Шырақ ештеме де жоғалтпайды...

Шырақ ештеме де жоғалтпайды...

Кирилл Серебренников есімді режисер бар. Кім не десе де, бақыт дегеннің не екенін іздеушілерге бүгін осы режисердің анықтамасын беріп көрейік дедік. Мүмкін сіздің іздеген бақытыңыз осында болар?

- Біз ылғи да тұрмыс құрған соң ғана бәрі оңалады деп ойлаймыз. Үйленген соң балалы боламыз. Сосын баланың әлі де нәресте екеніне қиналып, ол өсіп, ер жеткенінде бақытты боламыз дейміз. Баланың бозбалалық жасқа жеткенінде тағы да психологиялық қиындықтарға кезігеміз. Әрине, есі кірген кезде қуанамыз.

- Біз жұмысымыз оңалғанда, және көлігіміз, жаңа үйіміз болғанда бақытты боламыз деп ойлаймыз. Тіпті зейнетке шыққанда өмірдің рақатын көреміз дейміз. Ақиқатында, біз ертең, арғы күні, тіпті болашақта бақытты болмаймыз, бірақ қазір, дәл ҚАЗІР бақыттымыз. Немесе бақытты бола аламыз.

- Қазір болмағанда қашан? Бақыт дегеніңіз ешқандай да қиындыққа қарамастан бақытты болу. Біз «міне-міне бақытты боламыз» деп жүргенде өмірдің сан-мың сатысындағы қиындықтар кездесіп қалады. Бұдан кейін ғана мен түсіне алдым: міне, осы аталған қиындықтар біздің ӨМІРІМІЗ. Дәл осы жол бақытқа жетер жолдың жоқ екенін, біз өзіміз бақыт құшағында өмір сүріп жүргенімізді түсіндім.

- Бақыт – бұл мәре емес, сол мәреге апара жатқан жол. Осы себепті әрбір сәтте бақытты болуға тырыс.

- Мектепті бітіруді, оқу жылын, жұмыс табуыңды, үйленуіңді, жаңа көлік алуды, үй сатып алуды, көктемді, жазды, күзді, қысты, күтудің дым да қажеті жоқ.

Енді мына сұрақтарға жауап бере ғой:

  1. Әлемнің ең бай деген 5 адамын атап бер;
  2. Ең сұлу бес арудың атын ата;
  3. Нобель сыйлығының соңғы бес лауреатын ата;
  4. Үздік рөл сомдағаны үшін «Оскар» сыйлығын алған соңғы бес актерді ата;

Есіңе түспеді ме? Қиындау, әрине...

Қол шапалақтаулар басылады.

Сыйлықтар шаңға оранады.

Жеңімпаздар уақыт келе ұмытылады.

Енді мына сұрақтарға жауап бер:

  1. Біліміңнің жетілуіне үлес қосқан үш ұстазыңды ата;
  2. Қиын сәттерде көмекке келген үш досыңды ата;
  3. Көңіліңдегі бірнеше адамды ата;
  4. Бірге уақыт өткізу қызық болатын 5 адамды ата;

Атадың ба? Жеңіл ме екен?

Сен танитын, қарым-қатынас жасайтын адамдар ешқандай да «атақтылар» емес. Ақшасы да көп емес. Әлемдік сыйлықтарға ие болмаған.

Бұл адамдар сені сыйлап, құрметтейтіндер, қандай заман болса да қасыңнан табылатындар.

Осы туралы бір сәтке ойланып көр.

Өмір шолақ.

***

Сиэтлде олимпиада өтті. 100 метрлік қашықтықта жүгіргелі тұрған адамдар мүгедек еді. Дауыс берілген сәтте жарыс басталды да кетті, бірақ көбі жүгірмеді. Олардың ойында жеңу болды. Сонда бір бала жүгіріп бара жатып құлады да, жылай бастады. Қалғандары оның жылаған даусын естіді де артына қарайласты. Жанына келген Даун синдромымен ауыратын бір қыз оны құшақтай алды да: «Енді жақсы болдың ба?» деді. Сосын қатысқан тоғызы да қатарласып, құшақтасып алды да мәреге бірдей жетті.

Көріп отырған жұрт орындарынан тұрып шапалақ ұрды. Қошемет көпке созылды.

Неге?

Себебі біз әрқайсымыз да жеңімпаз болудан да маңызды дүниелер бар екенін білеміз. Ең маңыздысы – өзгенің жеңуіне көмек көрсету. Біз осы әңгімемізбен сіздердің, өзіміздің жүрегімізді өзгертсек деп едік. Бақыт деген осы емес пе?

«Балауыз шырақ өзге шыраққа от берсе ештеме де жоғалтпайды»...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: freepik.com

А. Құлтай