Сүйіктің сенің теңің емес шығар?

Сүйіктің сенің теңің емес шығар?

Қадірлі Массагеттіктермен аман-саулықта жолыққанымызға қуаныштымыз. Назарларыңызда тағы да бастаңғы. Сол баяғы жігіттер мен қыздардың бітпейтін текетіресі.

Күні кеше басымызға мынадай бір ой келді. Осы біздердің қыздарға ұнауымыз үшін істемейтін нәрсеміз жоқ. Айды да уәде қыламыз, күнді де ұсынамыз. Кафенің бірін қалдырмай бәріне апарып шығамыз. Жылы сөздерді аямай төгеміз. Сонда да қыздар қауымы өздерінің сырын еш ашпайды ғой. "Құдай-ау, сонымен көңіліңнен шықтық па, шықпадық па?", - деп сұрақты төтесінен қойсақ та, анық шешімін айтып, көңілімізді орнына түсіретін қыз жоқ. Осының бәріне шындығын айтқанда өкпеліміз.

Бірақ...

Кеше интернет айдынында кезіп жүріп жүріп мынадай деректі оқып қалдық. Жұптың арасындағы сәйкестікті анықтаудың қызық жолы бар екен. Ол теория бойынша, адамның аты - сиқырлы формула. Басқаша айтсақ, адам есіміндегі әріптер комбинациясы оның мінезін айқындап береді екен. Түсінгенімізше айдың энергиясының адам миына әсерінен осылай болады-мыс. Демек, есімдерімізге қарап-ақ, сүйіктілерімізбен арамыздағы қатынастың перспективасының бар-жоқтығы белгілі болады.

Мына сайтта осындай бір тестке арналған бағдарлама бар. Сынап көруге кеңес береміз. Жігіттер, мүмкін аяулыларыңыз сіздің теңіңіз емес шығар? Бағын сынап көргісі келген қыздардың да тестті тайсалмай орындап көруіне болады.

Қайтеміз, қыз құпиясының көп болуы бізді осындай әрекеттерге итермелеп отыр.

Тестің сілтемесі - ТЕСТ

сурет: hqoboi.com