Өзге елде де сұлтан болсақ қайтеді?

Өзге елде де сұлтан болсақ қайтеді?

Ата-анамыз "әдепті болсаң арлы бол" деп үйрететіндей, қайда жүрсек те мәдениеттілігімізді көрсете білуіміз керек. Шет елге қыдырып барғанда мына әдепсіз қылықтардан аулақ болуға тырысыңыз.

1. Жапонияда күрішке таяқшаны қадап қою

Олардың ұшын үнемі жоғары қаратып ұстау керек. Таяқша көмегімен бір нәрсені сілтеп көрсетуге, айқастырып ұстауға болмайды. Ал таяқшаны тікесінен қадап қою - адам қайтыс болғанда орындалатын жоралғыларының бірі.

2. Ирландияны Британия аралы деп атауға

Әрбір мемлекетте талқылауға тыйым салатын тақырыптар бар. Жабық тақырыптардың бірі – Аустралияның байырғы тұрғындары, Үндістандағы қыз жасауы, Қытайдағы адам құқықтары туралы әңгімелер. Бұдан өзге Ирландықтардың жерін Британдық аралдардың бірі деп атайтындарды мүлдем ұнатпайды. Жаңа мемлекетке барып қай тақырыпта әңгіме жүргізуге болатынын білмесеңіз, бейтарап тақырыптағы әңгімелерді айтыңыз. Мысалы, сол жердің табиғатының сұлулығы жайында.

3. Иранда бас бармақпен жоғары нұсқау

Көптеген мемлекеттерде түйілген жұдырық пен бас бармақты жоғары нұсқау "барлығы жақсы" дегенді білдіреді. Иранда әдепсіздіктің бір белгісі болғандықтан, ол жерде бұл қол қимылын мүлдем қолданбағаныңыз жөн.

Ал сұқ саусақ пен бас бармақтың басын біріктіріп қалған үш саусақты жоғары бағыттау әдісін Түркия мен Бразилия мемлекеттерінде қолданбағаныңыз абзал. Ол жақта да мұндай ым-ишира әдепсіздіктің белгісі.

4. Тайландта басыңызды уқалау

Буддалық мемлекетте тірі жандардың басын пір тұтады. Мейлі ол жануар немесе кішкене баланың басы болсын. Олардың мәдениетінде өзіңіздің және өзгенің басынан сипау кемсітудің белгісі. Мұнымен қатар, бір нәрсені қолыңызбен нұсқап көрсетудің қажеті жоқ. Филиппин мемлекеттерінде заттарды тек көзбен нұсқайды.

5. Аргентинада гаучо секілді киіну

Кейбір туристер Аргентинаға барғанда ұлттық киімдері «гаучоны» сән көріп киіп алуы мүмкін. Алайда тұрғылықты тұрғындар секілді киінбес бұрын, сол жердің киімге қатысты дәстүрлерін біліп алыңыз. Индонезияда батик киген үшін айыппұл төлейсіз. Сол секілді гаучоны киіп алып ойын-сауық құрып жүргеніңіз де оғаш қылық.

6. Жапон үйіне аяқ киіммен кіру

Жапон және өзге де Шығыс елдерінің қасиетті ордаларына немесе үйлеріне кірерде міндетті түрде аяқ киім шешіп кіріңіз. Ондай жағдайда әдетте үйдің ішінде киетін аяқ киім ұсынады. Ал татамиге кірерде ауыстыратын аяқ киім жайында мүлдем ұмытсаңыз болады.

7. Германияда 12 дана қалампыр гүлін сыйлау

Гүлдерді таңдағанда абай болу керек. Өйткені гүлдің түрі, түсі, саны сіз туралы жасырын мәліметтер береді. Германия, Польша, Швеция мемлекеттерінде жерлеуге ғана гүл әкеледі. Ал Бельгия, Италия, Испания, Түркия мемлекеттерінде бұл мақсатта хризантемалар қолданылады. Франция мен Аустрияда қызыл раушан романтикалық қызығушылықтың белгісі болса, Мексика мен Чилиде сары раушандар айырылысудың белгісі. Қытай мен Индонезияда гүлдің саны тақ болса бақытсыздық келеді деген ырым бар. 

8. Қытайлықтардың есімі мен тегін шатастырып алу

Қытайлықтарда бірінші тегі емес, есімі айтылады. Сол себепті есімін атап шақырған кезде мұқият болыңыз.

9. Мұсылман мемлекеттеріне шарапты жарнамалау

Мұсылман елдерінің мәдениетіне шарап жат болғандықтан, шарап дегендерді сыйлыққа ұсынуға болмайды.

10. Грузия мен Әзірбайжанда тойдағы тілек арасында ұрттауға

Грузиялықтар мен Әзірбайжандықтар тойда тілекті бір сағат бойы айта беруі мүмкін. Тілек ұзаққа созылып, жалықтырып жіберсе де, алдыңыздағы судан ұрттау әдепсіздік болып саналады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fast.ru

Қ. Бүйенбай