Өз құныңды түсірме!

Өз құныңды түсірме!

«Құныңды түсірме», «Құны көк тиын» деген сөздер жиі айтылып жатады. Адамның құны деген не сөз? Ол – жасаған жақсылықтарыңның еленуі мен жеке рухани-адамгершілік тәрбиеңнің көрінісі.

  1. Өзіңді-өзің жөнге келтіре беруді қой. Негативті ойлар өзіңе зиян келтіруі мүмкін. Егер қайта-қайта тұсау салып, қиындыққа әдейілеп жол табатын болсаң, өзіңнің ғана емес, өзгелердің де көзінде бағаңды түсіресің.
  2. Өзіңді өзгелермен салыстыру әдеті пайдасыз. Сенен бақуатты, жас, күшті, ақылды, тіпті бақыттырақ адам қай кезде болмасын, табыла береді. Әрқашан өзіңді жақсы көретініңді жасырма. Бұл тұжырым бірге болсын.
  3. Барлық мақтау мен құттықтауларға міндетті түрде жауап бер. Егер «оқасы жоқты» көп айтатын болсаң, мұндай әрекетке лайық емес екеніңді бірінші кезекте өзгеге емес, өзіңе дәлелдей түсесің. Ал ол саған керек пе? Әрқашан «Рақмет!» деуге тырыс. Мақтау айтқан адамның да жақсы қасиетін атап өтуге арланба.
  4. Әрқашан да сені қолдайтын, өзіне сенімді әрі көңілді адамдармен қарым-қатынас жаса. Егер қасыңда көңіл-күйі жоқ, әр идеяны кері қайтара беретін, сенімсіздік танытатын адамдар болса, өзіңнің құныңды түсіріп аласың.
  5. Жетістіктеріңнің тізімін ойлап, жинақта. Мұнда тіпті үлкен қайырлы іс болса да, гүлге су құйғандай кішігірім жақсы іс болса да, қосыла берсін. Көңілсіз болған күнде осы тізімді ойлау керек.
  6. Жақсы қасиеттеріңді жинақта. Қайырымдысың ба? Шығармашылық идеялар көп пе? Ең болмағанда 10 қасиетіңді жаз. Егер қасиеттеріңнің саны көптеу болса бұл – жақсылықтың белгісі.
  7. Өзгеге белгілі бір затты беруді үйрен. Ақшалай емес, көбіне іспен көмек қолын созғаның екіжақты пайдасы бар. Егер әлдебіреу сіздің алдыңызда тәрбиесіздік танытса, оны кешіре біл. Шектен тыс шығып кетсе және сол ісіне кешірім сұрамаса, оны кешірдім деуге де асықпау керек. Мүмкін ол сенің өміріңде болуға тиісті адам емес те шығар?

Міне, өзіңнің құныңды білгің келсе, бағаңды өсіргің келсе, жоғарыда аталған кеңестерді жадыңда ұста!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wictoria.ru

А. Құлтай