Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ғалым: техниканы балаға ерте үйрету – зиян

Ғалым: техниканы балаға ерте үйрету – зиян

Ғалым: техниканы балаға ерте үйрету – зиян

Құрметті, ата-аналар, сіздің балаңыз өмірдегі ақиқат пен қатар виртуалды шындығы бар әлемде дүниеге келді. Ол интернет желісі, теледидар, ұялы байланыс т.б. байланыс құралдары дамыған заманмен үндесіп, рухани құндылықтарды бағалап үйренуге тиіс. Мұнымен қатар, ол техникалардың барлығын сізден де жоғары деңгейде пайдаланатын болады. Сол себепті ертегі әлемінде өмір сүріп жатқандай әсерде болмай, барлығын өз орнымен түсіндіріп отыру қажет.

«Балалар қанша жастан бастап виртуалды өмірмен байланысқа түсу керек?» деген маңызды сұраққа психолог-дәрігерлер жауап берді. Мамандардың айтуынша, «балалық шақта» мұндай құрылғыларды пайдалануына мүлдем болмайды. Алты жасқа дейін теледидар, видео, компьютерлік ойындар, радионың оларға ой-өрісін дамыту тұрғысынан да, салауатты өмір салтын сақтау тұрғысынан да пайдалы әсері жоқ. Әрине, балғындардың теледидардан, компьютерден суреттерді қарап отырғанынан зиян да жоқ. Оның орнына күніне жарты сағатқа балаларға арналған бағдарламаны қосып қойып, бірге көріңіздер.  

Англиялық ғалым Нил Ф.Юнг «Ерте жастан теледидар қараған балалар дерексіз ұғымдарды, есеп-қисапты, сын пікірлерді нашар түсінеді» дейді. Мектеп жасында балалардың математика пәнінен қиналатындығының бір себебі осы. Техникамен тығыз байланысып кеткендіктен басқа балалармен бірге ойнағанда пайда болатын әсерлерді қабылдауға, ертегілер мен әңгімелерді тыңдап отырғанда пайда болатын эмоцияларды шығаруға жүйке жүйесі дайын емес. Ал экранда дамылсыз ауысып жатқан суреттерді бақылау көздің дұрыс көруін нашарлатады. Бұрын соңды тек үлкендерге арналған көзілдірік болса, қазір балаларға арналған линзалар да бар.

Теледидардың әйнегі біркелкі болғандықтан, көрермен алыс пен жақынды да бір ара-қашықтықтан көреді. Бұл көз жанарының шынайы өмірде дұрыс көрмеуі деген сөз.

Теледидардағы суреттердің бояуы онша қанық емес әрі жарық болмағандықтан 20 минуттан соң көздің шатырша қабығы тарылып, керісінше сезімталдығы артады. Осының әсерінен А витаминінің тапшылығы пайда болады.

Балаға жалған өмір емес, шынайы өмір қажет: тамақ ішу, құрдастарымен ойнап-күлу, иіс сезі, дәм сезу, тыңдау.

Қиындықтарды жеңе отырып, кішкене болсын тәжірибе жинайды. Қымбатты, ата-аналар, балаларыңыздың балалық шағына көп көңіл бөліңіздер, бұл үлкен өмірге деген дайындығы!

Ата-аналарға бала тәрбиелеуде көмектесетін пайдалы кеңестер:

1. Балаңызды көпшіліктің алдында мақтаңыз, бірақ көзбе-көз қалған кезде ғана ұрысыңыз.

2. Баланың өзін емес, істеген қылығын ұрысыңыз.

3. Отбасы мүшелерімен бірігіп алып шабуыл жасамаңыздар. (Жабылып ұрыспаңыздар)

4. Әкесі жазалаған болса, сіз де бірден кешіруге ұмтылмаңыз. Арада біраз уақыт өтсін.

5. Отбасыңызға қатысты «жазда қайда барып демаламыз?, демалыс күндері немен айналысамыз? кешкі асқа қандай тағам дайындаймыз?» деген мәселелерде міндетті түрде пікірін сұрап отырыңыз.

6. Оны жақсы көретіндігіңізді жиі айтып, еркелетіп тұрыңыз.

7. Оның жетістіктері мен кемшіліктерін бірге талқылап, сол сәтте қандай әсерде болғанын сұраңыз.

8. Кішкентай жетістік болсын, құттықтап отырыңыз.

9. Оны расымен де ренжіткен болсаңыз, кешірім сұраңыз. Мұндай әрекет қарым-қатынасты жылыта түседі.

10. Ақшаны үнемдеп жұмсауды үйретіңіз. Оның маңдай термен келетіндігін айтып беріңіз. Бұл болашақта отбасын асырап, жауапкершілікті сезінуге ұмтылысын арттырады.

Кеңестеріміз пайдалы әрі іске асыруға оңай. Балаңыз болашақта нағыз елін сүйетін азамат болып өссін!


Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ogoniok.com

3096 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 31 шілде 2013, 11:14
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев