Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Тәрбие

Тәрбие

Тақуа бір күні кешкісін аулада серуендеп жүріп, қорған бұрышына таяғанда, әдетте теп-тегіс болып жататын жерде бір тастың жатқандығын байқайды. Ол заңға бағына бермейтін бір шәкіртінің қорған дауалынан асып, сыртқа көңіл көтергелі кеткенін сезеді. Бұл бұдхана жөнінен өте салмақты іс саналатын еді. Ереже бойынша, шәкірті бір жыл қамалуы, бұдханадан қудалануы немесе жүз дүре соғылуы керек болатын. Қатты ашуланған тақуа басқаларды шақырмақ болады да, сәлден соң өзін тежеп, бұл ойынан қайтады. Ол шәкіртін қатаң жазалайтын әрі бұдан былай оның бұдхана ережесіне қиғаштық жасамайтын тіпті де өнімді амал табуды ойлайды.

Тақуа сол орнынан тапжылмайды. Жаңағы тасқа отырып, шәкіртінің қайтып келуін күтеді. Түн ортасы болғанда, шәкірті де оралады. Қараңғыда сипалап жүріп, қорған дауалынан асып түсіп келе жатқан шәкіртінің аяғы тақуаның иығына тиеді. Ал тақуа зәре-құты қашқан шәкіртінің аяғынан ұстап, жерге еппен түсіреді де «тым жай болып кетті, ұйықтап, деміңді ал» дейді.

Қалтырап-дірілдеген шәкірт бала, аяғы-аяғына тимей зыта жөнеледі. Ал ұстазы бұл жөнінде ешкімге де тіс жармайды. Ертесі шәкірт тақуаны көргенде, ұяттан өртене жаздайды. Ал тақуа ештеңе болмағандай тіс жармайды да сыр алдырмайды.

Бұл бір киноның басталар алдындағы сюжеті ғана. Киноның соңы қалай болғанын білгіңіз келе ме, тақуаның ұшқалақ шәкірті сол түннен кейін бұдханадағы ең қажырлы, ізденгіш адамға айналады. Тақуа өлгеннен кейін сол шәкірт оның ізін басып, бұдхана ұстазына айналады.

Адамға әсер қалдырғаны бұл тарихи фильмнің ұзын-сонар желісі емес. Маңыздысы, ойынпаз, ұшқалақ шәкірттің бұдханаға қайта оралған кезде аяғын басып түскен ұстазының иығы еді. Бұл жай ғана иық емес, болашақ ұстаздың өмір жолындағы маңызды баспалдағы болып қалды.

Кейде адам тәрбиелеуде осындай болымсыз әрі маңызды кезеңдерді ұмытып кете береміз. Біреудің кемшілігін бетіне басып, жазалағанда ұтпақ түгілі, көп нәрседен ұтылатынымызды білмейміз. Бірде жаңадан танысқан досыма, әңгімелесе отырып, темекі ұсынып ем, ол қолымды кері қайтарды да маған мынадай әңгіме айтып берді.

Бала күнім, үлкендердің темекі түтінін будақтатып тұратын, ойлы пішініне қызығып жүрген кезім еді. Әкемнің темекі қорабынан бір тал темекіні алдым да үй сыртын айнала бере тұтатып тұра қалдым. Ерніме апарып, будақтаған түтінді енді жұта бергенім сол еді, қақалып-шашалып өліп қала жаздадым. Өз-өзіммен әлек боп жүріп, үйден жүгіре шыққан анамды байқамай да қалыппын. Үйден су алып шығып, ішкізіп, арқамнан қағып бәйек болып жүр байғұс анам. Аздан соң жаңағы қылығыма ұялып, үйден безіп, нағашымның үйіне барып, жатып алдым. Бір апта бойы үйге келген жоқпын. Бұрыннан мінезі ауыр, қатулы шешем қашан келіп ұрысып, екі аяғымды бір етікке тығар екен деген ойдан арыла алмадым. Бір күні әкем келіп, ертіп кетті. Бір қызығы мен әлдебір қатаңдықты күткен шешем ештеңе де айтқан жоқ. Сол күннен бастап, темекі атаулыға деген қызығушылығым мүлде жоғалды. Тіпті, әкем темекі тартып отырса да, шешемнен ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздайтынмын. Әлі күнге дейін темекі тартып тұрған адамды көрсем «шешесі ұрысқан шығар. Соған бола тіпті де ерегесіп осы күйге түскен шығар немесе дұрыс тәрбие берер анасы жоқ шығар» деп ойлаймын. Кейін білдім, бұл істі мүлде әкеме айтпаған екен. Марқұм анам өмірден қайтқанда әкемнен сұрап ем, өткен қателігімді мүлде естімегенін айтып, басымнан сипап қойды. Енді ойласам, шешемнің сол үнсіздігі мен үшін үлкен тәрбие екен. Мені дәл солай ұялтпаса не болар едім? Сол кезде ол маған темекіге жолама деп бетіме баспады және бұдан кейін жоламайтыныма мүлде сенді.

Шынын айтқанда, ұстаздың болсын, ананың болсын шәкіртке не балаға деген сондай бір көзқарасының өзі ең үлкен тәрбие.

Автор: Алшын Матай

Сурет: goodfon.ru

3164 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 20 мамыр 2014, 15:21
Пікірлер
+0
20 мамыр 2014, 19:26

Макаренко қаталдықпен ешқашан баланы тәрбиелей алмайсың деп дұрыс айтқан ғой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...