңалықтардың бірі емес.

23. Оларға өзгелер жасай алмайтын немесе жасағысы келмейтіндер үйреншікті дүниеге айналып кеткен. 

24. Олар өздеріне толыққанды өмір сыйлайтын құндылықтарды жақсы таниды және олардың қадірін біледі.

25. Олар сәттілік пен ақша, бақыт пен жетістік деген дүниелерді шатастырмайды. Олар ақшаға жай ғана құрал ретінде қарайды, ақшаның бақыт әкелмейтіндігін біледі.

26. Олар тәртіп пен байсалдылықтың маңыздылығын түсінеді.

27. Олар өздеріне сенімді.

28. Олар жомарт әрі мейірімді. Олар өзгелерге көмектесуден ләззат алады.

29. Олар өте қарапайым және әрқашан қателікті мойындауға, кешірім сұрауға дайын. Олар өздерінің күштеріне сенгендігімен тәкаппарланбайды. Олар өзгелерден үйрене біледі.

30. Олар көндіге де,  бейімделе де алады, өздерінің әдеттеріне бағынып қалмайды.

31. Олар өте жігерлі. Олар әрдайым қажырлы еңбек етеді.

32. Олар адамдар үшін ашық.

33. Олар жағымсыз және арамза адамдармен араласпайды.

34. Олар өздеріне қажет емес дүниелерге, сәтсіздіктерін ақтап алуға уақытын да, күшін де жұмсамайды.

35. Олар сүрінсе де алға қарай жылжи береді.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: facebook.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
Қазақ тарихы: Ұлы адамдар достығы
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды