Жеңіс пен жеңілісті белгілеген бес сағат

Жеңіс пен жеңілісті белгілеген бес сағат

АҚШ-та Женниф есімді айтулы адвокат небәрі бес сағатта бір шиеленіскен дауды сотта жеңіп алудай керемет нәтиже жаратып, тұтас АҚШ-тың заң саласында жырға айналады.

Істің жайы былай еді: Кан дейтін қыз баланы көшеде жүк көлігі соғып кетіп, сал болып жатып қалады. Оны соғып кеткен АҚШ-тағы әйгілі көлік жасау компаниясы өндірген көлік еді. Шырғалаң аяқ астынан туылғандықтан, зақымдалушы ештеңені есіне түсіре алмайды. Ол оқиға тудырушы жақ ұсыныс еткен адвокат Магри әккілікпен түрлі сылтауларды көлденең тартып, өз көздерімен көрген айғақтардың бар дәлелін аударып тастайды. Сөйтіп, зақымдалушы сотта жеңіліс табады.

Сонымен жеңіліс тапқан соң, бұл дауда жәбірленуші Женниф есімді адвокат бойжеткенге жүгінеді. Женниф бұл істі қабылдап алған соң, өрлі-қырлы шапқылап жүріп, егжей-тегжейлі тексеру арқылы адамды қайран қалдыратын мынадай қорытынды шығарады:

Аталған көлік өндіретін компанияның өндірген жүк көліктерінің он бес жылдан бергі тудырған шырғалаңдарының туылу себебі негізінен бірдей. Осы түрдегі жүк көліктерінің тежегіш жүйесінде ауыр мәселе бар болып, көлік шұғыл тормоздалғанда, арт жағы шыр көбелек айналып кетіп, соққан адамын үйіріп астына түсіріп кетеді екен.

Женниф дереу айыпкердің ақтаушы адвокаты Магриды іздеп барып «Жүк көлігінің тежегіш жүйесінде мәселе бар екен, сын шындықты жасырып отырсың, көлік компаниясы Канға екі миллион доллар төлем берсін. Өйтпесе біз арызданамыз» дейді. Алаяқ Магри «Жарайды, бірақ, мен ертең Лондонға ұшқалы отырмын. Бір жетіден кейін қайтып келемін. Бұл жайында сол кезде сөйлесейік» дейді. Женниф оған сеніп қалады.

Бірнеше апта өте шығады. Магри қайтып келмейді. Женниф оған даудың арыздану шегі толатын күні өзінің алданғанын біледі. Әбден ашуланған Женниф оған телефон шалып, уәдеңде неге тұрмайсың деп жазғырады. Магри масаттанған қалпы «Әттең, Женниф бикеш, арызданудың күшке ие уақыты бүгін бітеді. Сені осыншама ақымақ болсын деген кім екен?» дейді.

Женниф күдер үзгісі келмейді. Дереу көмекшісінен барлық құжаттарды дайындауға қаншалықты уақыт кететінін сұрайды. «Үш-төрт сағат кетеді. Қазір түстен кейінгі сағат бір. Біз ең тез қарқынмен құжат дайындаған күнде де, алдымен адвокаттар басқармасына апаруымыз керек. Олар тыңнан құжат шығарып береді. Сосын барып тапсыруымыз керек. Бұл уақыт күтіп тұрмайды ғой» дейді.

Женниф өзінің ақымақ болғанынан өкініп, шиыршық атады. Тосыннан оның ойына әлде не кілт ете түскен «Бұл көлік компаниясының барлық жерде бөлімше компаниялары бар емес пе?! Біз неге арызданатын орынды батысқа қарай аудармаймыз? Тынық мұхиттағы Гавай өлшемді уақыт районына тән. Нью-Йорк орналасқан шығыс өлшемді уақыт районымен тұп-тура бес сағаттық парық бар». Дұрыс! Гавайдан арыздану керек.

Ең соңғы бес сағат бойына Женниф бұлтартпас дәлел, шешен тілімен кеңес сот мүшелерін бас шұлғытады. Ең соңында сот алқасы бір ауыздан «Канның арызы орынды! Көлік компаниясы зияндалушыға алты миллион доллар төлем берсін» деп кесім жасайды.

Бес сағат адам өмірі жөнінен алғанда қас-қағым ғана уақыт. Дегенмен, ұшқыр ойлы, алған бетінен қайтпайтын адамдар жөнінен алғанда, жұртты таңғалдыратын ғажайып жаратуға жетерлік уақыт!

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек