Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / "Сенің мінің – менің мінім!"

"Сенің мінің – менің мінім!"

Мінсіз адам болмайды. Кей пендешілікке салынған сәттерде жақын адамдарымыздың бойынан өзіміз ойдан мін тауып алып, соны санамызда пісіре бастайтынымыз бар. Десек те, көптеген қыздарда кездесетін жағымсыз қасиеттер қандай?

Сонымен, қыздың қандай қасиеттері жігітке ұнамайды?

Күйсіздік

Өзінің күй-жайына қарамай, бет-әлпетін қадағаламайтын қыздар ең бірінші кезекте айтылады. Тек кейбір той-томалақта опа-далап жағып, ел көзіне түсетін сұлулық алдамшы екенін түсіну керек. Ал үйде, немесе жәй ғана кездесуде қыз бала мұның бәріне қолды бір сілтейді. «Қыз балаларға сұлу болмау үлкен кінә!»

Менмендік

Жігіттің қайбір қылығына да теріс жауап беріп, сөзден сөз қуып, қырсығып алатын қыздар ер адамның жүйкесін тез жұқартады. Егер ер адам мұндай қасиетті сезсе түзетуден бұрын, одан шалғай жүруге тырысатыны анық. «Еркек пен әйел тең» дейтін өздеріңіз.

Тұрпайылық

Бұл қасиет ер адамға жарасады. Немесе әлем еркектерінің үштен екі бөлігі осылай ойлайды. Ал егер әйел адам әдепсіз, тұрпайы болса абыройының құрдымға кеткені дей беріңіз. Анайы әңгімелерге бару, екі-үш жігітпен қатар кездесу және өзінің осы ісін жаңашылдық дейтін қыздар ер адамның көңіліне жақпайды. «Қыз деген ана» деген де сөз бар.

Зиян әдеттер

Қыз бала өзінің есейгенін, бойжеткенін дәлелдеу үшін ер адамға мүлдем ұнамайтын темекі шегу, спирттік ішімдіктер ішу, тіпті есірткі пайдалануы мүмкін. Егер дәл осы қасиеттерден «аман» болсаңыз сіз ер адам үшін жаралғансыз. Өзіңіз ойлап көріңізші, мұндай қыздар кімге ана, кімге жар бола алады?

Дүниеқорлық пен қанағатсыздық

Егер қандай да бір қыз бала ер адамның қалтасын он қайтара тексеріп, жеке шаруасын араласар болса мұндай жұп талай ұрыстарды басынан кешіреді. Тіпті ажырасуға дейін баруы мүмкін. Біріншіден, ақша туралы сөйлесу әдепке жатпайды, ал өз-өзін сылайтын жігіт әйел адамның материалдық та, рухани жағынан да демеушісі бола алады. Ал бұл туралы оған айтып, талап ету сорақылық.

Тым ашық киіну

Қыз балалардың бойындағы ер адамға ауыр соққы болып тиетін міні – тым ашық киініп, көрінген ер адаммен емен-жарқын сөйлесіп кету қасиеті. Бұл қасиет ер адамның кері реакциясын тудыруы неғайбыл.

Ұқыптылық пен ұйқы

Иә, ер адамның махаббатын осы кешігу деген ақылсыздау бір жолмен тексеретін әдет қыз балаларда бұрыннан бар. Стереотиптің дәл өзі! Ал егер бұл жағымсыз әдеттер жиі қайталанатын болса ер адамның оң назарында боламын деген ой тіптен болмай-ақ қойсын. Ұйқы мәселесі де дәл осындай. Ер адам қыз баланың туған күнінде және отасқан күнін тойлауда ғана ерте тұруы керек, ал басқа уақытта мұндай үрдіс қайталанып жатса, онда бұл мәселені тез арада шешу қажет. «Ерте тұрған еркектің ырыс артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық».

Уайым мен торығу

Егер қыз бала өзінің оқуына, жұмысына, құрбы-құрдастарына, жалпы өмірге көңілі толмайтынын қайта-қайта айта берсе оның жанында ең бір әзілқой, оптимист жігіттің өзі де тұрақтай алмайды. Маңызы аздау себеп үшін ер адам уайымдап, ыңырси бермейді.  

Дамымау

Естеріңізде болсын, ер адам әрқашан көрген-білгенін түйіп, білім жинап, артық түсінік жасауды үздіксіз атқарап береді. Егер қыз бала теледидардан жаңалық көрмесе, газет немесе интернет-сайттар ақтарып білім жинамаса ер адаммен бір деңгейде әңгімелесу, бір тақырыпқа ұзаққа көсіліп мәселе шешу қиындайды. Ал егер адамдар арасында ортақ тақырып болмаса бұл махаббат емес...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

697 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 шілде 2013, 10:50
Пікірлер
+0
29 шілде 2013, 12:21

астына қол қойдым!

+0
29 шілде 2013, 12:32

Ал, қол қоюды бастайық, мен де қойдым, тағы кім? :)

+0
29 шілде 2013, 13:29

:lol: қарсы қол қоюға бола ма? :P жақсы кеңестер, дұрыс сарапталған

+0
29 шілде 2013, 22:56

Келicпеске болмайды! Керек дерек!

+0
30 шілде 2013, 00:27

әр күн сайын өзімнен мін тауып дамып отырам,интернет,газет біреуіндегі жаңалықтарды жібермеймін,бұлардың көбісі бойымда ноууу :)

+0
30 шілде 2013, 22:24

есте ұстарлық деректер

+0
02 тамыз 2013, 01:01

мәссаған менің жігітім де осыларды сөйлескенде үнемі айтып отырады))) осыдан кейин барлык жигит бирдей демей кор!)

+0
09 тамыз 2013, 16:54

Жақсы кеңестер екен. Ер адамдарға қыздардың қандай қылығы ұнамайтындығын ер адамдардың өзінен есітген дұрыс сияқты. Тым жақсы кеңестер екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...