Ер адамдар дүкен аралауға қанша уақыт төзе алады?

Ер адамдар дүкен аралауға қанша уақыт төзе алады?

Ер адамдар дүкен аралауға қанша уақыт төзе алады? Британдық әлеуметтанушылар осыны анықтау мақсатымен ер адамдар арасында сауалнама арқылы сараптамалық зерттеу жүргізді.

Нәтижесінде дүкен аралап жүргенде ер адамдардың көбі тек 26 минут қана шыдай алатындығы белгілі болды. Ал кейбір бөріктілер үшін дүкен аралап зат сатып алу нағыз қорлық көрінеді. Олар дүкен аралау дегеннен бастап басқа жұмыстырымен әуре болып жүрген кейіпке еніп алатын көрінеді. Тіпті кейбірі дүкен аралауға бармау үшін ауыр істерге де мойынсынады екен.

Сауалнамада сұралғандардың сексен пайызы үшін киім сатып алу іш пыстыратын іс. Ал сауалнамаға қатысқан ерікті еркектердің қырық бес пайызы мүлде дүкенге аттап басқысы келмейді. Әрбір төртінші ер азамат дүкеннен үйге оралғанша қалжырап қалады екен.

Бірақ мұны дүкенге бармаудың сылтауы деп түсінуге болмайды. Сауалнамаға жауап берген ер адамдардың шамамен жартысы дерлігі серігімен көңілсіздіктің кесірінен сөзге келіп қалады. Ал елу сегіз пайызды құраған ер адамдар егер одан келген соң жақсы марапаты болса, серігімен бірге дүкен аралаудан қашпайтынын айтқан.  

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: formenwear.com.ua

А. Әбілхан